Реферат: Информатика | Компьютердің перифериялық құрылғылары

Дербес компьютер – бұл информациялық технологияның негізгі техникалық базасы. Компьютер саласынан тыс жерде жұмыс істейтін мамандар өздерін компьютердің ақпараттық бөлігін білуде оның толық жиынын, тіпті болмағанда оның негізгі техникалық сипаттамасын тікелей құрастырушымыз деп есептейді. Компьютерлік техниканың осы заманғы нарығы әр қилы болғандықтан қажетті сипаттамасындағы дербес компьютердің конфигурациясын анықтау қиын. Арнайы білім болмаса бұл арада ештеңе тындыра алмаймыз.
Дербес компьютер – бұл электрондық аспаппен орындалатын, программен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы.
Компьютердің синонимі – есептеуіш машина, электрондық есептеу машинасының (ЭЕМ) бұйымы. Дербес компьютердің негізгі элементтері мен олардың арасындағы байланыс мына суретте көрсетілген.




Компьютер сәулеті деп тұтынушының есебіне байланысты ЭВМ-ң құрамдас компоненттерімен негізгі бағдарламалық жабдықтамасын айтамыз.Барлық техникаға байланысты ғылымдар кибернетикадан тараған. Кибернетикада қарастыратын негізгі элементтері: материя, энергия және ақпарат.
Кибернетиканың негізін қалаушы Ноберт Вейнер.Негізгі зерттеу әдісіне қара жәшік әдісі және модельдеу жатады.
Қара жәшік әдісінде енгізу ақпараты беріліп, нәтиже алынады. Аралық орындалатын операциялар қарастырылиайды.
Модельдеу әдісінде обьектінің немесе құбылыстың математикалық молелі жасалады. Сол арқылы негізгі параметірлер өзгертіліп апрокацияланады.
ЭЕМ-ң теориялық негіздемесіне қалаған ғылымдардың бірі Джордж Фо Неймон болған. Оның жасаған теориялық қағидалары қазіргі ЭВМ-де толығымен іске асырылған.
Қағидалары:
І.ЭВМ-нің екілік жүйеде жұмыс істеуі.
ІІ.Барлық процестер программалар арқылы орындалуы. Ол командалардың тізбегі болып табылады.
ІІІ.Барлық программалар ЭВМ-де сақталуы тиіс.
ІV.ЭВМ жады бірнеше деңгейлі болуы тиіс.
V.ЭВМ-де өңделетін ақпарат және командалар бір типтес болуы тиіс.
Негізгі зерттеу обьектісі ақпарат. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу №2 Көлікте (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Cаяхат»
Сабақ тақырыбы:Демалыс күндері туралы оқу №2 Көлікте.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
2.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Әдістеме | Мұғалімнің атқаратын қызметі

Мұғалім - жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.
Мұғалім - педагогикалық кызметпен кәсіби тұрғыда шұғылданушы, арнаулы дайындағы бар адам.
Кәсіби тұрғыдан дайындығы жоқ барлық адамдар да педагогикалық іс әрекетпен айналысады, бірақ тек мұғалім ғана педагогикалық заңдар негізінде жұмыс істей алады.
Мұғалімдік қызмет әсіи келе жатқан ұрпақтың тағдырына жауапты.
Мұғалім - бұл байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа беру; және оларды өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттілігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырады. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен абыздардан болатын. Орта ғасырда мектеп шіркеу қарауында болған кезде мұғалім міндетін дін қызметшілері атқарған. Мектеп ісінін дамуына байланысты мұғалімдік кәсіптік кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды. Мұғалімнің міндеті мен қызметі оның қоғамдық өмірдегі рөлі мен орны қоғамның әрбір даму кезеңінде өзгеріп отырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Отаным

Отаным-неткен көркем едің,
Алдыңда бас иемін.
Қымбат сенің өпкен желің,
Әр таңың да қымбат сенің.
Отан-неткен керемет сөз еді! Отан деген сөздің өзі жүрегіңе үлкен махаббат ұялатады. Отан-біздің туған жеріміз. Ол-ата-анамыз, туған-туыстарымыз, дос-жарандарымыз және өзіміз тұрып жатқан ел.
Менің Отаным-Қазақстан. Оның астанасы-Астана қаласы.Отанымызды, туған-жерімізді қорғау үшін көптеген батырлар өз жандарын қиды, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай сынды Отан үшін қолға қару алып, жауға қарсы аттанған батырларымыздың есімдері тарихта өшпестей із қалдырды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Ғали Орманов (1907 - 1978)

Ғали Орманов (15.8.1907, Алматы облысы, Қапал ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы – 5.9.1978, Алматы) – ақын.

Қазақ педагогика институтын бітірген (1943). 1929 – 60 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, “Майдан” альманағының редакторы, “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Мен Қазақстанның патриотымын

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ж. Молдағалиев
Бізге, иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол - өлең, ол - ән, ол – сұлулық , ол – асқақ арман, ол - шалқыған дәулет, көркейген сәулет!
Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында, жастарымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да жаршысы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Арал теңізінің экологиялық ахуалы

Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды.
Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс – Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл - Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл - Идриси, Әбу – л - Фида, сондай - ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын жан - жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік - батыс жағына қада орнатты. Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас ретінде беріліп келе жатқан халық даналығы. Кез келген халық мақал-мәтелдерді үнемі естеріне сақтаған, даяр тұрған мұра ретінде ұстап, өзінің күнделікті тұрмысында, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде пайдалануға, сол арқылы өз ойларын, танымдарын құнарлы да тұшымды, көрікті жеткізуге тырысады.
ММ-дер - халықтың белгілі бір өмір тәжірибесінен жинақталған, айқын ойды үлгі-өнеге, өсиет ретінде көркем бейнелеп, жеткізетін халықтың көне де бай рухани қазынасы. Ел аузында «Ер қазынасы - ескі сөз, ел қазынасы - ескі сөз, тіл қазынасы — ескі сөз» деген мақал бар. Бұл мақал әшейін әлдеқалай айтыла салған сөз емес, өмір жүзінде ел аузындағы ескі де мәнді сөздер (1;4 б.).
ММ-дер халықтың атам заманда өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын алтын арқау; олар рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден бір кепілі. Бұл қазына байлықтан айрылған этникалық қауым өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның болшағы да жоқ (2;7 б.).....
Рефераттар
Толық
0 0

Сочинение: Зима

Наступила зима. Идёт снег. Вокруг белым – бело. Дети играют в снежки, лепят снеговики. На улице шумно и весело. Слышно лай собак и смех детей. Зимой в доме тепло, потому......
Сборник сочинений
Толық
0 0

Реферат: ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Ғалымдар жердің жасы 4,5—7 млрд жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай 5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте ертедегі түзілғен жер қыртыстарынан табылған қазба қалдықтарға сүйене отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтап білуге болады. Жер бетіндегі тіршіліктің даму әрекеті геохронологиялық кестеде көрсетілген.
Архей заманы — жер қыртысының тарихындағы көне заман, Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың — бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның, амиактың, судың мөлшері азайып, көміртегі (VI) оксиді мен оттегінің мөлшері артқан. Архей заманында жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі.
Олар;
1. Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, гендердің алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
2. Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша барлық тірі ағзаларды екіге: автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және гетеротрофтыларға (жануарлар) бөлуге бастама берді.
3. Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы күрделенді, ортаның жана жағдайларын игере отырып, оған бейімделушіліктер қалыптасты.....
Рефераттар
Толық
0 0