Реферат: Экономика | ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы

“Теңізшевройл” ЖШС-ны құру туралы Қазақстан Республикасы мен “Шеврон” компаниясы арасындағы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойылды. Содан үш күннен кейін-ақ, 6 сәуірде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығып, онда келісім және ТШО қызметіне байланысты шарттар мақұлданды. ТШО-ға көмірсутегін барлау мен өндіруге лицензия 40 жыл мерзімге берілген. Республикамыз¬дың тарихында бұдан “ұзын” келісім-шарт жоқ шығар деп ойлаймын. Бұл тұрғыда қарама-қайшы пікірлер бар, бірақ та бір жәйтке ешкім де дауласа алмасы анық: бүгінгі күнге бұл инвесторларға инвестиция¬ларды жоспарлауда белгілі бір еркіндік, ал Қазақстанға тұрақты бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ететін еліміздегі ең тұрлаулы келісім-шарт.
ТШО қызметінің негізгі түрлері Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және сату болып табылады. Қаты¬сушы әріптестер бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық “Шеврон” (50%) және “ЭксонМобил” (25%), “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (20%) және “ЛукАрко” компаниясы (5%). Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін ең ірі компания болып табылады, оның үлесіне елімізде өндірілетін мұнайдың 20%-дан астамы келеді. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде барлығы 125 млн. тоннадан астам мұнай өндірілген.
– Парламент депутаттары “Теңізшевройл” ЖШС қызметінен келетін бюджеттік түсім¬дердің көлемі туралы мәселені қайта-қайта көтеріп жатады. Осыған байланысты біз өткен жылдың қаржылық көрсеткіштері туралы нақты да дәл ақпарат алғымыз келер еді.
– 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі күрделі салымдар көлемі 10 млрд. АҚШ долларынан астам болды. Бұл айтарлықтай ірі сома және Теңізді сол кезде көрген және бүгін оның қандай болғанын білетін кез келген адам салымдардың тиімділігіне көз жеткізе алады. Бұрынғы кеңестік бұрғылау орындарында Теңіздің ауыр мұнайын өндіру және өңдеу жөніндегі жоғары технологиялық орталық пайда болды. ТШО қызметінің басынан бері салықтар мен роялти түрінде мемлекеттік бюджетке 9 млрд. доллардан астам қаржы, соның ішінде корпоративтік табыс салығына 3,8 млрд. доллар және роялтиге – 4 млрд. доллар төленген. Тек 2006 жылы ғана ТШО бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түрінде 2,5 млрд. доллардан астам қаражат төлеген.
– БК-ның қазірдің өзінде іске асырылған жобалары туралы не айтуға болады? Олардың тиімділігі қандай?
– Өндірістік технологиялық желілер құ¬ры¬лысына, зауыт құрал-жабдықтарын және тиісінше инфрақұрылымды жаңғырта жаңар¬туға әріптестер күрделі салым түрінде іске асырған инвестициялар өндіру көлемін 1993 жылғы 1,5 млн. тоннадан 2004-2006 жылдар¬ғы 13,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкін¬дік берді. Бұл еуропалық сападағы сұйытыл¬ған газ өндірісін жолға қоюға, атмосфераға шығатын қалдықтарды және газды факелде жағуды әлдеқайда азайтуға, қалдықтарды кәдеге жаратуды жақсартуға жағдай туғызды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ортағасырлық Еуропа мәдениетінің көркемдік стилі Романдық стиль

Ортағасырлық Еуропа мәдениеті сол замандағы басқа мәдениеттерден артық болмаса кем болған жоқ. Оған дәлел сол кездегі салынған ғимараттар , ескерткіштер, соборлар жалпы айтқанда сәулет өнерінің қайталанбас, тарихқа бай жетістіктері, азғантай уақыт ішінде Еуропаның әр түрлі қиыншылықта тез ес жинап, ақылға сыймас, көзге тоймас құнды мәдени ошақтың ордасы болып шыға келуі сөз жоқ тек арманмен салыстыруға болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалысты қалай өткіздім? №4 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Демалысты қалай өткіздім? №4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен берілген тақырыпқа тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
берілген тақырыпқа тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
берілген тақырыпқа тірек сөздерді қолданып мәтінді түрлі формада құрастырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Өлім белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер

Өлу заңдылықтарын,оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды.
Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасу күйі, жанталас (агония) және клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің әрбір сатысының ұзақтық мерзімі әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организм мәйіт деп атауға болады.
Өлім себептеріне қарай табиғи (физиологиялық,) зорлық-зомбылық нәтижесінде және ауруға байланысты түрлерін ажыратады.
Табиғи өлім адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып, тоқтауымен, тозуымен байланысты. Адам өмірінің ұзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бұл жасқа осы күндері жекелеген адамдар ғана жетіп отыр.
Зорлық-зомбылық нәтижесіндегі өлімді сот медицинасы зерттейді. Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін негізінен патолог анатомдар тексереді. Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясынан тромб эмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Саулық – байлық негізі

Адам өміріндегі ешбір байлықтың құнына тең келмейтін асыл қазына – денсаулық. Деннің саулығы, жанның тазалығы ұзақ өмірмен жарқын күндердің себепшісі болып табылады. Шыны керек денсаулықтың қаншалықты өз организмімізге қажет екенін біздің ата – бабаларымыз ежелден-ақ түсінген және қадіріне жете білген. Сол себепті «Басты байлық- денсаулық» деп, бекер айтып кетпеген болар. Бұл тұрғыда біз ең бірінші дені сау адам қандай болу керек, жалпы қазіргі ....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Органикалық заттар медицинада

Жалпы органикалық заттардың медицинада қолданылуы деген яғни адам ағзасында органикалық заттардың кездесуі. Олар қажет мөлшерде болмауы адам ауруына алып баруы ғажап емес. Сондықтан да олар туралы айтып өту керек. Адам ағзасы органикалық заттардан құралған таңғажайып құрылыс.
Тірі организмдердщ химиялық құрамының ерекшеліп осыған дейін қарастырылды. Тірі организмді құрайтын заттар құрамында химиялық элементтердің қандай мөлшерде болатындығына байла-нысты атомдардың бірнеше топтарын бөлу қабылданған. Бірінші топты (шамамен клетка массасының 98 %-ы) төрт элемент құрай-ды: сутегі, оттегі, көміртегі және азот. Оларды макроэлементтер деп атайды. Олар барлық органикалық қосылыстардың негізгі компо-ненттері болып табылады. Екінші топқа екі элемент кіреді — күкірт және фосфор. Олар биологиялық полимерлер (грек тілінен — роіуз — көп, тегоз — бөлік) молекулаларының — белоктар мен нуклеин қышқылдарының қажетті қүрамдас бөлігі болып табылады. Атал-ған екі топ элементтерін биоэмменттер деп атайды.
Орта есеппен тірі организм клеткасы массасының 20—30%-ын органикалық заттар күрайды. Оларға биологиялық полимерлер — белоктар, нуклеин қышқылдары және көмірсулар, сондай-ақ майлар мен бірқатар кіші молекулалар — гормондар, пигмент-тер, АТФ және т.б. жатады. Әр түрлі клеткалар қүрамындағы органикалық заттардың мөлшері бірдей емес. Өсімдік клеткаларында күрделі көмірсулар — полисахаридтер, ал жануар клеткаларында бе-локтар мен майлар басым болады. Дегенмен, органикалық заттардың әр тобы клетканың кез-келген түрінде үқсас функцияларды атқара-ды ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТҰҚЫМ МЕН ЖЕМІСТІҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ

