1921 жылы Батыс Қазақстан обылысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1970 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ композиторы. 1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясының қазақ студиясында дәріс алған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1953 жылы Алматы консерваториясын Е.Г. Брусиловскийдің композициялары бойын-ша тәмамдаған. 1943-1953 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері. 19653 – 1960 жылдарда Алматы консерватиясында ұстаздық қызмет атқарған. 1961–1969 жылдар аралығында Алматы консерваториясы жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі. Қапан Мусин халық аспаптары оркестріне поэмалар, симфониялық оркестрге арналған үш симфония және атақты «Жайлауда» атты симфониялық поэмасын, «Халық бақыты үшін», «Мереке» поэмаларын жазды. Ол - тұңғыш симфониялық ірі шығарма жазған ұлттық композитор.....
«Саналы да сапалы,білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің еңі, бақыты сендердің қолдарында деп мен айта аламын.» Н.Ә.Назарбаев Қоғам – үздіксіз дамитын жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Осындай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік – мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Әрбір жаңа кезеңді жоғары технологиялардың дамуынан көреміз. Адамдардың алдында қоғам деген не? Ол қалай пайда болды, ол қалай дамыды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде? ......
Бразилия (Brasil) – Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет.Жері – 8,5 млн.км².Халқы – 163 млн.(1996).Халқының этникалық құрамы:ақ нәсілдер – 54,7%,зәңгілер – 5,89%,мулаттар – 38,45%.Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон,италиялық,неміс,араб,француз,т.б.) тұрады.Астанасы – Бразилиа.Мемлекеттік тілі – португал тілі.Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады.Ұлттық мейрамы – 7 қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.Бразилия – президенттік федеративтік республика.Елдің басшысы,Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент.Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады.Әкімшілік жағынан 25 штатқа,1 федералдық (астаналық) окрукке бөлінеді.Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады. Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі),субэкваторлық,тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі),субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерінде орналасқан.Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр.Климаты,негізінен,ыстық,жауын-шашын мөлшері әртүрлі.Батыс жағыц ылғалды экваторлық,шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте.Суы мол,энергия көзіне бай өзендер көп,ішінде ірілері: Амазонка,Сан-Франсиску,Парнамба,Парана.Стратегиялық маңызды ниобий,уран,торий кендері бар.Одан басқа темір,марганец,мыс,мұнай,газ,көмір қорлары мол кездеседі. Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған.16 ғасырдың басына дейін бразилия жерін тупигуарани,тупинамбас,ботокуд тамойос,короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген.Олар аңшылықпен,балық аулаумен,жер өңдеумен шұғылданады,темекі,какао, т.б. дақылдар өсірді.1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық П.А.Капрал келіп түсті де,өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады.Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасып,елдің аты осы ағаштың атынан шыққан. ....
Мәңгілік Ел ұғымы, қасиетті, киелі, Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені. Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы, Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі. Асыл арман жолында қаншама жұрт қан кешкен, Аждахамен алысып, алпауытпен белдескен. Өсиетін ойдырып қара тасқа ақыры, Қара жердің бетінен зым- зия боп мәңгі өшкен, - деп ақын Несіпбек Айтұлы жырлағандай Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Мәңгілік Ел» деген сөзді естігенде «Өткенге бұрылып басыңды и, ертеңге қарап білегіңді түр» деген ғұламаларымыздың сөзі ойыма оралды. Жер бетінде тауқыметті көп көрген халықтың бірі- қазақ халқы. Иә, орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар- ожданымыз табанға тапталды. Қолдан жасалған аштыққа душар болдық, зұлматтың құрығына түстік. Өзгенің тарихын өзімізге теліп оқыдық. Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, көшіп- қонған жұртын орнықтырып ел ете алмай Абылайдың қайғы жұтқаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; «Еділді келіп алғаны- етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны, Әдіра қалғыр, Үш Қиян» деп Мұрат ақынның күйзелгені; «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?»- деп Абай атамыздың қабырғасы қайысқаны бізге тарихымыздан белгілі емес пе? Ата- бабаларымыздың аңсап кеткен арманы шындыққа айналды. Көгімізде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтады, Тіліміз өз мәртебесін алды. Бір сөзбен айтсақ тәуелсіздігімізді алдық, ешкімге жалтақтамайтын егеменді ел болдық. Әрине, көп уақыт өте қойған жоқ, не бары жиырма бес жыл.....
«Қазақтың қасиетті жерінің асты да-байлық, үсті де-байлық» дегендей біз дамыған елдерден ең бай елдердің біріміз. Біздің отанымыз әр қайсымыз үшін де өте қымбат, құнды. Бұрынғы Қазақстан жерінен қазіргі ......
