Реферат: Құқық | Іс қағаздарының қоғамда алатын орны

Елімізде Тіл туралы заң қабылданып 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4116 Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік тіл – қазақ тілін ресми қолдану іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп жүзеге асырылуда.
Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру , оның қолдану аясын кеңейту қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.
Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздарының немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен , мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарымен байланысты.
Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажеті мәселелер мен мақсат – мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар.
Іс қағаздарының алдына қойған міндеті – қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселесінің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау.
Әдеби тілдің дамуы қоғамдық құрлыстың, оның экономикалық жүйесі мен негізгі саяси ұстанымдарының өзгеруімен, қоғамның ана тіліне деген көзқарасымен тығыз байланысты ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Үндістан

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы – Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бенгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15000 км-дей, теңіздік жағалауы 5500 км-ден асады. Үндістанның солтүстік-батысында Пакистанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3282,59 мың км2. Халқы 606 млн-нан астам (1975). Астанасы – Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976). Штаттар дистрикттерге (окруктарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Танымалдылық №13 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: Танымалдылық №13
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
тірек сөздерге сүйеніп, мұғалімнің қолдауымен мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
тірек сөздер, суреттерді қолданып, мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Мұрагерлік құқық ұғымы және оның маңызы

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік Азаматтық Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.
Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды түлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты

Осы заң Қазақстан Ресубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:арнаулы жүріп – тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп – тұруына арналған техникалық көмек түрі. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай – ақ қарттарға медициналық - әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшілерінде және әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтарында берілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін және оларды ұсынудың тәртібін белгілейтін ережелер. Кәсіптік бағдарлау – мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі;қайта жасау хирургиясы – организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдісі. Медициналық - әлеуметтік сараптама – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік – тынысын бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шарларына деген қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен анықтау. Медициналық оңалту – аурулар мен мүгедектер организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларын және денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған емдік ықпал ету шараларының кешені. Мүгедек – тіршілік – тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан , олардың салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып , денсаулығы бұзылған адамң. Мүгедек бала –тіршілік – тынысының шектелүіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан , жарақаттардан , олардын салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, он сегіз жасқа толмаған адам; мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүгедектердің тіршілік – тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға , олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге , әлеуметтік- тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені. Мүгедектеді әлеуметтік корғау – мүгедектеге әлеуметтік көмек көрсету , оңалту , сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндітері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
Мүгедектерді кәсіптік оңалту – мүгедектердің бұзылған не жоғалтқан кәсіптік дағдыларын, білімі мен машықтарын алуын немесе қалпына келтіруіне және оларды бейімдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешені; Мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасы – мүгедектерді медициналық, әлеуметтік , кәсіптік оңалту жөніндегі іс – шаралардың кепілдік берілген тізбесі; мүгедектердің әлеуметтік – тұрмыстық және ортаға бейімделуі – мүгедектердің өзін - өзі қарап – күту, өз бетімен өміп сүру мүмкіндігіне қол жеткізу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралу процесі; мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектелу дәрежесі; мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат; міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялықмұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелері белгіленсе, онда ол халықаралық шарттың ережелері қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнын шығару талап етілетін жағдайлар қосылмайды. Осы заңнын күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ мемлекеттік органдар мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Жасөспірімдер өз ауылындағы жағдайдың қала тұрмысымен бірдей болғандығын қалайды!

Мен, қарапайым, кішкентай ауылдың тұрғынымын! Өз ауылымның көркейіп, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің жақсы болғанын қалаймын. Ауылдан жыраққа шыққан жағдайда, яғни қала орталығына бара қалсаң, өзіңе қажетті нәрселердің бәріне қол жеткізесің. Ал, мен ән айтып, би билегенді, қоғамдық ортада пікір тастап, ғылыми жұмыспен айналысқанды қатты ұнатамын. Бірақ, біздің мектепте ән сабағы болғанымен, нағыз маманның болмағандығы қынжылтады, сонымен қатар би үйрететін биші де жоқ.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Жүсіпбек Елебеков

Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары (“Ардақ”, “Айтбай”, “Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал бейнесін (М. Әуезов “Еңлік-Кебек” ) , музыкалық театр сахнасында Әлібек (М. Әуезов пен И. В.Коцыканың “Айман-Шолпаны”), Төлеген (Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков өнері көңіл - күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Қазақ сөзінің шығу тегі тарихы

Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.
''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.
Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша ''қазақ'' сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді. “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, - деп жазылған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қазақстанда күн энергиясының болашағы

Егер жер бетіндегі барлық құрлықтың тек оннан бір бөлігін ғана алып, оған күннен түсетін-жылу энергиясын тек 10% пайдалы әсер коэффицентпен, яғни оның оннан бір бөлігін ғана пайдаланса, онда 4,18 • 1021 Дж энергия алынған болар еді. Ол қазіргі уақытта жер шарында пайдаланып отырған барлық энергиядан 100 еседей көп.
Осыған байланысты күн энергиясын пайдалану мәселелерімен шұғылданатын ғылымның жаңа саласы — гелиоэнергетика (күн энергетикасы) пайда болды. Күннің жылу энергиясын адам игілігіне жарату бүгінгі күннің кезек күттірмес маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Күн аса таза-әрі тегін энергия көзі болып табылады.
Күнді энергия көзі ретінде пайдалануды адамзат ежелден армандап келеді. Әйгілі грек ғалымы Архимед екінші Пуничек соғысында Сиракузах қаласында үлкен айнаның көмегімен Рим кемелерін жандырып жіберген деген аңыз бар. Ал Циолковскийдің өзі ғарыш сапарында жермен байланыс жасау үшін айнаны пайдалануды ұсынған. 1923 жылы Москвада өткен алғашқы ауыл шаруашылық көрмесінде Циолковскийдің жобасы негізінде жасалған күн қозғалтқышы көрсетілді. Мұндай мысалдарды тарихтан көптеп келтіруге болады.
Дегенмен қол жеткен жетістіктер мен табыстарға қарамастан, күн энергиясын күнделікті тіршілікке, тұрмысқа тікелей пайдалану мәселесі әлі де тиянақты шешімін тапқан жоқ. Оның көптеген объективті және субъективті себептері бар. Мәселен, күн сәулесі жер бетіне шашыраңқы түрде түседі. Әрбір шаршы метр жер бетінен тек жүз елу вольт шамасында энергия жинауға болады.
Қазір күн энергиясын пайдаланудың негізгі 4 бағыты белгіленіп отыр. Олар — жылу-техникалык, фото-электрлік, биологиялық және химиялық бағыттар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Рим мемлекетінің құрылуы

Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптаскан. Римнің негізін қалаған әттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды әкелік ру табылган. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған.
Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және діни бірлік болып табылатын курияны құраган. Курияның басында қурион тұрған. Он қурия трибуды тайпаны кұраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар - бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеқе бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат коғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған, мұндай мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да әсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган - бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер және фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понти¬фиктер әдет-ғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған). ....
Рефераттар
Толық
0 0