Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып огтырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Ойын- өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер ғана жасалады. Ойын әрекеттері түрткідегі, мотивтегі әрекет мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты ойын, қажеттіліктердің кездесуі, оның әрекетінің мотивін білдіретін сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет болып табылады. Оқу - іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.2. 1 - автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау Сабақ мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлер мен автор бейнесі қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.....
Сыни тұрғыдан ойлау курсы батыстың білім жүйесінде ХХ ғасырдың 70 – жылдарында осы жүйеде туған дағдарысты жеңуге байланысты талаптан туған. Білім беру қызметін көрсету үшін күрес басталады. Бірте – бірте бұл күресте сыни тұрғыдан ойлау мен бейресми қисынға бағытталған жаңа білім беру парадигмасы алдыңғы орынға шықты. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы.......
Менің Отаным - Қазақстан. Ол қазақ халқының атамекені. Бұрыннан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, Шығысы мен солтүстігі – Сібірге және Алтай тауларына, оңтүстігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларымен шектеседі. Көлемі бес Франция, он екі Бельгияға пара-пар ел. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің арасында тоғызыншы орын алады. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Мен Отанымды мақтан етемін, оны сүйемін! Туған жерім – Қазақстанның егінді көп беретін өлкесі, Қостанай қаласы! Ол - ел байлығы, қазынасы, кең байтақ Отанымның ірге тасы.......
Наша семья большая. В семье шесть человек. Мама работает в садике. Папа строитель. Меня зовут Дана. Я учусь в четвертом, а моя сестра Балауса учится во втором классе. Младшая сестренка Канагат ходит в садик.......
Ана- алтын тамырымыз, Бала- балғын бақытымыз. Балалар... Не деген керемет ұғым, керемет атау! Бала дегеніміз- балғын бақытымыз.Болашақтың тірегі де осы балалар. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, елдің ел болып қалыптасып дамуы осы ұрпақтарға, балаларға байланысты. Сол себепті,баланы бақытқа теңеп, Ғалым Әріпов сияқты ұлы тұлғаларымыздың айшықтауы бекерден-бекер емес-ті. Біздер- асау ұғым бақытқа теңдес болсақ, онда болашақ біздің қолымызда екендігі ғой. Біз - әлем балаларымыз. Осы әлемнің бір бөлшегі іспеттеспіз. Қандай керемет?! Мынау бір шексіз әлемнің тірегіміз. ......
Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".
Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.
Тегінде, Абай бірнеше өлендерінде поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізденетін. Сонда Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ, сары ала қызды жырлағам жоқ деп бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тындар едіңдеп, оқушыны шеней түсетін. Жәй бос уақыт өткізетін қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тындар едің дейтұғын.
Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған, үш поэманы жазғанын көреміз. .....
«Арынды арқан» ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерде ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2—3 не 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Сонан соң ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» — деп дауыстайды. Содан соң ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім еекіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ойын жалғаса береді.
Ойынның екінші түрінде секіре алмай, арқанды ұстап қалған ойнаушылар ойыннан шығып отырады, сөйтіп бір ойыншы қалғанша арқанды айналдыра береді. Осылайша қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.
Келесі үшінші түрін де топқа бөлініп ойнауға болады. Онда да арқанды ұстап қалған ойыншылар ойыннан шығып отырады да, қай топтың ойыншылары бұрын шықса, сол топ ұтылған болып есептеледі. Бұл ойын жастарды жылдам қимылдауға: тез шешім қабылдауға үйретеді .....
Жаңашылдық іс-әрекеттер қазіргі таңда мұғалімдер арасында кең өріс алуда. Атап айтар болсақ, оқушылар мен студенттерді зерттеу іс әрекетіне баулу. Білімге деген қызығушылық, бақылауға тырысушылық, тәжірибе жасауға дайын болу, бүкіл әлем туралы жан-жақты мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер бүгінгі......