Менің Отаным-Қазақстан. Мен өзімнің қазақ елінде туғанымды мақтанышпен айта аламын. Қазақ елі өте бай және тәуелсіз ел. Қазақстанда мерекелер өте көп болады. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз еліміздің көркеюіне үлкен үлес қосқан. Мен президенттің осындай адам болғанына қуанамын......
Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана – адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал мана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді. Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сана және өзіндік сана процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау. Сана және өзіндік сана процесінің дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу Сана және өзіндік сана процесінің даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану Жалпы бұл зерттеудің теориялық мәні қазіргі таңда сана және өзіндік сананың даму және тәрбиелеу деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды. Мұнда көп ғылымдардың дәлелденген факторлы және теориялары қарастырылған. Жалпы айтқанда бұл теорияның сана және өзіндік сананың дамуын оның деңгейін анықтау бөліп табылады. Жалпы айтқанда бұл сана және өзіндік сананы зерттеудің мәні балның сананың дамуын оның деңгейін анықтау болып табылады....
Ұстаз, шәкірт, мектеп – бір-бірінен ажыратуға болмайтын ұғымдар. Мектептің тыныс-тіршілігі ,рухани өмірі мұғалімнің өн бойында. Мұғалім өз қызметін шәкірттерімен бірлесе өз дәрежесінде атқарған жағдайда ғана мектеп болады.Өйткені мұғалім – мектептің негізін қалаушы тұлға. Мұғалімнің жетістігі - сапалы білім және саналы, жақсы тәрбие алған шәкіртінде. «Рухани тоқырау ой тоқырауының салдары»,-- дейді ғұламалар. Сол ой,сана, сезім,түйсік дегендерді қалыптастыру жауапкершілігі тіл.......
«Тұңғиық сырым барлағанға...» «Біржан мен Сара» айтысынан Сараның сөзі Айтыс өнері – халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Бұл ертеден келе жатқан сөз саптау шеберлігі. Қазақ халқы сөз өнерінің құдіретіне тәнті болып, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ұтқыр сөзді басынан асыра білген. Айтыс көне түркі тілдес халықтарында, үндістер елінде де өркендеген. Дегенмен қазақ халқының тіл мен жақтың ұйқасқа тірелген ой ұшқырлығы айтыс өнеріне ұласқаны шындық. Ғасырлар бойы шебер өрнектелген сөз жарысы тыңдаушылар қауымын үйіріп әкететін сиқырға ие.......
18 ауданға (аймаққа) және 3 муниципалитетке (Улан-Батор, Дархан және Эрдэнэт) бөлінген. Монғолия тәуелсіздігін 1924 жылы қарашада жариялады. (Қытайдың құрамындағы бұрынғы Сыртқы Монғолия). Ұлттық мерекесі – 11 шілде – халық Төңкерісі Күні. Халқы – 2493 615 адам (1995), орташа тығыздығы бір шаршы км.-ге - 2 адам. Тұрғындардың басым бөлігі (90%) – монғолдар, қазақтар - 4%, қытайлар - 2%, орыстар - 1%. Мемлекеттік тілі – монғол тілі, сонымен қатар орыс және қытай тілі таралған. Басым көпшілігініњ діни наным-сенімі – буддизм, халықтың 4%-ға жуығы исламды уағыздайды.
Шаруашылығы. Экономикалық қызметі дәстүрлі ауыл шаруашылығына негізделген (Монғолия дүние жүзі бойынша жан басына шаққандағы үй шаруашылығында мал санының көптігімен ерекшеленеді). Кен өндіру өнеркәсібі (көмір өндіру, темір рудасы, мыс, молибден, вольфрам, қалайы, алтын) негізгі салалардың бірі. Балық және орман шаруашылығы экономиканың маңызды секторы. Қазіргі кезде ел экономикасы орталықтан жоспарлаудан нарықтық экономикаға өту кезеңін бастан кешіруде. Ақша бірлігі – тугрик. Негізгі серіктес елдері – Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.
