Шығарма: Отаным -алтын бесігім

Әркімнің өзінің туып өскен атамекені, кір жуып, кіндік кескен жері қымбат болып саналады."Отаным" деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын.Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге,көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін.Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып,еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты.Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып,......
Шығармалар
Толық
0 0

Как выбрать имя для мальчика по дню рождения?

Имя - важный идентификатор, выбирать его родителям нужно тщательно, только так можно усилить положительные черты характера ребенка. Перед всеми родителями возникает вопрос: "как выбрать имя мальчику?", к решению этого вопроса каждая семья подходит по-своему. Один из популярных способов....
Сборник полезных советов
Толық
0 0

Баяндама: Тілді мәтін арқылы меңгерту

Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігі әр адамның
жеке басы қасиеті мен қабілетінің даралығын танытатын белгі екені
мәлім. Лингвистер тілді өз алдына жеке емес, керісінше адам
әрекетінің бір түрі ретінде қарастырады. «Тіл – тұйықталған
әрекет актісі және оның.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Шығарма: Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз

Қаншама ауыр кезеңдерді бастан өткерген Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр... Алғаш Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібек бабаларымыз екені бәрімізге аян. Шу мен Таласқа дейінгі алқапты иелік етіп, Қозыбасыда ту тігіп, ең алғаш ханымызды да сол жерде ақ киізге отырғыздық. Жауларымыз сескенетіндей ел болдық. Кейін Әбілқайыр ханның бастауымен Ресей боданына айналдық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі әр түрлі тілдік амалдары

Кіріспе
Бүгінгі таңда қазақ әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөліну үстінде. Себебі, жалпыхалықтық тіл көркем әдебиеттің қайнар көзі болып табылады. Ақын-жазушылар өз шығармаларында әдеби тілді де жалпыхалықтық тілді де өз ойларын жеткізу үшін ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл талпыныстардың кейде сәтті шығатындары да бар, кейде олар шығарманың мазмұндық құрылымына нұқсан келтіріп тұрады. Сондықтан, жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арасындағы нәзік сабақтастықты үзіп алмай, олардың орнын тауып пайдаланғанның табысты болары анық.
Тілдік қордың толығуы, тілдік бірліктердің молаюы сияқты процесс осындай байланыстардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан, жекелеген жазушылардың, ақындардың өз шығармаларында тілдік бірліктерді қалай қолдана алатындығына қарай олардың жеке стильдік ерекшеліктері сараланады, автор ретіндегі шеберлігі айқындалады.
Қазақ әдебиеті соңғы жылдары тек толысу, даму белесінде болғаны мәлім. ХХ ғасырда негізі қаланып, жүйелі түрде қалыптасса да, әлем әдебиетінің кез келген озық үлгілерінен кем түспейтін туындылар жазылып, талай елдердің тілдеріне аударылды, талай адамдар сүйсіне оқитын болды. Осының бәрі шындығына келгенде, жазушылардың жеке шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты екенін ескергеніміз жөн.
Жергілікті тіл ерекшеліктері мен аймақтық лексиканы әдеби тіл деңгейіне дейін көтеріп, оқырмандарына жол тапқан ақын-жазушылар жетерлік. Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжан сияқты ғалымдарды міне, осы тұрғыдан келгенде бағалауымызға негіз бар. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің бұл саладағы жетістіктері өте мол. Жазушының өткен ғасырдың 70 жылдары прозада қарымды еңбек етуі қайталанбас дүниелердің қазақ әдебиетіне қосылуына себеп болды. Оның шығармаларының тілдік ерекшеліктерін танып-білу де өз алдына бір әлем. О. Бөкей қазақ тілінің құнарын, шұрайын мейлінше сарқа пайдаланған жазушы болып есептеледі. Бұл кезінде көптеген ғалымдардың назарына да іліккен. Академик Р. Сыздық пікір білдіргендей, «Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын танытатын стильдік амалдың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату тұстары. Бұл саладан қарағанда, О. Бөкей тілге аса бір ұқыптылықпен қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен білігі күшті қаламгер екендігі көрінеді» [ Сыздықова Р. Ғ. «Қазақ әдеби тілінің тарихы.» Алматы, Ана тілі, 1993].
Оралхан Бөкей Алтай өңіріндегі көпке танылмай, ұмытылып бара жатқан сөздерді әдеби тілге әкеліп қосты. Рас, кейбір жазушылар оның бұл қадамынан мін тауып, кемшіліктерін көрсетіп те жатты. Алайда сөздің бейнелілігін неше түрлі көркемдік тәсілдермен жеткізу, шығармада әр жолда тірі сурет жасау – Оралханның әдебиет белесінде жеткен шынайы табысы. Оны ешкім де жоққа шығара алмаса керек-ті. Сондықтан, Оралхан Бөкейдің әр шығармасын жеке алып, оның барлығын тілдік тұрғыдан талдаудың берері мол екендігі анық. Осы тұрғыдан алғанда, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын талдауды негізгі нысана ретінде алып отырмыз.
«Атау кере» повесті жазушының дара қаламгерлік шеберлігін, қолтаңбасын танытатын озық шығарма. Ондағы сюжет желісі де негізінен адам мен қоғам болмысына қатысты, екі арадағы байланыс, табиғат мәселесіне арналады. Мұндағы кейіпкерлер жүйесінің әрқайсысында өзіндік ойлау ерекшелігі, өзіндік ойлау стилі бар. Осылардың бәрін Оралхан Бөкей «Атау кереде» жеткізуде халықтық тілдің қазынасынан емін-еркін пайдаланған. Сол себептен, Оралхан Бөкейдің «Атау кересі» тілдік тұрғыдан біршама зерттеу еңбектерге арқау болды. Шығармадағы тілдік құбылыстардың, сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің жеке-жеке зерттелуге тұрарлық дүние екендігін де айта кеткеніміз жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Елбасы – ел мақтанышы

1940 жылдың 6 шілдесінде қарапайым қазақ отбасында, бір перзентке зар болып, әулие - әмбиені аралап, құдайдан бала сұраған Әбіш пен Әлжанның шаңырағын шаттыққа толтырған періште сәби бүгінде еңселі елді басқарып, Ұлы адам боларын кім білген? Ауыртпалығы мен қиыншылығы мол сұм соғыспен тұспа – тұс келген балалық шақтың да қызығы аз болғаны белгілі. Тумысында ерекше жаратылған ұлы тұлғаның болмысы бөлек. Ерекше зейіні мен қабілеті, көрегендігі мен еңбекқорлығы – тамырын тереңге жайған бәйтеректей қазақ елін барша әлемге мойындатты. Елбасы халық арасынан шықты. Себебі ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі және қазір де солай. Және де ол кісі қазақ жерінде туған ең дара азаматтарының бірі де бірегейі.
Қазақ халқы: «Әкеден — ақыл, анадан — мейір» демей ме. Елбасының жақсы азамат болып қалыптасуына ата – анасының қосқан үлесі шексіз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Өсімдіктер жайлы мәлімет

Жасыл өсімдіктер — Жер бетінің сәулеті және халық игілігіне жарайтын дәулеті болып есептеледі. Өсімдіктердің тіршілігі де тылсым сырларға толы. Өсімдіктің әр мүшесінің өзіне тән жасырын құпиялары бар. Өсімдіктің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі және тұқымының құрылысы мен олардың атқаратын қызметтері де сан алуан.Кітапта осылар жайлы деректер тартымды берілген.

Бұршақ (Pisum) — бұршақтар тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Жапырағының ұшындағы тармақталған мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі. Гүлі ірі, тұқымы шар тәрізді. Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, озат колхозшылар мен тәжрибе егістіктері 35—40 центнерден өнім алады. Бұршақтың бұрынғы КСРО-да 6 түрі өседі. Олар: биік бұршақ — біржылдық өсімдік; бұтақтанған қатаң сабағының ұзындығы 100—150 см-ге барады; мұның кейбір формалары екпе бұршақтың ататегі болып табылады. Биік бұршақтың жемшөптік мәні зор өсімдік; әсем бұршақ (Р. formosum) — көпжылдық өсімдік; сабағының ұзындығы 5—15 см, биік тауларда жабайы түрінде бұтақтанып өседі. Мал жақсы жейді; сиыр жоңышқа; май бұршақ (Р. arvense) — жабайы түрінде өсетін біржылдық өсімдік; мұның тағамдыққа онша мәні жоқ, сондықтан оны жемшөп және кейде жасыл тыңайтқыш үшін егеді; май бұршақ мол өнім беретін өсімдік: гүлденген кезінде гектарынан 150—200 центнер көк шөп, 33—40 центнер пішен береді, 1 га-дан 8—10 центнер тұқым түседі; екпе бұршақ (Р. sativum) — біржылдық өсімдік; бұл көбінесе астық үшін өсірілетін өте құнды өсімдік; жатаған бұршақ (Р. humile) — біржылдық өсімдік; әлсіз жіңішке келген сабағының ұзындығы 20—35 (50) см. Суармалы жерлерде арамшөп түрінде өседі, мал жемейді.

