Біздің халық- жатты жатырқамайтын, жатсынбайтын бауырмал халық. «Таспен ұрғанды аспен ұр», «кекшіл болма, көпшіл бол»дейтін кешірімшіл де, кеңпейіл біздің қазекем. Алла қаласа, өзге елмен де тереземізді теңестіреміз-ау, тек қазақты кеңдігінен айырмасын. «Кең болсаң, кем болмайсың!» Жаратқан да бізге тыныштықты осы кеңдігімізге қарай беріп тұрған шығар, кім біледі... «Қайғысызға қара су да ас»дейтін қазақ үшін байлық та, бақ та-ынтымақта. Жүз отыздан астам ұлттың басын біріктірген киелі Отанымның менің отбасыма тікелей қатысы бар.........
Әрбір қоғамдық – экономикалық формацияның тарихы тұтастық ретінде берілетін өзіндік мәдениет түрі бар. Қоғамдық – экономикалық формациялардың алмасуына байланысты мәдениет түрі бар. Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі өте зор. Олар – грек философтары Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ. Ежелгі мәдениеттің алғашқы түр-тұрпатының қоғамдық бастауы мен негізі, біртұтас қалпы дербес мемлекет төңірегінде қалыптасқан. Осы тұңғыш формасы грек тілінде – «полис», латынша – «циветас» сөздерімен аталған. Полис – кейбір территорияда салынған үйлері, саны нақтылы тұрғандар, әкімшілік құрылымы мен өндіріс күштері бар қала. Халық бас қосатын алаңы мен базары, ғибадатханалары, қоғамдық мекемелері мен қолөнершілерінің ұстаханалары тынымсыз жұмыс үстіндегі қала – экономикалы, саяси және мәдени орталық болып саналған. Бұл полистің азаматтары, мемлекет – отанды абстрактылы ұғым емес, ал өздерін ақиқат, шынайы теңбіз деп есептеген.....
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері
а) сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі
1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
2) талап қоюмен іс жүргізу істері;
3) ерекше талап қобмен іс жүргізу істері;
4) ерекше іс жүргізу істері.
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы талап арызды(арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б....
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады .Қазақстан Республикасы жоғары Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы"1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында : Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған , бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай – ақ , олардың түзелетіндігімен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап , негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК – тің 65-68 – баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай – ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан – жақты , толық және обьективті түрде зерттелген мән – жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет ,- деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай – ақ немесе оған жаза тағайындап , бірақ оны жазаны нақты өқтеуден босату арқылы ,өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін . Осыған байланйсты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазаиен айырбастау туралы институтты белгілейді . Сонымен бірге ескертілетін жағдай қылмыстық жауаптылықтан , жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар . Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады .Сондықтанда көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай – ақ жүзегек асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет . ....
Дағдарыс 1929 ж. Қазандағы Нью – Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардың бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы қағаздар рыногігің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып – сатушылық және олардың курсын 1928 – 1929 жж. Экономикалық серпіліс кеіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды. Экономикалық циклдің міндетті кезеңі болып табылатын экономикелық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі - өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем қабілеті – сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып қалмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды қысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыногтің тарылғын көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929 – 1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды. Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің «істемей қалуы» көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың құрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шоғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополиялықтарына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті қысқатуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктің механизмнің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмінен толықтырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген қолдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды қиындатты. XX ғ бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АҚШ – та жаңа дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұиынушы қажет. 1929 – 1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты. Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер қауіп төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса маңызды ерекшелігі циклдік дағдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30 жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 101 – 15 жылда бір рет келетін құрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев 20 жж. өзінде – ақ экономикалық дамудағы «үлкен циклдкр» немесе «» теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы «ұзын толқындар» теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді. Экономикада «ұзын толқындар» деп ұзақтығы шамамен алғанда 48 – 55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын – оқтын ауытқып тұруын айтады.....