Корей Халық Демократиялық Республикасы
Конституциясына сәйкес егеменді социалистік мемлекет, іс жүзінде елде коммунистік тәртіп сақталған, құрамына – 9 провинция жғне 2 орталыққа бағынысты қала кіреді. Астанасы – Пхеньян. КХДР 1948 жылы 9 қыркүйекте тәуелсіздігін жариялады. (бұрын – Жапон империясы құрамындағы Чосун провинциясы). Мемлекет басшысы – президент, оның билігі шексіз. Жоғарғы заң шығарушы органы – Жоғары ұлттық жиналыс. Халқы 23 486 550 (1995) адам, орташа тығыздығы бір шаршы км.-ге 195 адам. Этникалық құрамы біртектес яғни елдің барлық тұрғындары – кәрістер, небары 1%-ға жуығы - қытайлар. Мемлекеттік тілі – кәріс тілі. Дәстүрлі діндері – буддизм жғне конфуциандық, алайда, қазіргі кезде діни уағыздар жасалмайды. Шаруашылығы. Елдің өнеркәсіптік дамуының негізін гидроэнергетикалық қорлар мен көп көлемді пайдалы қазындылар құрайды. Негізінен өндіру саласы (көмір, темір, магнилік рудалар, графит, мыс, қорғасын, мырыш) және ауыр индустрия дамыған. Экономиканы мемлекеттік бақылау коммунистік елдерден де қатал жүргізіледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ұжымдастырылған. Жұмысқа қабілетті халықтың 36%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, негізгі өсірілетін дәнді-дақылдар – күріш, жүгері, соя, картоп, дәнді-бұршақ. Солтүстік Корея экономикалық даму қарқыны мен күнкүріс деңгейі жағынан Оңтүстік Кореяға қарағанда көп артта қалуда. Ақша бірлігі – КХДР вонасы. Негізгі серіктес елдері: Ресей, Қытай, Жапония, Германия, Гонконг, Сингапур. Елдегі порттар: Вонсан, Нампхо, Чхонджин, Хыннам. 9 провинциядан тұрады, Сеул және Пусан қалалары ерекше әкімшілік статусқа ие. Корея республикасы тәуелсіздігін 1948 жылы 15 тамызда жариялады. Атқарушы билігі бір палаталы – ұлттық жиналыстан тұрады. Халқы 45 552 882 (1995), орташа тығыздығы бір шаршы км.-ге 463 адам. Этникалық құрамы бір халықты: елдің барлық тұрғындары – кәрістер, аз ғана бөлігі – қытайлар. Ресми тілі – кәріс тілі. Халықтың 27%-ы – буддистер, 24%-христиандар, қалған дінер – конфууиандық, чондокьо. Қызмет көрсету өрісінде жұмысқа қабілетті халықтың -52%, өнеркәсіпте - 27%, ауыл шаруашылығында - 21% жұмыс істейді. ....
Нан болса, ән де болады - дейді менің апам. Жалпы ол туралы, нан туралы көп айтады. Әкеміздің жеке шаруа қожалығы бар, аты - "Алтын дән". Көктем айында дала төсі еңбек әуеніне бөленеді. Шаруа қожалығы техникаларымен егін егіп, жер жыртады. Әкеміз бұл кезде үнемі дала төсінде жүреді.......
Әр бала үшін дүниедегі ең қымбат жандар, әрине, ата-анасы. Олар біздің туғанымыздан бастап, қасымызда жүріп, қамқорлық жасап, қолындағы барын бізге берген. Мен ата-ананың алдындағы борышты өтеу мүмкін емес деп ойлаймын. Себебі, олардың бізге сыйлағаны баға жетпес сыйы - өмір.......
Қоғамның дамуындағы электр энергиясының рөлі маңызы елеулі орын алатындығы көпшілікке мәлім. Өндірістің, көліктің әр түрлерінің, ауыл шаруашылығының, байланыстың және тұрмыстың барлық салаларында электр энергиясы пайдаланылуда. Элекрт энергиясы өмірдің барлық салаларында соншалықты кең таралуының басты себебінің бірі электромагниттік энергияны өте аз шығынмен алыс қашықтыққа беру және оны энергияның басқа да түрлеріне: механикалық, жарық, жылу, химиялық және т.б. түрлендіру ыңғайлы. Электр энергиясы кез–келген қуаты бар қабылдағыштарға оңай таралады. Байланыс техникаларындағы, автоматикадағы және есептеу техникаларындағы қолданылатын қондырғылардың пайдаланатын қуаттың өлшемдері ваттың үлестерімен есептелінсе, электрлік қондырғыларда (двигательдерде, жылытқыш қондырғыларда) қуаттың өлшемдері мыңдаған және он мыңдаған киловатты көрсетеді. XIX және XX ғасырларда электр туралы ілім даму үстінде болды. Мұнда көңіл аударатын мәселе, электртехниканың дамуының алғашқы сатысында, ол физикалық тарауы ретінде жүріп өрбіді. Ломоносовтың және оның досы Рихманның, сол сияқты Франклиннің, Гальванидің, Вольтың және т.б. электр энергиясының көзі (вольттің бағанасы, гальвани элементері) және жайтартқыштарды ойлап табудағы жасаған зерттеу жұмыстары, электрлік құбылыстарды жүйелі түрде зерттеудің бастамасы болды. В.