Өмірбаян: Сағадат Нұрмағамбетов (1924 жылы)

Батырдың балалық шағы
Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған, үйдің кенжесі. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елiмiздi ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді.
Сағадат үшін жалғыз ағасы Сағит әке де, шеше де болады. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майдан даласына алып кетеді. Ол ағасын жанындай жақсы көрген екен.
"Ағам шымыр денелі, жұдырығы тоқпақтай, қой көзді, анама ұқсайтын еді", - дейді Сағадат Нұрмағамбетов.
Алайда Ұлы Отан соғысына аттанған оның жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады.
Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Туыс атасы Әлжан айтқан Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы жыр-дастандарды сүйсіне тыңдайды....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Менің отбасым

«Әке –асқар тау

Ана - етегіндегі бұлақ

Бала - жағасындағы құрақ» деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, ағайындарын сыйлай білген, жақсылық тілеген бала, менің ойымша болашақта......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Пысықтауыш

Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.
Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Пысықтауыш болатын сөз таптары
Пысықтауыш болатын сөз таптары:
1. Үстеуден болады
2. Сын есімнен болады
3. Сан есімнен болады
4. Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады
5. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады
6. Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады.
o барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп пысықтауыш болады.
o кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады.
o кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады
o кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Наурыз мерекесі

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы далада қызғалдақтар құлпыра өсiп, қызылды-жасылды кiлем төселедi. Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Педогогика | Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы

Педагогика "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет?
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Органикалық химия және оның даму тарихы

XIX ғасырдың ортасына дейін органикалық химияны өсімдіктер мен жануарлар организмінде түзілетін заттарды зерттейтін ғылым деп келді. "Организм" деген сөзге сәйкес органикалық химия деген атау пайда бодды. Ғылымның дамуына сәйкес, бұл атаудың мағынасы түбірлі өзгеріске ұшырады, солай бола тұрса да, осы тарихи атау сақталып, бүгінге дейін жетіп отыр.
Қазіргі кезде органикалық химия деп, көміртек қосылыстарын және олардың туындыларын зерттейтін ғылымды, ал органикалық заттар деп, құрамында көміртек элементі бар заттарды айтады.
Өте ерте кезден-ақ адам баласы кейбір органикалық заттарды ала білген және оларды өздерінің тұрмыстық қажетіне пайдаланған. Мысалы, қантты заттарды ашыту арқылы шарап ішіщцктерін дайындаған. Индияда қант қамысынан қант ала білген, ертедегі Римде өсімдік текті бояулар-индиго, ализарин және т.б. тұрмыста пайдаланған. Сол кезде-ақ жағымды иісті эфир майлары, сірке суы және т.б. органикалық заттар белгілі болған.
Орта ғасырда жаңадан дамып келе жатқан химия ғылымы алхимиктер еңбектерінің арқасында біршама ілгері жылжыды. Мысалы, айдау әдісін тауып, оны жетіддіру нәтижесінде, араб алхимиктері 900 жылдарда таза шарап спиртін алды.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында М.В.Ломоносов пен А.Лавуазье материя сақталу заңын ашып, химиядағы зерттеулердің сандық-мөлшерлік әдісіне жол салды. Химияда осы кезден бастап химиялық анализ, яғни заттың сандық және сапалық құрамын анықтау пайда болды. Химиялық анализ саласының дамуы химиялық заттарды тазарту әдістерін жетілдіруге ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде, ХҮІІІ ғасырда бірқатар органикалық заттар (мочевина, шарап, лимон, алма, галл қышқылдары және т.б.) бөлініп алынды.
Химия ғылымының алғашқы даму кезеңдерінде ғалымдар органикалық және бейорганикалық заттардың арасындағы айырмашылықтарды байқамады. Тірі және өлі табиғаттан алынатын заттардың түзілу жолдарының әр түрлілігі және қасиеттерінің өзгешелігі химияны органикалық жөне бейорганикалық деп екіге бөлуге негіз болды.
Сонымен, XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмінде түзілетін заттарды зерттейтін "органикалық химия" деген алғашқы ұғым қалыптасты. Бұл кезең виталистік көзқарастың кең тараған кезеңі еді. Көптеген ғалымдар, соның ішіңце, әйгілі швед ғалымы Берцелиус те, "органикалық заттар тек тірі организмде ерекше бір "тіршілік күшінің" әсерінен түзіледі" деген пікірде болды. Органикалық заттардың пайда болуы туралы бұл көзқарасты витализм деп атады (Vita латынша тіршілік). ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874)

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.

Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұрболат Абдуллин

Нұрболат Абдуллин Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Ол Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы университетті бітірген. Соңғы жылдар бедерінде Нұрболаттың есімі халық арасында жиі аталатын болды. Оған әртістің “Шалғайдағы оқиға” фильмінде және “Қазақстан” ұлттық арнасынан көрсетілген танымал “Көзайым” телехикаясында ойнауы себеп болды. Телехикаяның екі бірдей маусымында жағымсыз кейіпкер Сұлтанның рөлін ойнаған Нұрболатты көрермендер актерлік қырынан таныды.
Ал, әншілігіне келер болсақ, Нұрболат 2014 жылы Алматыда “Майра” продюсерлік орталығы ұйымдастырған “Күміс көмей, жезтаңдай” байқауында халық әні “Екі жиренді” орындап, бас жүлдені жеңіп алды. 1 миллион теңге оның өнер жолында жеңіп алған алғашқы қомақты жүлдесі болатын. Бір жылдан кейін әнші Бішкек қаласында өткен «Дельбарим» конкурсында «Джип» автокөлігіне ие болды. Абдуллин алдағы уақытта халықаралық дәрежедегі үлкен байқауларда бақ сынағысы келетінін де жасырмайды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Әз Тәуке хан Жеті жарғы

Тәуке - қазақ ханы. Жәңгір ханның баласы. Тәуке хандық өкіметті жақтады, билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектер - сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Тәуке бас билермен кеңесе отырып, «Жеті жарғы» әдет заңдарын шығарды. «Жеті жарғы» орыс тарихында «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ феодалдық құрылыстық үшейтуге бағытталды. Тәукенің хандық өкіметті нығайту әрекетінен нәтиже шықпады, қазақ хандықтары бытырыңқы күйінде қалды. Тәуке енді сыртқы саясатында Россиямен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке жоңғарларға қарсы шығу үшін Росиядан әскери көмек сұрады. Өйткені, 1698 жылдан бастап ойрат және қазақ феодалдары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Севан Рабдан билік құрған кезде мұндай соғыстар үздіксіз болып тұрды.
Әкесі Жәңгір ханнан соң қырық жыл уақыт хандық құрған әз-Тәуке Қазақ мемлекетінің күш-қуатын нығайтып, халық тұрмысын көтерді, сыртқы елдермен байланыс күшейді, басқарудың неғұрлым демократиялық жолдары қолданысқа енді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді көсем тілді, көреген ойлы данагөй шешендермен бірге құрастырған «Жеті жарғыда» атақты Қасым хан мен Есім хан тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң қағидаларына жаңа толықтырулар енгізіліп, бір жүйеге түсірілді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Ежелгі Қытай философиясы

Қазіргі тәуелсіздік алған шағымызда білікті маман, білімді азамат дайындау заман талабы. Қоғам дамуы мен мәдениеттің кең қанат жайып, өркендеуі кез - келген жас жеткіншектердің үлесінде екені даусыз. Сондықтан, философия пәнін оқып - үйрену аса қажет-ақ. Себебі, философия ілімі адам баласының сан ғасырлар бойына жинаған өзіндік санасының ең жоғарғы формасы, ақиқат деп саналған ой-тұжырымдар жүйесі. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен құбылыстардың ішкі мәні мен маңызын түсіндіру және түсіну барысында философиялық ойлау жүйесініңкөмегі зор. Соған орай оқу құралының жоғары оқу орындарындағы студенттер мен философия ғылымын өздігінше оқып - үйренушілер үшін бұл оқу құралының көрсетер қызметі ерекше.
Аристотель өзінің «Поэтикасында» кез - келген пәнді зерттеу барысында тек философтар ғана емес, сонымен қатар өзге де қарапайым адамдар ойлау қабілеті төмендеу болса да рақатқа ие болады деп жазған болатын.
Әрине, философтарды, тіпті философияға құштар жандардың өзін де, сөзін де түсіну қиын. Олардың философия ілімі жағынан қолданатын кейбір сөздері философиядан хабары жоқ адамдар үшін күңгір көрінуі ғажап емес. Өйткені, даналық қуушылардың сан ғасырлар бойына өзіндік арнайы сөздігі қалыптасқан еді. Әрине, бұл сөздікті аталған ілімнің өкілдері ғана қолданары анық, ал егерде қолыңызға философия оқулығы не болмаса философиялық сөздік кез бола қалған жағдайда «бас қатыруыңызға» тура келеді. Оның себебі де бар: Сократ немесе Платон секілді ұлы ғұламалардың дүниетанымы баланың ойыны емес екендігі бесенеден белгілі. Сондықтан да философия ілімі көз жүгіртіп, көңіл тоқтата зерттеуді қажет ететіні анық.
Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырларда - ақ адамдар әлем, қоршаған ортасы, өмірі туралы ойлана бастағаннан бастап әлем, адамзат баласы қалай пайда болды, себебі не, мәні неде деген сауалдар көкейлерін тесе бастағандай болды. Әрине, бұл тәрізді сұрақтар біздің де санамызда орын алғанын терістей алмаспыз. Міне, осы іспеттес сауалдарға әрбір ойшыл өзіндік ой - тұжырымын ортаға салып, ой бөліскендігі баршамызға аян. Әркімнің өз ақиқаты бар демекші, данагөй тұлғалар өздерінің тұжырымдарын, қорытқан ой-пікірлерін қорғап қалу жолында қолдағы барынан аянып қалмады. Философияның тасы өрге домалаған кезден бастап, өзінің даму жолында жинаған тұжырымдары мен күні бүгінге дейін қалыптасқан көзқарастарына көз жүгіртер болсаңыз, уызға тойған төлдей бөгіп қалатыныңызға күмән жоқ. Сондықтан, оқу құралының оқырман қауымға айтары мен берер көмегі зор. ....
Рефераттар
Толық
0 0