Барлық өсімдіктердің піскен жемістері сол ескен жеріне ғана түспей, жел, су, әр түрлі жан-жануарлар, адам арқылы өскен жерінен өте алысқа таралады.
Желмен таралатын жемістер мен тұқымдар. Жеміс пен тұқымды жер жүзіне тарататын факторлардың бірі — жел. Жемістері жел арқылы таралатын түрлерді ане -мохорлық өсімдіктер, ал таралу жолдарын анемохория дейді. Бұлардың тұқымы мен жемістерінің екі түрлі ерекшеліктері бар: а) бірсыпыра өсімдіктің тұқымы өте жеңіл, ұсақ және құрғақ болады; мысалы, сұңғыла мен кейбір орхидеялар әр-бір тұқымының салмағы миллиграмның мыңнан бір беліміндей ғана болады. Ондай тұқымдардың салмағы ауада ұшып жүрген шаң-тозаңдікінен артық емес, бұлар ауаның аздаған .толқынымен де жүздеген километрге ұшып бара алады: ә) бірсыпыра өсімдіктердің азды-көпті салмақты келетін тұқымдары мен жемістерінде желмен ұшып қалқып жүруге бейімделген қосалқылары болады: бірінде— көбелектікі сияқтанған шілтер қанат, екіншісінде—бақ-бақтікі, мақтанікі сияқты көптеген ұзынды-қысқалы түктер т. б. болады.
Сумен таралатын жемістер мен тұқымдар. Тұқымы мен жемісі су арқылы таралатын өсімдік түрлерін гидрохорлық өсімдіктер дейді де, ал олардың сумен тара¬лу жолын гидрорхория дейді. Сумен таралатын жемістер-дің денесінде түрліше өскіншелері болады, оның іші балық торсылдағынікі сияқты ауаға толы болады. Сонымен қатар, сумен таралатын кейбір өсімдік тұқымдары мен жемістерінің сыртында су жұқпайтын түктері немесе ішіне су кіргізбейтін тоз қабаты болады. Сондықтан ондай жемістер мен тұқымдар суда қанша жүзсе де батпайды және шірімейді, шығымдылығын да сақтап, көпке шыдайды. Бұл жолмен теңіздің, дарияның жағалауларында, сазбалшықты жерлерде және суда өсетін өсімдік жемістері мен тұқымдары таралады.
Жан-жануарлар арқылы таралатын жемістер мен тұқымдар. Жануарлар арқылы таралатын түрлерді зоохорлық өсімдіктер десе, ал олардың таралу жолдарын зоохория деп атайды. Систематикалық түрлеріне қарай, жан-жануарлармен жер бетіне таралатын өсімдіктердің де тұқымы мен жемістерінің өзінше икемделіп біткен ескіншелері болады. Мысалы, кейбір өсімдіктер жемісі мен тұқымының сыртында әр қилы келетін түктері, қылшықтары, ілмектері, қармақшалары болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ЭКОЛОГИЯ және ТАБИҒАТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Алғашқы экологиялық зерттеулерінің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құрылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.
"ЭКОЛОГИЯ" терминін ғылымға 1866 ж.. неміс ғалымы Э.Геккель енгізді.Геккель ұлы ғылымды былай тұжырымдайды: "Экология деп біз табиғат экономикасына қатысты барлық бөлімдерді- жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қатыстық жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығының зерттеулерін түсінеміз.
Қазіргі кезде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі және қолданбалы комплексіне айналып отыр.Осы жайлы ғалымдардың ойлары:
Н.Ф.Реймерс (1992 ж) "Үлкен экология" еңбегінде "Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологиялық шеңберінен шықты. Ол қоғамдығы мен ішкі мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналды."-деп жазған.
Ю.Одум: "Экология-табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы."-деп айтқан.
Н.А.Воронков: "Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың,соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе олардың толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып зерттеулер мен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет.
Стратегиялық тұрғыдан алған экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым."
Ф.Дре: "Экология- болашақтың ғылымы, себебі адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі прогресімен анықталуы мүмкін."
А.К.Бродский: "Тек биологиялық жүйелер экологияда ғана классикалық экологияның міндеттері мен функциясы сақталды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі

Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.
Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ақ Орда Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан

14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы - қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар – кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді.

Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтапан жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, т.б. Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жж. Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0