Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Литосфера Сабақтың тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары Оқу мақсаттары: 9.1.1.5 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады Сабақтың мақсаттары: Географиялық ақпаратты графикалық түрде көрсетеді; Мәтіндік ақпаратты графикалық түрде ұсына алады.....
Осы кезге дейін белгілі болып отырған 105 химиялық элементтердің 80-нен астамы металлдарға жатады. Д.И.Менделевтің периодтық системасында орналасқан барлық S-элементтері (І және ІІ негізгі топшалар),барлық -элементтері үшін (ІІІ-VІІІ) қосымша топшалар, барлық f-элементтер латиондар мен актионидтар мысалдар, р-элементтері ІІІ-VІІІ негізгі топшаларында орналасқан. Бұл топшалардың жоғарғы жағында бейметалдар, ал төменгі жағында металдар орналасқан. Егер бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе ІІІ-VІІІ негізгі топшалардың р-бейметалдардың шамамен сызықтық жоғарғы жағына, ал төменгі жағына металдар орналасқан, олардың бейметалдық қасиеттері бар. “Металл” деген атау металл элементі үшін де, олардың қасиеттерін көрсететін металл жай заттары үшін де қолданылады, ал техникада бұл атау металл жай заты үшін ғана емес, сонымен қатар металдардың қасиеттерін көрсететін барлық металдарға құймаларға да қолданылады. Металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттері периодтық системадағы олар орналасқан топшалар бойынша қарастырылады. Металдардың ішкі құрылысы мен физикалық қасиеттері: металл жай заттарының өздеріне тән жалпы қасиеттері болады. Оларға металлдардың соғылғыштығы, созылғыштығы, электр тоғын, жылуды жақсы жақсы өткізгіштігі жатады. Металдардың мұндай жалпы қасиеттері олардың ішкі құрылысына байланысты болады. Металл кристалында атомдар, иондар және бос электрондар болатыны дәлелденіп отырады. Атомдар мен иондар кристалда белгілі бір тәртіппен орналасып осы металға тән металдық кристалдық тор түзеді. Металдардың кристалдық торының түйіндерінде металл атомдары мен иондары орналасады, ал олардың арасымен бос электрондар “электрон газы” қозғалып жүреді. Кристалдық торда металл иондары тығыз орналасқан. Әрбір ионды 8-ден 12-ге дейін басқа иондар қоршайды.. техникалық маңызы бар металдардың кристалдық торлары мынадый негізгі 3 топқа бөлінеді: 1. Қырлары орталықтанған куб. Бұған Al, Pb, Ni, Ag, Au, Ca, Pb, Pt, Rh, Th металдарының кристалдық торлары жатады. 2. Кристалдық торлары көлемі орталықтанған куб болатын металдарға Li, Na, Cs, V, Mo, W, Ba, Ta, Fe жатады. 3. Гексогональді кристалдық торлары мына металдарға тән: Be, Cd, Ti, TI, Zn, Hg, Os, Rh.....
Айқын Төлепберген 1982 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Оның музыкалық білімі жоқ, Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «баспагер-инженер» мамандығы бойынша бітірген. Айқын алғаш тыңдарманға «Superstar kz» жобасы арқылы танылды. Әнші бұл жобаға қатыспай тұрғанда, Алматыдағы мейрамханаларда ән салған. Ал, «Суперстарға» ол досының кеңесімен қатысқан. Сондай-ақ, оның жобаға баруына қазылар алқасының құрамында танымал әнші Батырхан Шүкеновтің болғандығы да қатты әсер етіпті. Айқынды «Superstar kz» жобасынан шыққан әншілердің ішінде сахнада жарқырай көрініп жүрген әртіс деуге болады. Өйткені, ол бүгінге дейін өзінің аудиториясын тауып үлгерді. Айқынның тыңдармандарының арасында кішкентай бүлдіршіннен егде қартқа дейін бар. Эстрадаға келген он жылдан астам уақыт ішінде «Асылым», «Ерке қыз», «Пах, пах!», «Жалаң аяқ қыз», «Үмітің үзілмесін!», «Жалғыз сен», «Корабли» және тағы басқа хит әндерді жарыққа шығарды. Әншінің бұл жетістіктерге жетуіне оның бойындағы талантын тани білген алғашқы продюсері Ерік Тастамбеков те үлкен үлес қосты....
Мен бұл тақырыпты таңдау себебім, осыдан 75 жыл бұрын болған, адамзат тарихындағы ең сұмдық соғысты ұмыту мүмкін емес. Біз Ұлы Жеңісті ұмытпағанымыз секілді, азапқа толы сол бір кезді ұмыту мүмкін бе?! Ол біздің жүрегімізге ұмытылмастай із қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайрымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер – солдаттардың айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтінін белгісі болып қаламақ. Бізді аталарымыз бен бабаларымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастары үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, сонымен қатар абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізген болатын. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің арасында, 96 жауынгер Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және тағы басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Соғыс майданы Мәскеуде, Сталинградта, Ленинградта болып жатты. Көрнекті Қазақ ақыны- Жамбыл Жабаев атамыз Ленинградтың ауыр тағдыры туралы «Ленинградтық өренім » өлеңінде: Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің! Нева өзенің сүйкімді, Бұлағымдай көремін, - деп жырлаған болатын Соғыс - күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды да жер ететін, дәл осы соғыс. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтседе , еш нарсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы – бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне,......
Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыз данқ алған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұрар етін де келеше кұрпаққа дейін жеткен.Тарихы бай, көне мәдениетпен және ерекше табиғат пен ұлы мемлекет.Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғап қалу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзікөрді. Халқымыз көпқиыншылық көрді, азап шекті.Бірақ соған қарамастан, қазақ халқымыз рухын сындырмай, намысын таптатпай барлық жауларменен қиыншылықтарға қарсы тұрып, 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.Сол күннен бастап қазақ халқы ешкімге құл бола алмады, ешкім де қазақ жеріне қол сұға алмады.16 желтоқсаннан бастап әр қазақстандық үшін тарихтың таза парақтары ашылып, жаңа өмір басталды.......
Қазіргі педагогикалық технологиялар пәнінен теорялық біліммен, тәжірибелік іскерлік пен дағдыны игеру, болашақ бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі маманына қажет, себебі пән базалық білім беретін пәндер санын құрайды. Қазіргі педагогикалық.......
Бақытым бар үшінші – Отан деген, «Құдай деген кім десе, Отан дер ем!» Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. М.Мақатаев Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. Менің Отаным – Қазақстан, Азияның кіндік тұсындағы ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт.......
“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды. Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды ....