Реферат: Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

"Отан от басынан басталады".
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің".
"Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық".
/Халық даналығы/.
"Отбасы-шағын мемлекет:
Мен-Президент, сен — Премьер"
/Қ.Аманжолов/.
Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас - 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
2. Бөбек - 1-3 жас
3. Сәби - 3-7 жас.
4. Жеткіншек - 8-11 жас
5. Бозбала - 12-15 жас.
6. Үлкендер - 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері болады, ол үшке бөлінеді:
1. Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы.
2. Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.
3. Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік қатынастар отбасынан басталады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Майдан даласында ерлікпен шайқасқандар

Соғыс...Осы сөзді естігенде бойыңды бір қорқыныш билейді.1941-1945 жылдар...Тарихқа енген киелі сандар.Ұлы Отан соғысы... Бұл сөз тіркесін естігенде,көз алдына қанды майдан,ағаларымыздың жер үшін,келешек үшін соғысып жатқаны елестейді.Бұл – біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді. Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Жауымыз неміс, Күресеміз біз, Ел үшін,жер үшін Ақпақшы қанымыз
Ұлы Отан соғысы жалпы алғанда кеңес-герман соғысы,яғни Германия мен оның одақтастарына қарсы Кеңес Одағының соғысы. 1941 ж. 22 маусымда Германия мен оның одақтастары кеңес-герман келісімшартын бұзып, Кеңес Одағына соғыс ашты. Германияның негізгі мақсаты КСРО-ны жою еді.Сөйтіп олар КСРО-ны жою үшін соғыс ашады. Деректербойынша, біздіңреспубликамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған Соғыстың 1-кезеңі (1941 ж. 22 маусым — 1942 ж. 18 қараша) өте ауыр болды. Қызыл Армия өте қолайсыз жағдайда қалды, техника мен қаружарақтан көп шығын болды. 170 дивизияның 28-і толық талқандалып, ал 70 дивизия өзінің адамдары мен әскери техникасының тең жартысынан айрылды. 200-дей жанармай, оқ-дәрі және қару қоймалары немістер басып алған жерлерде қалды. Ұлы Отан соғысы осындай үш кезеңнен тұрды.Фашистер өз қарсыластарын аямады.Біздің майдангерлеріміз төрт жылдан,үш кезеңнен тұрған қанды соғысқа шыдауға мәжбүр болды. Қандай күш бұл дүниеде одан артты?! Деп айтқандай Қасым Аманжолов ағамыз БІЗ ЖЕҢЕМІЗ!!!-деп өз-өзімізді жұбатып,соғысқа шығатынбыз. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған саңмыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Интернет Түсінігі

Интернет – кез келген компьтерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялық жабдық пен серверлері бар).
Топология – компьютерлерді желіге біріктіру тәртібі. Internet желісінде «шиналық» және «жұлдызша» топологиялары қолданылады.
Әрбір торапта көбіне UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер – сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Тораптың оның иесі – провайдер деп аталатын (ағылшынның «provide» - қамтамасыз ету деген сөзінен) ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Акросомалық реакция

Акросомалық реакция — ұрықтану кезеңінде сперматозоид басының жұмыртқа жасушасына жанасуы кезінде акросома қабықшасының еріп, акросомалық жіпшелердің жұмыртқа жасушасы қабықшаларына ену реакциясы. Электронды микроскопиялық зерттеуге дейін, "акросома ұрықтану процесі кезінде жұмыртқа жасушасы кабыкшаларын қандауыр тәрізді тесіп өтеді" деген жаңсақ ұғым болған. Шын мәнінде, жұмыртқа жасушасындағы ұрықтану төмпегінің пайда болуы осы акросомалық реакцияға байланысты .....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын

