Реферат: География | Құрлықтағы географиялық белдеулер

Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық заңдылық – табиғат кешенінің барлық компоненттеріне тән құбылыс.
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтастығымен ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер.
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге «суб» (латынша – кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады.
Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субполярлық (субарктикалық, субантарктикалық) – қоңыржай мен полярлық белдеулердің аралығын бөледі.
Экваторлық белдеу. Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдапйлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.
Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30°С. Жауын – шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000-3000 мм-ден , тауларда 10 000 мм-ге дейін). Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.
Орман қалың өсетін алуан түрлі мәңгі жасыл өсімдіктерден тұрады. Ең биік ағаштар 50-60 м-ге дейін барады. Ағаш діңдерінін аралықтарында аз ғана саңылауды шырмалып, өрмелеп өсетін лианалар алады. Жуандығы адам білегіндей ғана кейбір лианалардың ұзындығы 300 м-ге дейін барады. Ағаш діңі мен бұтақтарын эпифиттер (грекше эпифит - өсімдікке жабысқан) басып жатады. Олар қоректі ауадан алады не ағаштың сөлін сорып күнелтеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мұхаббат-наме

Алтын Орда дәуірі әдебиеттің ең көрнекті үлгісі-«Махабат-наме» дастаны. Оны жазған-ақын Хорезми. Хорезми-ақынның лахаб аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз көп емес. Ақын Хорезми-Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған- Мұхаммет Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы Мұхаббат-наме
дастанын жазған. Бүгінгі күнге Мұхаббат-наме дастанының екі нұсқасы жеткен. Дастанның екі нұсқасы қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Рессей Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952жылы осы екі қолжазба нұсқасының фото көшірмесін алды. Демек, Мұхаббат-наме дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әріпімен қайта көшірген. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы

Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы өте кең мағынада. Ол компьютер жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақталуын да, ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын да, электронды байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді. Ақпарат қауіпсіздігінің қаупі ретінде ақпараттың жойылуына, тұтастығына нұқсан келуге, құпиялық немесе ақпараттың қол жеткізуге болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс түсініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екі жікке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер төндіру.
Әлбетте, барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздік сақшысы ретінде заңдар тұр, бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданатын іс-тәжірибе әзірге дамымаған, ал заң шығарушы процесс технология дамуына ілесе алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін-өзі қорғау шараларына сүйенеді.
Ақпаратты рұқсат етілмей (рұқсат берілмеген, тыйым салынған, символдық) қол жетуден қорғау мәселесі жергілікті, әсіресе, ғаламдық компьютерлік желінің кеңінен таралуымен байланысты елеулі түрде шиеленісті.
Ақпаратты қорғау иесі үшін бағалы ақпаратты жоғалту (жою) немесе жаңғыртып, жетілдіру (қасақана бұрмалау), тарап кету (жариялау) ықтималдығын азайту үшін қажет.
Ақпарат пен оның құпиялығын онлайндық немесе автономды жұмыс режиміндегі қорғау стратегиясы сайып келгенде біреу: ақпаратты бақылау. Сіз ақпараттың сақталу орнын, оған қол жеткізуді шектеу мен оның тұтастығын сақтауды бақылауыңыз керек. Негізгі стратегияларды атап көрсетейік.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бағдарламалау | Бейсик және Паскаль тiлдерiнде программа құру ерекшелiктерi

Кіріспе
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің ішінде дүние жүзіне кең тараған тілдердің бірі – Бейсик. BASIC (Beginner's All purpose Symbolic Instuctions Code ) – “Жаңадан үйренушілер үшін символдық нұсқаулар түріндегі көп мақсатты тіл ”сөйлемінің қысқарған сөз ретінде алынған түрі. Бейсиктің алғашқы жеңіл варианты 60 – жылдардың ортасында Америкада жарыққа шыққан болатын.Кейіннен әр елдің ғалымдары түрлі салалық информацияны өңдеуге мүмкіндік туғызатын тілдің 30 –дан аса дамытылған вариантарын жасап шықты.
Паскаль бағдарламалау тілі, XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы – философы Блез Паскальдың құрметіне аталып отыр.Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғары политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады.Паскаль тілі жжөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.
Qbasic және Pascal программалау тілінде тілдердің алфавитінен бастап,алгоритмдердің түрлері (сызықтық,тармақталу,қайталану), көмекші алгоритмдер, массивтер,жолдық шамалар,берілгендер файлы мен жазу,графикалық режим тақырыптары бойынша іріктелген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІ

Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастар мен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т. б. игеріледі. Еңбек процесінде адам бай тәжірибе жинақтайды. Затында оқу қызметінен туындайтын игерудің өзіндік ерекшелігі неде? Бәрінен бұрын оның толық жүзеге асуы үшін жағдайлар тек кана мектепте жасалатынын есте ұстау керек, онда балаларға ғылым негіздері оқытылады, онда олардың ғылыми дүние-танымы қалыптасады. Оқу ісі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады: оның негізгі бөлігін ғылыми ұғымдар, ғылым заңдары және соларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәсілдері құрайды. Қызметтің басқа түрлерінде игеру жанама нәтиже түрінде көрінеді. Мысалы, ойын үстінде бала өзі алған белгілі бір ролді жақсы ойлануға тырысады. Бұл ретте мінез-құлық нормаларын игеру тек негізгі ұмтылысты қанағаттандыру үшін ғана қызмет етеді. Еңбектің негізгі мақсаты — бұйымдар өндіру. Дағдыларды молайту бұл жерде маңызды, бір-ақ жұмыстың жанама нәтижесі ретінде көрінеді. Тек оқу қызметінде ғылыми білімдерді және соларға сәйкес іскерліктерді игеру негізгі мақсат және Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Онын құрамдас бөліктері мыналар: 1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері), 2) оқу әрекеті, 3) бақылау, 4) бағалау.
Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бір қатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы-практикалық міндеттердің кейбір кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. (Ұғымдардың қасиеттерін бөліп алу нақтылы міндеттерді шешу жайлы ғана сөз болады. Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы-практикалық міндеттердің тікелей өмірлік мазмұны болады және олардың шешімі соншалықты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдердің зерттелуі бірден қалыптасқан құбылыс емес және олардың грамматикалық табиғаты туралы біршама зерттеу еңбектері болғанымен, мәселе толық және жан-жақты шешілді дей алмаймыз. Өйткені құрмалас сөйлем – біртұтас жүйелі құбылыс. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің әрқайсысының синтаксистік форма алуы өзінше қалыптасқанымен, олардың функциясында ортақ жайттар көп. Қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы осындай өзгешеліктердің сипатын ашу, олардың құрылымдық, функционалдық арақатынасын анықтау бітіру жұмысымның өзектілігін дәлелдей алады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде қарсылықтық құрмалас сөйлемдер жүйедегі грамматикалық тұлға ретінде аталып жүр, оларға анықтама беріліп, жасалу жолдары көрсетілгенімен, функционалдық тұрғыдан толықтай зерттелмеген. Қарсылықтық сөйлемдердің қарсылықтық салалас, қарсылықтық сабақтас атты түрлері әбден жіктеліп, орныққан десек те, құрмаластың осы екі түрінің арасындағы өзгешелік бар ма, жоқ па, болса қандай деген мәселе әлі күнге дейін айтылмай келеді. Қарсылықтық салалас сөйлемдердің өз ішінде де түгелдей шешімін таппаған түйіндер баршылық. Мысалға қарсылықтық қатынасты тудыратын жалғаулықтар туралы айтқанда қарсылықтық жалғаулықтардың бір-бірінен семантикалық ерекшелігін, жұмсалуындағы өзгешеліктерін айтуымызға болады.
Қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің сипаты туралы тіл білімінде алғаш А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты кітабында айтылады. Содан бері жарық көрген еңбектерде, зерттеу мақалаларында қарсылықты сабақтас сөйлемдердің сипаты мен оларды жасайтын формалар берілген. Бірақ қарсылықты сабақтастардың даму тарихы туралы бірізді пікір жоқтың қасы. Біздің ойымызша, қарсылықты сабақтастарды жасауға қатысатын формалардыңи даму тарихын саралап ашуды және де сөйлемдердің контексте түрлі болып келетініне қарай оларды бірнеше мағыналық қатынастарға бөліп көрсетуді қажет етеді деп ойлаймын.
Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі байланыстырушы қайталама амалдардың сипаты туралы да айта кету жөн деп ойлаймыз. Себебі байланыстырушы қайталама амалдар салаластық, сабақтастық қазақ тілінің жүйесінде тек грамматикалық білім ретінде қалып қоймай, коммуникативтік талғам жүйесіне де түсіп келе жатқандығын ескертетін процесс.
Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны қарсылықтық салалас пен қарсылықтық сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық функционалдық арақатынасы. Қарсылықтық қатынас деген жалпы мағына, ол табиғаттағы, болмыстағы қарама-қарсы әрекеттерді, процестерді не болмаса адамдардың тікелей қатысуымен болған әрекеттердің қарама- қарсылығын баяндайды. Бұл байланыстардың тілдік бейнесі сөйлемде көрініс тауып, олар қарсылықтық құрмалас сөйлемдер деп аталып жүр.
Қарсылықтық құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан екі түр арқылы беріледі. Олар қарсылықтық салалас сөйлемдер мен қарсылықты сабақтас сөйлемдер.
Алғашында «қайырыңқы», «ереуіл» деген атпен танылған қарсылықтық салалас сөйлем құрамындағы жеке сыңарлар бір-біріне қайшы мәнде тұрады, яғни бірінші компонентте айтылған оқиғаға екінші компоненттегі оқиғаға қарсы келіп отырады. Бұл қарама-қарсылық баяндауыш формасының сипатына және де бірақ, алайда, ал, әйтсе де, сөйтсе де, әйткенмен, т.б. қарсылықтық жалғаулықтардың қызметіне сүйенеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қасиетті мекен,тарихым-елімнің нұрлы бағысың!

Бүтін ек біздер, бір едік –
Шаршысын көрген шалдардың.
Жүрекке әсем жыр егіп,
«Отан!» деп ойлы қалды әр күн
Жат өлке солай төрі боп,
Таққанбыз тағдыр жолға сын.
Бәрібір өстік Бөрі боп,
Бабамыз Көкжал болған соң...
Сабыр Адай.
Иә, бізге белгілі киелі ұғымдар көп-ақ .Солардың қатарына қастерлі байлығымыз-Отанымызды , еліміз бен тарихымызды жатқызамыз. Қасиеттілердің қасиеттісі- осы сөздерді мадақтай айтсақ, алдымен,тауының басын-жайлау, етегін-қыстау, ойын-егістік алған, өсіп-өнген, қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп-қонған, адамзат баласының тарих көшіне ілескен халқымыздың тоқсан толғаулы тағдыры көз алдымызға келеді . Бүгінгідей ұлттық патриотизм турасында толғаулы ойларымды ортаға салар сәтте, алдымен,өзекті ойымды өткен тарихқа құрмет және бабалар рухына тағзым етуден бастаймын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Ғылым мен техникадағы экология

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Қиял жөнінде түсінік

Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих түңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмегсн, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелср қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
"Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің, негізгі қызметі өйткені тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0