Жаңа индустриалдық кезең. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы онжылдық – Еуропа мемлекеттері мен Америка елдері үшін әлеуметтік – экономикалық және саяси – қоғамдық өзгерістерге толы кезең болды. Өнеркәсіп – экономиканың жетекші саласына айналды. Индустрияландырудың негізі болып саналатын ауыр өнеркәсіп жедел дамып, көмір,темір,түсті металл ,мұнай және мұнай өнімдерін өндіру мейлінше артты. Өнеркәсіптің дамуы көлік саласының рөлін арттырып, ірі темір жол магистральдарын және тас жол салу ісі жалғасын тапты. Көліктік техника мен жаңадан салынған жолдар капиталистік индустрияландырудың құрамды бөлігіне айналды. Өнеркәсіп орындарында өнім сапасын арттыру мақсатымен жаңа технологиялар енгізіле бастады. Жаңа технология мен техника , қоғам дамуының дем беруші күшіне айналды. ХХ ғасырдың басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері жаңа технологияны пайдалануда алдыңғы қатарға көтерілді. Шветция ,Италия, Ресей, Австро-Венгрия, Канада, Жапония мемлекеттері индустрияландыруды жеделдету жолына түсті. Ал Азия, Африка және Латын Америкасының көптеген елдерінде индутрияландыру тіптен басталған жоқ болатын. Еуропа мемлекеттерінің саяси құрылысы. Еуропа елдерінің мемлекеттік және қоғамдық құрылысында маңызды өзгерістер болды. Батыс Еуропа елдерінде басқарудың екі негізгі формасы - монархия және республика қалыптасты. Монархия басқару формасы ретінде, мемлекет басында монархтың тұруымен сипатталды. Ол қайсыбір биліктен, органнан немесе саилаушылардан тәуелсіз билікті қолына алды. Монарх – мұрагер мемлекет басшысы болып табылды. Ол өзінің бұл қызметін өмір бойы атқарады, тек өмірден өтерінде ғана оны мұрагерінің қолына өткізеді. Тарихта монархияның екі негізгі түрі – абсолюттік және конститутциялық формалары белгілі. Абсолюттік монархия – монарх билігінің , оның құзырының шексіздігін білдіреді. Биліктің мұндай түрі Ресейде,Австро-Венгрия мен Германияда болды. Конституциялық монархияның айырмашылығы сол,мұнда мемлекет билеушісінің:монарх,король,император,хан,сұлтан билігі шектеулі.Мемлекеттегі жоғарғы билік мұндай жағдайда екі субьектіге тиесілі болады-монархқа және қандай да бір басқа сайланушы органға (парламентке, кеңеске). ХХ ғасырдың басында парламенттік монархия Ұлыбританияда, Норвегияда, Шведцияда, Бельгияда, Нидерландыда орнықты. ....
Бөрілі байрақ астында Бөгеліп кқрген жан емен. Бөрідей жортып кеткенде, Бөлініп қалған жан емен,- деп басталатын әр сөзі саф алтындай салмақты: өлең шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіл өжеттігі атойлап тұр. Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол – көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді,......
Тірі ағзалардың жағдайының өзгерісіне байланысты дамып, жетіуін эволюциялық даму дейді. Ол тірі организмдердің экологиялық жағдайына бейімделіп сұрыптау процесі арқылы жүзеге асады. Экологиялық жағдайға бейімделу тірі организмдердің барлық ерекшеліктері мен қасиеттерін ұрықтану, төлдеу, көбек таралу ерекшеліктерін, формасыон түсіну, физиологиялық әрекетін, мінез – құлқынт.б. толық қамтиды. Атап айтқанда суық белдеудің өсімдіктері жатаған, жануарлары түкті, құрғақ белдеудегі өсімдіктер жапырақсыз ал жануарларының терісі мүйізденген болады. Тірі организмдердің ортаның экологиялық жағдайына бейімделуі табиғат ырғақтығына да байланысты. Мысалы, Қазақстам территориясында маусымдық өзгерістер айқын байқалады. Сондықтан өсімдіктер де, жануар-лар да жылдын жылы мезгілдерінде өнім беруге, суық мезгілдерінде бойына сіңірген нәрін, жинаған азықтық қорын үнем етіп, тіршілігін жалғас-тыруға өніп - өсуге, көбеюге бейімделген. Чарльз Дарвин дамытқан эволюциялық теория бойынша өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің өзгергіштік қасиеті болады деп қарастырады. Олардың өзгергіштік қасиеті ортаның экологиялық жағдайының әсері мен тірі ағзалар мүшелерінің және олардың әрекеттерінің арасындағы корелляциясына (өзара байланыстылығына, арақатынастылығына) байланысты болады да, бір түрдін өзгерісі екінші түрдің өзгерісін туындатып отырады. Мы¬салы, климаттың өзтерісіне байланысты тас көмір дәуірінде құрлық беті өсімдіктері жетіліп, ормандар өсті, осыған орай құрлық бетінде бауырымен жорғалап жүріп тіршілік етуші жануарлар ағаштан ағашқа секіріп, одан ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделген. Демек, бауырымен жорғалаушы жануарлардың прогресті бағыттағы дамыған өкілдерінен орман ландшафты сына бейімделіп сұрыпталған құстар (Архиоптерикс) пайда болған. Алайда сұрыпталу процесі нәтижесінде жаңа түрлердің пайда болуы тірі ағзалардың тұқым қуалау-шылық қасиетіне байланысты.....