Тәуелсіз Қазақстан ! Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан осы бір ұлан-байтақ кең дала – менің Отаным. Байтақ дала төсінде талай-талай дүбірлі жорықтар, елі үшін «егеулі найза қолға алдырған» соғыстар, елінің бірлігі мен бүтіндігін ойлаған жыраулар, халқы үшін қасқайып қиындыққа қарсы тұрған небір ұлы тұлғалар өтті. Тәуелсіздік үшін күресте олар патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетті. Тарих қойнауына көз жіберсек, кешегі өткен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Шапырашты Наурызбай сынды ерлеріміз қиын-қыстау кезеңде көзсіз ерлік көрсетіп, елін, жерін жау қолына бермеген.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Ботаника | Ақуыз органикалық дүниенің материалдық негізі

Ақуыз молекуласының ашылу тарихы. Я. Беккори 1736 жылы тұңғыш рет бидай ұнынан желімтіктелген ақуыз алды. Бірақ ақуыздың құрамы тек жүз жылдан кейін ғана басқа ғалымдардың тәжірибелері негізінде анықталды. Оны анықтау үшін жасалған алғашқы қадам ақуызды ыдырату болды. Егер ақуызды күшті қышқылмен (тұз қышқылымен) араластыра отырып қыздырса, ол өте кішкене бөлшектерге ыдырайды. Бұл бөлшектерді мұқият зерттегенде олардың құрамында карбоксил (СООН) тобының қышқылдық және амин (МНг) тобының негіздік қасиет көрсететіндігі дәлелдеңді. Кейіннен осы топтарды аминқышқылдары деп атады. Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының саны - 20, олар молекуласының құрылымы жөнінен әр текті болып келеді.
Мәселен, 1806 жылы Р. Воклен мен К. Робике ақуыздын ыдырауынан пайда болған аминқышқылын аспарагус өсімдігінің сөлінен бөліп алып, оған аспарагин деген ат берді.
1820 жылы француз ғалымы А. Браконно ақуызды ыдырату арқылы аминқышқылы - глицинді алды, осыдан кейін аминқышқылдарын жүйелі түрде зерттеу басталды. Ең соңғы жиырмасыншы аминқышқылы - треонин 1935 жылы фибрин ақуызының құрамынан алынған болатын. Сөйтіп, ақуыз құрамына кіретін 20 түрлі аминқышкылын ашуға 130 жыл уақыт кетті.
Ақуыздық құрылысы. Биополимерлердің ішіндегі мөлшері мең маңызы жөнінен ерекше орын алатыны ақуыз молекуласы. Ақуыз макромолекулаға жатады.
Ақуыз молекуласы органикалық заттардың ішіндегі алыбы екенін мына сандардан көруге болады. Мысалы, органикалық зат этил спиртінің молекулалық массасы - 60, ал жұмыртқа ақуызы - альбуминдікі - 36000, гемоглобиндікі (қанның қызыл түйіршіктері) - 152000. Ақуыз молекуласының алып болуы занды да, себебі оны құруға мыңдаған атомдардан тұратын мономерлер қатысады. Ақуыз полимері мономерлерінің рөлін аминқышқылдары атқарады.
Ақуыз химиялық құрамы жөнінен гетерополимерлерге (грекше. "hetezos"-әр түрлі) жатады.
Табиғатта 200-ден астам аминқышқылдарының түрлері бар. Ақуыз молекуласының құрамына кірмейтіндері зат алмасудың нәтижесінде реакция аралық қосылыстар түрінде пайда болып, кейбір ерекше бактериялар үшін қоректік зат ретінде жұмсалады.
Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының ерекшелігі неде? Басқа аминқышқылдары неліктен ақуыз молекуласының құрамына кірмейді деген заңды сұрақ еріксіз туады. Бұл сұрақтардың жауабы мынадай мағлұматтар негізінде түсіндіріледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Таным процестері

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы тітіркеністері түйсік болып табылады.
И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анотомиялық-физиологиялық жүйке ақпараттарының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс) үш бөліктен түрады.Біріншісі сезім мүшесі (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргішті жүйелік қозғауға айналдырып отырады. Екінші бөлігі ─ миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөлігіне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті ─ мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
Психологияда адамдардың түйсінуіне алу қабілетін сезгіштік деп аталады. Сезгіштік: 1)абсолюттік; 2)айырма сезгіш деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз ─ сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік табалдырық ─ түйсік табалдырығының шегі. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен болса жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді.
Айырма сезгіштік деп ─ сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әр ьүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100 тең. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамды жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артықтылығы байқалады.
XIX ғ. орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер (1795-1878) мен С.Фехнер (18011887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы деп атайды.
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгертіп отырады. Бұл құбылысты адаптация деп атайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ұлықбек (толық есімі Мұхаммед Тарағай бин Шахрух) (1394-1449)

Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз уақыт билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғанстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстырған Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.

Ұлықбек Аплатун, Аристотел, Гиппарх, Птолемей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, Ферғани, Бируни, Ибн Сина, Насыреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.

Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темір өлгеннен кейін империясы екі бөлікке бөлінеді: бірі Хорасан, екіншісі Мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетерлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, Тараз, т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.

Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады.

...Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) дүние жүзін жаулап алмақ болып, аш қасқырдай аласұрды. Азияның Иран мен Үндістан сияқты бай өлкелері Ақсақ Темірдің аяғының астында тапталды. Ол Амудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңа империя құрды. Ол Мавераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі – Самарқанд болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде самарқанның орны көрсетілген.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | АДАМ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАСЫ

Популяциялық генетика — популяциялардың генетикалық көпүрлілігінің және осы көптүрліліктің ұрпақтар жалғасыңда, ареалдың әртүрлі бөліктерінде өзгерулерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика саласы болып табылады.
Популяциялық генетиканың мақсаты - популяциялардың генетикалық құрамын және оның өзгеруіне алып келетін факторлар әрекеттерін сипаттау болып саналады.
Популяциялық генетика ғылымының негізін қуалаушылар — орыс ғалымдары С.С.Четверяков және оның шәкірттері: Н.В.Тимофеев-Рёсовский, Б.Л.Астауров, Е.Н.Балкашина, Д.Д.Ромашов, С.М.Гершензон т.б. Олар XX ғ. 20-30 жылдары дрозофила шыбынының табиғи популяцияларының генетикалық құрамын анықтап, онда рецессивті мутациялар концентрациясының өте жоғары деңгейде болатынын анықтады.
Сол сияқты, А.С.Серебровский, Н.П.Дубинин, П.Ф.Рокицкий, Н.К.Беляев т.б. - және шетел ғалымдары - Р.Фишер, С.Райт, Дж.Холдейн теориялық популяциялық генетиканың дамуына және табиғи популяциялардың генетикалық құрамын зерттеуге көп үлес қосты.
XX ғ. 30 жылдары теориялық және эксперименттік популяциялар генетикасының дамуы нәтижесінде генетика мен дарвинизм идеялары қосылып, заманауи эволюциялық теорияның — эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуына мүмкіндік туды.
Адам популяцияларының генетикасы — адам популяциядағы патологиялық гендердің динамикасын зерттейтін генетиканың бір саласы болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Есірткі - ел қауіпсіздігіне, әлем қауіпсіздігіне төнген қатер.

Есірткі деген сөздің өзі қандай жағымсыз десеңші.
Есірткі бұл – ағзаны шірітіп жоятын химиялық зат. Есірткінің түрлері: олар героин, апиын, экстази таблеткалары, молфин, кокаин жатады. Есірткіні пайдалану, сату, шығару заңға қайшы әрекет. Есірткі грек тілінде – ұйқы деген мағына береді. Есірткі адамдарда есеңгірететін әсері бар, ал ол адамның барлық ағзасынан қатты әсер етеді, денесін жансыздандырады. Есірткі – ол улы зат. Адамдардан өлімге әкеліп соғады.......
Шығармалар
Толық
0 0