Әрбір адам – ашық энергоинформациялық жүйе. Ішкі және сыртқы дүниемізге ақпарат сенсорлық каналдар арқылы: көру, есту, сезіну т.б. Әрбір адам өздерінің әлемдік суреттерін сенсорлық әдіс бойынша суреттейді ол әдістер өзінің логикасы бойынша ұйымдастырады. Жалпы айтқанда, әлем суреттемесі көп қабатты символдар алаңы, белгілер, образдар болып келеді және олардың әрқайсысының өздігінше түсініктері және эмоционалдық түстері бар. Әжесі немересіне айтқан «барлық еркектерден қорық олар арсыздар» депті. Ал сол немересі 40 жасқа келгенде өмірде жалғыз болып қалғанын түсіндіре алмайды. Бұл призма сынып қалған калькулятор сияқты. Мысалы сіз екіге екіні көбейтсеңіз төрт болмай жиырма алты шығады. Бұл компьютерде адамның миы бір ақпарат кем дегенде болып жүргізіледі. Бұл жерде 3 фильтр болып табылады. 1. Нейрофизиологиялық. 2. Социолдық. 3. Индивуалдық. Нейрофизиологялық – бәріне белгілі барлық ақпарат бес органдарынан білінбейді. Мысалы дауыстың 20 және 20000-ға дейінгі ырғағы адамның құлағына естіледі. Көру жүйесі 380-680 милимикро интервал арасында көрінеді. Бірақ адамдарда әртүрлі қабылдау диапазондары болады. Социалдық – бұл жерде әр ақпаратты қабылдау қоғамдық нормалармен, үрдіспен, өз социалдық жүйе заңдарымен және біз тәрбиеленіп жатқан үрдіспен белгіленеді. Мысалы Азияда палауды қолмен жейтін болса, Европада мұны жабайылыққа санайды. Индивидуалдық – бұл саты адамдардың тапқырлығымен байланысты болып табылады. Ешкім және ешқашан бұл өмірді бірге-бір етіп қайталай алмайды. Тіпті егіздер де, бірге тұратын ұқсас адамдар да өмірге деген көзқарастары әртүрлі болады. Бір түбекте бір тіс пастасы бола ма деп сұрапты баласы әкесінен. Әкесі сонда: 150-200 гр болады деген. Баласы: Жоқ папа оның ішінде ас үйдегі қабырғаны, каридодағы қабырғаны былғауға жетеді. Сонымен репрезентативтік жүйе бойынша үш типке бөлінеді. 1. Визуалдық (көретін). 2. Аудиалдық (еститін). 3. Кинестетикалық және бір мето жүйе бар. Оны дискреттік деп атаймыз. Енді әрқайсысына сипаттама беріп өтейік. Визуальды ориентирлік тип. Жылдам қатты, таза дауыстың тоны, сөздің жылдам темпі жоғары және жылдам демалыспен шығуы. Дауыстың қаттылығы басында жәй басталып, аяғында айқайға дейін күшейеді. Визуальды бір адам мен сөйлесіп отырған кезде көзіне қарап отыру керек. Егер әңгіме қызықтырақ болса 80 проценттей сөйлесу контакті болады. Ал қызық емес болса, 50 проценттен аз болады. Бір адам мен сөйлесіп отырған кезде визуаль көзіне қарамаған болса, ол бір нәрсені жасырған секілді көрінеді. Егер балаға ұрысса да көзіме қара деген сөзді білдіреді. Егер де оның сөздеріне анығырақ құлақ салсақ визуальды сөзінен білуге болады. Визуальдар өздерін көбінесе телепатиялық дарындары бар екенін дәлелдей келеді және адамның ойын оқи алады. Мысалы, мен сенің не ойлап тұрғаныңды жапқсы білемін, деген сияқты ойларды білдіреді. Олар өздерін жоғары ұстайды. ....
Ойын тек айлы түні ойналады. Ойын кең алаңда, шөбі шүйгін көгалды, шилі жерде өткізіледі. Ойынға ірі малдардың жілік сүйегі керек. Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы тағайындап алады. Оның бір тобында сүйек болады. Екі топқа ортақ көмбе белгіленеді. Оны «Орда» деп атайды.
Сүйегі бар топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Қалғандары сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тауып алған ойыншы «Сүйек менде» деп ордаға қарай жүгіреді. Қарсы топтың ойыншылары оны қуып сүйекті алуға тырысады. Ал сүйек қолында бар топтың ойыншылары оны сатылап алып қашып бермеуге тырысады. Егер қарсы топ сүйегі бар ойыншыны қуып жетіп сүйекті алса, ол ойыншы да сол топқа өтеді. Ойын екі топтың қайсысының ойыншылары таусылып болғанша жүре береді.
Бұл ойын жеткіншектерді бағдарлай білуге, айла-амалға, жүгіре білуге үйретеді. .....
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi. Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. ....
Көрнекті құралдар мен материалдар. Кара бидай өсімдігінің гербарийлері мен баулары. Дақыл масақтары, масақшалары және гүлдері, тұқымдануы, суреттері, плакаттары, слаидтар, түрлі түсті фотолар, талдау тақтайшасы, зертханалық таразы. Әдістемелік нұсқаулар. Туыстығы 12 түрді біріктіреді, олардың ішінде көп тарағаны түрі. Қара бидайдың тамыр жүйесі шашақты, 1,5-2,0 м тереңдікке бойлайды. Сабағы 5-7 түйін аралықтарымен, куыс, биіктігі 1,5-2,0 м. Жапырақтары болады, бидайға қарағанда енді. Кейде жапырақ тақтасы түктермсн көмкерілген, тілшесі мен құлақшасы ерте кеуіп, түсіп қалады. Гүл шоғыры- масақ. Масақ білігі қыска мүшелерден тұрады. Мүшелердің кертпешінде бір-бірден масақша орналасқан. Масақша ею масақша қабығынан (қауызынан) және 2-3 гүлден тұрады Масақша қабықшалары ланцетті-біз пішінді, қысқа килі бар. Гүл екі қабықшалы. Сыртқы гүл қабықшасы қылтықты, ланцет тәрізді, жалаңаш, бес жүйкелі және кірпікті килі бар. Ішкі қабықша қоскилді, жоғары жағында кірпікті, аталығы үшеу, түйінінде қауырсынды аналык аузы бар. Қара бидай айқас тозанданатын өсімдік. Дәні ұзыншна келген, бүйірлерінен қысыңқы, ұзына бойынан терең ойық өтеді. Дәннің түсі жасыл, сары, сүр немесе қоңыр. 1000 дәннің массасы 18-35 г.....