Реферат: Ұйымдық құрылым

Еңбекті мамандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек әрекеті элементтері олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен рөлін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппа Еңбекті мамандыру мен бөлісу адамдар жұмысының рттағылардың барлығының жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асыры луын қамтамасыз ету.
Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандыру, пропорциалдық, параллелдік(қатарластық), дәлділік, үздіксіз және ырғақтылық.
Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік - тұғырым

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!-

деп ақын жырлағандай, желтоқсанның......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жылқы мен ит

Жылқы достарымен серуендеп келе жатқанда үйіне барар жолда бір дауысты естиді.

- Көмектесіңдерші, кім бар?......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Балдәурен - балалар арманының аралы

Менің аты-жөнім - Ербол Ажар. Мен Жамбыл облысы, Меркі аудаындағы № 17 Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының 6 "б"- сынып оқушысымын. Мен оқу озатымын және қоғамдық іс-шаралардың белсенділерінің бірімін. Өзім би билеп, ән айтып, домбыра тартқанды ұнатамын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Физиология | Нейронның құрылысы қызметі

Орталық жүйке жүйесі дегеніміз – адам мен омыртқалы жануарлар жүйке жүйесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелермен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функцианалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады. Торша тұлғасы- денесі, қысқа өсінділер- дендриттер, ұзын өсінді- нейрит немесе аксон және ұшы немесе терминалдар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: Қазақстан тарихын оқытуда белсенді әдістерді қолдану жолдары

Тарих – бүкіл адам баласының бойынан өткізген жағдайын тарихи
тәжірбиесін баяндайды, тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы
орнын, атқарған қызметін дұрыс анықтай алады. Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан тарихын оқып
үйренудің қажеттігі туралы: «Бұл тәуелсіз.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Атырау экологиясы

Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды деп ашып көрсетілген.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының құжаттарында ашық айтылғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен.
Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Ал қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның денсаулығына келетін зиян аса қауіпті екенін жоғарыда айтып кеттік. Халықтың денсаулығын қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.
Облысымызда 1 мың адамға шаққанда туылғандар саны республикалық көрсеткіштен жоғары болып, Атырау өңірі елімізде адам санын көбейтуде алдыңғы қатардың бірі екендігі көңілді қуантады. 2004 жылы бұл көрсеткіш еліміз бойынша 18,19 болса, Атырау облысында 21,36 болды, ал 2005 жылы республикада 18,41 болғанда, біздің облыста бұл көрсеткіш 23,09-ке жетті. Бірақ өкініштісі тұрғындардың жалпы аурулылық көрсеткіші жылдан жылға өсіп келе жатыр. 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 2004 жылы 32494,8 болса, 2005-ші жылы бұдан да көтеріліп 33496,3 жеткен. Соның ішінде, бір жастан бес жасқа дейінгі балалар арасында 1 мың балаға шаққанда аурулылық көрсеткіші өсіп отыр. Бұл жағдайды да біз экологиялық проблемалардан тыс қарай алмаймыз.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өкпе туберкулезі


Өкпе туберкулезі — бұл созыпмапы (ұзаққа созылатын), жұқпалы (тез тарайтын) ауру, мұнымен кез келген адам ауыруы мүмкін. Туберкулез көбінесе 15-тен 35 жасқа дейінгі жастарда болады, әсіресе ол СПИД-пен ауырса немесе тоя тамақ ішпесе, не туберкулезбен ауыратын адаммен бірге тұрса. Туберкулезді емдеп жазуға болады. Соған қарамастан одан жылына мыңдаған адам өліп жатады. Алдын алу үшін де, емдеп жазу үшін де ауруды алғашқы сатысынан бастап емдеу керек. Сондықтан туберкулездің белгілерін біліп, одан сақтана білу қажет.

Туберкулездің анағұрлым кең тараған белгілері
• Ұдайы жетел болады, ертеңгісін үйқыдан түрған кезде жетел қатты қинайды;
• Түстен кейін аздап ыстық кетеріледі және түнде терлеп қалады;
• Кеуде немесе белдің жогары болігі ауыруы мүмкін;
• Ауру адам біртіндеп салмағын жоғалтады және әлсіздігі күшейе түседі.

Аурудың келесі сатысы
• Жөтеліп, қан түкіреді (әдетте аздап, бірақ қанның көп кететіні де болады);
• Тері бозарып, босап қалады. Терісі қара немесе сарғыш адамдардың терісі, әсіресе беті ақшыл тартады;
• Дауысы қырылдап шығады (өте қатерлі)
Жас балаларда: жөтел кейіннен басталады. Бірақ мына белгілерге назар аударыңыз.
• Ұдайы салмағын жоғалту
• Жиі ыстығы көтерілу
• Тері түсінің бозаруы;
• Мойында (лимфа бездері) немесе іште бітеу жара (ісік) пайда болады.
Туберкулез әдетте өкпені зақымдайды, бірақ ол дененің кез келген жерінде болуы мүмкін. Жас балаларда ол менингитке ұласуы мүмкін. Тері туберкулезі де болады.
Егер туберкулезбен ауырып қалған шығармын деп сезіктенсеңіз, жедел дәрігерге көрініңіз. Туберкулездің алғашқы белгісі білінісімен теріге, қақырыққа немесе түкірікке анализ жасатып, рентгенге түсу үшін емханаға барыңыз. Көптеген елдерде туберкулезге қарсы дәрілер тегін беріледі. Бұл жөнінде жақын маңдағы сауықтыру мекемесінен сұрап біліп алыңыз. Олар сізге мына 2,3,4 дәрі түрлерін ұсынуы мүмкін:
• Изониазид таблеткалары
• Этанбутол таблеткалары
• Рифампин ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тәуелсіздік үшін күрескен танымал сақ батырлары кімдер (2-сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3А Сақтар
Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік үшін күрескен танымал сақ батырлары кімдер (2-сағат)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету
5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау
Сабақ мақсаттары: Картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсетеді
Деректер негізінде сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын түсінеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Интернетте ақпаратты тасымалдау

Интернеттің қалай орналасқанын ұғыну үшін ақпараттың желі арқылы қандай тәсілмен берілетіні туралы қысқаша түсінік алу керек. Компьютерлік желінің мақсаты А компьютерінен В компьютеріне берілетін ақпараттардың биттерін тасымалдау. Тасымалдау барысында биттердің жоғалып кетпеуін қадағалау қажет. Ақпаратты екі түрлі тәсілмен беруге болады: желінің көмегін қолданып коммуникация пакеттерімен немесе коммуникация каналдарымен.
Желінің коммуникация пакеттері - бұл кәдімгі пайдаланылып жүрген пошта. Мұнда хатты жазып оны конвертіне салып, оның сыртына хат алушының адресі көрсетіледі. Ол поштада түрлі бағытта сортталады және оны түрлі вокзалдарға немесе аэропорттарга жөнелтеді. Жолда түрлі қиындықтармен әйтеуір жетеді, бірақ сорттауға және т.б. жұмыстарына қосымша уақыт пен күш жұмсалады. Web-серверлерде орналасқан Web-құжатты іздеу және онымен қатынасу арнайы URL (Uniform Resource Locator) көрсеткіші арқылы орындалады. Стандарты URL ақпаратты беру протоколын анықтайтын үш бөліктен тұрады: ақпарат орналасқан компьютердің аты, жолы, яғни протокол/компьютер аты/бума аты/файл аты. ....
Рефераттар
Толық
0 0