В.Петров электр тізбегіне тәжірибе жасады. Соның нәтижесінде ол 1802 ж. Атмосфералық қысым жағдайында екі көмір электродтарының арасындағы электр доғасын тауып және оны зерттеді. Бұл зерттеулердің нәтижелері "Галъвани вольттік тәжірибелерден хабар" атты кітапта жарық көрді (1803 ж). 1819 ж. Эрстед электр тогының магнит тіліне механикалық әсерін тапты, ал Ампер 1820 ж. тогы бар соленоидтың магниттік қасиетін ашты. Сонымен, токтың жүрісі магниттік құбылыспен ұштасатыны белгілі болды. 1831 ж. М.Фарадей электрмагниттік құбылыспен индукция құбылысын ашып, оны тұжырымдады. Электрдинамиканың фундаменталдық принципінің яғни, электромагниттік инерция принципінің көрінісі болатын, индукциялық токтың бағытын анықтау ережесін 1833 ж. Э.Х.Ленц тағайындады. 1844 ж. Ленц өз бетімен Джоульдан тәуелсіз, Джоуль-Ленц заңы деп аталатын, электротехниканың маңызды заңын ашты. XIX ғасырдың екінші жартысында, электр және магнитизм жөніндегі тәжірибелерді теориялық жағынан қорытындылаудың нәтижесінде, Дж.Максвелл кеңістікте таралатын, электромагниттік өрістің болатындығы жөнінде болжам жасады. Оның жасаған өріс теориясы, 1873 ж. шыққан, "Электр және магнетизм туралы трактаті" деген еңбегінде жарық көрді. Г.Герц 1888 ж. жариялаған еңбегінде, кеңістікте таралатын өрістітәжірибе жүзінде дәлелдегенін хабарлады. Алайда, Г.Герц және сол заманда электромагниттік өрісті зерттеген көптеген ғалымдар, өздерінің лабораторияларының шегінен шыға алмады, электромагниттік толқынды сымсыз байланысқа қолдану жолын ойластыра алмады. Мұндай мақсатты алғаш рет ойдағыдай шешкен атақты орыс ғалымы А.С.Попов болды. Ол дүние жүзінде алғаш рет радио байланысты 1895 ж. жүзеге асырды. Радионың ашылуы адамзат тарихында жаңа дәуірдің бастамасы болды. ....
Болат - өнеркәсіптің басты материалы. Оның сұр шойыннан негізгі айырмашылығы - құрамында көміртегі мен басқа да қоспалардың аз болуында. Болаттың құрылымы мен қасиетіне негізгі әсер ететін компонент көміртегі болып табылады. Болаттың құрамында көміртегінің мөлшері артқан сайын, оның қаттылығы мен беріктігі де арта түседі, ал пластикалық қасиеті мен тұтқырлығы едәуір төмендейді. Болатта кездесетін қоспаларды келесі шартты төрт топқа бөлуге болады: Тұрақты қоспалар - марганец, кремний, фосфор және күкірт. Жасырын қоспалар - оттегі, сутегі және азот. Олар болатта өте аз мөлшерде болады. Кездейсоқ қоспалар - мысалы, күшала, қорғасын жөне басқа элементтер. Олардың болаттағы мөлшері болат өндіру, технологиялық үдерістерге байланысты. Арнайы коспалар (қоспалы элементтер) - болат құрамына пайдаланудағы керекті қасиеттерін алу үшін қосылады. Марганец - пайдалы қоспа. Болат құрамына шамамен Мп = = 0,3...0,8% қосылады. Ол феритте еріп, Мп3С карбидін түзейді де, оның механикалық қасиеттерін арттырады (әсіресе серпімділігін және күкіртті марганец (МпS) түзеді), күкірттің болатқа зиянды әсерін азайтады. Кремний де пайдалы қоспа болады, оның мөлшері Sі = 0,2...0,4% тең. Кремний ферритпен қатты ерітінді түзіп, оның серпімділігін арттырады. Күкірт зиянды қоспаға жатады, оның шамасы S =0,01...0,05% болады. Күкірт қорытпа құрамында көп болса, ол болатта балқу температурасы (985%) төмен Ғе - ҒеS эвтектика түзеді. Ол қысыммен өңдеуде болатты (1200°С дейін) қыздырғанда, түйір шекараларында орналасқан эвтектика Ғе - ҒеS ериді де, оның жоғарғы температурада сынғыштығын арттырады. Сондықтан болат құрамындағы күкірттің мөлшері 0,05%-дан аспауы керек.....
« Журналистика – ар-ұждан Мен қоғамның айнасы» Ия , неткен өтіп бара жатқан уақыт десеңізші?! Мен тоғызыншы сынып оқушысымын , бірақ қазірден ой үстіндемін, мен журналист болғым келеді. Уақыт шіркін тез өтуде адамдар бір – біріне қарамастан арпалысуда әркімнің өз тіршілігі, өз өмірі. Біз өмірге адам болып туылғасын осы Отанымызға, ата – анамызға пайдалы азамат болуымыз керек. Ал журналист ең алдымен, өмір көрінісін беретін , халыққа қызмет көрсететін қоғамға өте пайдалы адам. Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа ұғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын ішкі – сыртқы саясат баспасөз,......