Тауқалақай (Lamiura album) — ерінгулділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Тауқалақайдың зәрлі бездері болмайды. Сабағы онша бұтақтанбайды, гүлі — ақ түсті, апрельден бастап күздің аяғына дейін гүлдеп тұрады. Тауқалақай тоғайлы, таулы жерлерде өседі. Мұның күлтелерін ел арасында емге жұмсайды. Тауқалақайдың құрамында тері илейтін зат, қант, ламиин алкалоиды, эфир майлары, сапониндер бар. Тауқалақайды қазақша кейде бойқалақай, кейде аққалақай деп те атайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ


Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.
Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.
Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Дұрыс тамақтану

Өзімізге белгілі әртүрлі факторларға сүйенсек, денсаулыққа байланысты тамақтану – ең маңызды мәселе. Өйткені, тамақтану – адам ағзасы үшін энергетикалық материал ( энергия көзі ) болып табылады. Сонымен қатар, ағзадағы биологиялық белсенді заттардың пластикалық материалы мен стимуляторы болып табылады. Практикалық түрде көптеген адамдар объективті және субъективті себептерге байланысты тамақтану режимін бұзуда. Соның салдарынан ағза өте қажетті биологиялық белсенді заттарды керегінше ала алмайды.
Қазіргі таңда алиментарлық жағдайына байланысты бірсыпыра, аурулардың түрлерінің көбейгені белгілі. Қалыптан артық тамақтанғаннан кейін гипертоникалық ауру дамиды және атерсклероз, бедеулік, семіру, өте бөлу жолдары және несеп жолдарының аурулары, ишемиялық ауру, диабет және т.б. аурулар туындайды. Ал адам ағзасына тағамдық заттармен энергия жетіспеушілік мынадай ауруларға әкеп соқтырады: кахехисия, маразм, диатрофит, анемия, рахит, көздің күндіз көріп, түнде көрмеуі (куриная слепота), гингивитер,полиневриттер, нәрестелер өлімінің жйілеуі, гастриттер, ісік(рак), туберкулез және т.б. аурулар пайда болады.
Ғылыми зерттеулер қорытындылары тамақтану факторы ағзаны әртүрлі аурулардан қорғайтындығын және қорғай отырып иммундық жүйеге спецификалық және спецификалық емес түрде әсер ететіндігін, ағзаның өсіп-жетілуіне, физиологиялық жүйенің дұрыс жұмыс жасауына, денсаулығын сақтауға, жұмыс қабілетін, ағзаның ауруларға қарсылық күшін арттырып, дені сау ұрпақ келтіруіне әсер етіп, өмірін ұзартудағы маңызы зор екендігі дәлелденуде. Ол ағзаны қоршаған ортадағы бөгде агенттерге төзімділігін, кедергісін арттырады, балалардың өсу, даму ырғағын анықтайды.
Жоғарыдағы баяндалған мәліметтерден денсаулық сақтау ұйымының тамақтану факторына үлкен көңіл бөлетінін көреміз. Мәселен, қазіргі кезде денсаулық сақтау ұйымының ғылыми-практикалық қызметкерлері денсаулыққа байланысты ешқандай әлеуметтік-гигиеналық шарт қоя алмай отыр. Себебі, адамдар керекті құнды тағаммен тамақтанбау өз алдына, санитарлық-гигиеналық қалыптарға сай тамақтанбағандық салдарынан да денсаулықтары нашарлауда.
Жүкті және емізулі әйелдер жағдайы бұл фактілерді түсіндіруде маңызды топты құрайды. Себебі, бұлардың арасында анемия 30 және одан да жоғары.
1990-1995 жылдары туылған балалар 1980-1985 жж. Туылған балалармен салыстырғанда, төмен антрометрикалық көрсеткішті көрсетеді.
Әдебиеттегі деректер және біздің зерттеу материалдарымыз бойынша сапасыз, құнарсыз тағаммен тамақтанған жүкті әйелдерден сәбилердің төмен салмақпен туылатындығы және осы аналардың жүкті кезінде анемиямен, токсикозбен ауыратындығы дәлелденді.
1990-1995 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қиындаған кезінде туған сәбилердің антрометриялық орташа өлшемдері 1980-1985 жылдардағы деңгейімен салыстырғанда статистикалық дәлдікте төменгі дәрежеде анықталады.
Сәбилердің антенаталды өсіп-жетілуіне әлеуметтік-экономикалық және биологиялық факторлардың әсерлері тиемелді түрде болатындығы анықталды, бірақ әлеуметтік-экономикалық ахуалдың аналар мен перзенттердің денсаулық көрсеткіштеріне теріс әсер ету ықпалы биологиялық факторлардың тегеурінін пәрменді екендігі дәлелденді.
Ана денсаулығы – биологиялық фактор, бірақ денсаулығы жақсы аналар екі түрлі жағдайда сәбилерді дүниеге келтіреді. Осыған орай, 1990-1995 жылдарда туған сәбилердің самотометриялық көрсеткіштері анағұрлым төменгі деңгейде анықталды. Бұл ретте қиын жағдайда әлеуметтік-экономикалық факторлардың пәрменділігі байқалды. Биологиялық фактордың күші әлсіздік танытып, экономикалық ахуал әсері басымдық көрсетті.
Денсаулығы жақсы аналардан туған сәбилердің салмақ-бой индексі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсеріне арнайы көрсеткіш бола алады. 1980-1985 жылдары бұл деңгей 65.0-65.2 г/см, ал 1990-1995 жылдары 62.2-62.4 г/см-ге тең болды(норма 65.0 г/см-ден жоғары). ....
Рефераттар
Толық
0 0