Пән: қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Тағдырластар Оқу мақсаты: А/И1. Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау. Сабақ мақсаты: Оқушылар: Шығарманың композициялық құрылымын жан-жақты талдайды.....
9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтетін ерекше мереке. Жеңіс күні бір уақытта қуанышты,әрі қайғылы . Қуаныштысы , себебі Кеңес әскерлері нацистік Германияны жеңді, ал көңіл көңшітері өйткені жеңіс бізге өте қымбат бағамен берілді. Еске алайық соңғы оқиғалар, соғыс, жеңіске жетуге қалған санаулы күндер… Тарихқа шолу Кеңес әскерлерін жеңіске деген қадамы 1945 жылдың қаңтарында, Польшаға және шығыс Пруссияға шабуылдан басталды. Кеңес Одағының әскері біртіндеп германдық бөлімдерді уақытынан бұрын......
Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен жариялықтар білім беру саясатына жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалу қажет» деп көрсетілген. Жеке адамды дамытудың басты бағыты – жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыру екендігі белгілі. Мұндай ауқымы кең міндетті шешуде көркем шығармалардың алтын орны ерекше. Көркем туынды да халықтың тарихи жүріп өткен жолдары, өмір белестері, елдік – ерлік дәстүрлері, тұрмыс – салты, психологиясы жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым түсінігі көрініс табады. Осындай талғамы биік оқушы жүрегіне жол табатын шығармалар қатарына Абай туындылары жатады. Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, ағартушы-демократ, шешен, аудармашы, тәрбиеші-ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, оның асыл мұрасын оқытудың өзекті мәселелері ұстаздар қауымының алдына қазіргі кезеңдердегідей ерекше жауапты, аса қиын да күрделі сұрақтарды қоймас еді. ....
Дін-өмір азығы. Дін адамды таза жолға жетелейді. Дінсіз әлем болмайды. Дін –адам рухының азығы. Дін адаммен тікелей байланысты. Дүние жүзінде әлемдік үш дін бар олар: Ислам, Христиан, Буддизм. Жалпы мұсылмандардың діні-Ислам. Дін адаммен байланысып, соның пайдасын көздейді. Ислам дінінде «Әшһәду әл ләә иләәһә иллаллоһ уә әшһәду рәссуулуһ». Яғни қазақша баламасы «Алла жалғыз, Мұһаммед оның елшісі. Жалпы дін «Аллаһ» тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдардың бұл дүниеде және ақыретте бақытты өмір сүруін үшін жіберілген заңдар. ....
Бронх демікпесі – бронхтың созылмалы аллергиялық қабынуы. Ол бронхтардың гиперреактивтіктілігі және жайылмалы бронх обструкиясының әсерінен пайда болатын, кезеңді қайталанатын тыныстың тарылуы және тұншығу стамаларымен сипатталады. Бронх демікпесі бронхконстрикциясына, шырыш гиперсекрециясына және бронхтің ісінуіне байланысты дамиды. Бронх обструкциясы емнен кейін немесе кенеттен өзі қайтуы мүмкін. Жіктелуі: экзогенді, эндогенді, аспиринді, жеке стероид тәуелді болып бөлінеді. Бронх демікпесі ауырлык дәрежесіне қарай да жіктеледі. Оның жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр түрлері бар. Жеңіл демікпе - белгілері: сирек қысқа түрде өтетін тұншығу ұстамалары (айына 1 реттен аз). Олар кенеттен немесе бір рет қабылданған бронхолитиктердің әсерінен қайтады және физикалық күштемені жақсы көтереді. Ремиссия кезінде жалпы жағдайы өзгермейді, сыртқы тыныс көрсеткіштері қалыпты күймен тең. Орта ауырлыңтағы ұстамада түншығулар айына 3-4 рет қайталанып, тыныс қызметі мен қан айналымының бұзылыстары байқалады: тахипноэ, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы. Ауыр түрінде - тұншығу ұстамалар жиі (күнде не апта сайын) болады. Олар өкпенің кернелуімен, ентігумен, тахикардиямен сипатталады. Қарап-тексергенде – тері кабаттары бозғыл – сұр түсті. Еріндерінің, ауыз айналасының, құлақтарының және саусақтарының көгеруі байқалады. Қақырық шығаруы қиындаған жөтел, дем шығаруы шулы және ұзаққа созылады. Дем шығарғанда кеуде клеткасы тартылып, бұлшық еттер қатысады. Клиникасы. Бронх демікпесінде тұншығу ұстамасы пайда болады, экспираторлы ентікпе, науқас ортопноэ қалпында отырады. Дем алу актісіне бұлшық еттер қатысады, мұрын калқаларының кернелуі байқалады. Тері қабаттары, мұрын ауыз үшбұрышы көгереді. Аускультация жүргізгенде өкпеде көптеген құрғақ, кейде орташа көпіршікті ылғалды сырылдар дем шығару кезінде естіледі. Жалпы жағдайына және тыныс алуының қиындауына қарай бронх демікпе ұстамасы үш ауырлық дәрежесіне бөлінеді (кесте). ....
Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмір сүріп жатқанымызға биыл 71 жыл. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік есте қалатын күн.. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Бүгінде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған еліміздің барлық қалаларының, саябақтарында, көшелерінде шағын аудан, ауылдарында олардың ерлік, ержүректілігіне арналып, ескерткіштер қойылған. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердің азаматтары сияқты біздің елдің де ер азаматтары мен қыздары бірінші күннен соғысқа қатысты. 1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс еліміздің қаншама адамдарының өмірін қиды, еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай жұмыс істеді. Елімізге төнген үлкен қауіп соғыс барлық адамзат баласын біріктірді. Осы барлық халықтың бірігуінің арқасында Жеңіске жетті. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Солардың бірі менің Мусин Хамзе атам. Соғыс басталғанда ауылдың ер азаматтарымен бірге соғысқа аттанған екен Сол соғыстан менің ержүрек атам қайтпады. Мен өзімнің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін......
Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Осы екі жақтан екі жігіт ортаға шығып, кәдімгіше күрес жасайды. Оның ең қызыгы да, басқаша күрестен айырмасы да тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарымен қағысып, күресуінде, бұл адамның нық басып, орнықты жүруін жеңілдетеді.
Күресетіндердің бір аягын тізесіне бүгіп, мата белбеумен байлап тастайды. Сол аяқты, егер оң жақ аяғы бүгулі болса, сол жақ қолын; сол жақ аяғы бүгулі болса, оң жақ қолын шынтағынан бүгіп байлайды. Сонда күресушілердің екеуі де тек бір аяқ, бір қолымен жүріп күреседі. Күресушілерді екі жақтың ойынбасылары сүйемелеп әкеліп ұстастырады, қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады......
Ертеректе айтылғандай , статистика көптеген құбылыстар мен процестерді оқытады. Осындай әрбір құбылыс барлық жиынтыққа ортақ ерекше, жекелей қасиеттері бар. Жекелей құбылыстар арасындағы айырмашылық вариация деп аталады. Егер ыстық суы бар ыдысқа суық су құйсақ , онда ыдыстағы бар судың температурасы бірдей болады. Балабақшадағы бір топқа немесе мектептегі бір сыныпқа барған балалар да ортақ , орташа деңгейдегі мінезге ие болады. Үлкен өнеркәсіптік өндіріс стандартталусыз болмайды , яғни жиналатын механизмдер, агрегатталусыз тетіктерінің орташа өлшемі . Сонымен , жиынтық элементтерінің өзара байланысуы вариацияның шектелуіне әкеледі. Бұл тенденция обьективті болып табылады. Сондықтан да орташа шаманың кең көлемде тәжірибе мен теорияда қолданылуы объективтілігіне байланысты. Жұмысшының көмегінсіз болған өндірістегі жұмыс ақысы орташа бағалау немесе жалақының орташа сағаты бойынша есептелетіні әрбір жұмысшыға мәлім. Емтиханда да орташа балл осындай екеніде әрбір студентке мәлім. Орташа шама әдісі арқылы статистика көптеген есептерді шығарады . Орташа шаманың басты көрсеткіші қорытындылау функциясында, яғни барлық құбылыс жиынтығын мінездейтін орташа шаманың көптеген әр түрлі белгілердің жеке көрсеткіштерінің ауыспалылығы. Қазіргі заман адамдарының ерекшелігі ол ұлдарының әкелерінен, сонымен қатар қыздарды да шешелерімен салыстырғанда ұзын болады. Бұл көріністі қалай өлшейміз? Әр түрлі жанұяда үлкені мен кішісінің бойларының сәйкестігі әр түрлі болып келеді. Әрқашанда ұл әкесінен, ал қыз шешесінен ұзын бола бермейді. Бірақ егер мыңдаған тұлғалардың орташа бойын өлшесе, онда орташа бой бойынша ұлдары мен әкелері, қыздары мен шешелері арасындағы бір ұрпаққа бой өсуінің орташа шамасын табуға болады . Бұған дейін де және қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде де статистиканы оқымаған халықтың ортасынан «орта» немесе «орта есеппен» деген ұғымды көптеп естуге тура келіп жүр. Яғни, бұл сөздерді қандай жағдайда қолдана аламыз деген сұрақ-сауалдың тууы мүмкін. Мысалы, бір институтта оқитын студенттердің стипендия ларының мөлшерін алатын болсақ , онда орташа шама әдісін қолданудың ешқандай да қажеттілігі болмайды. Себебі, сол жоғарғы оқу орнындағы стипендияның мөлшері барлық студенттер үшін бірдей, тек қана өте жақсы оқитын студенттердікі ғана өзгеше болады. Ал егер жұмысшылардың орташа айлық еңбекақыларын қарастыратын болсақ , онда олардың арасында түрлі себептеріне қарай жалақы мөлшері әркімде әрқилы болады. Мұндай жағдайда барлық жұмысшыларға тән сандық көрсеткішті есептеу үшін орташа шама әдісі қолданылады. ....
Жоспар Кіріспе • 1 Жылқыны қолға үйрету тарихы o 1.1 Қазақстандағы тарихы 1.1.1 Арийлер кезеңі 1.1.2 Сақтар кезеңі • 2 Биологиясы o 2.1 Өмір мерзімі және кезеңдері o 2.2 Сипаттамасы 2.2.1 Түсі • 3 Түрлері • 4 Қазақ халқындағы жылқы маңызы • 5 Пайдаланылған әдебиет
Үй жануары Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Кіші табы: Нағыз аңдар
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Тақтұяқтылар
Тұқымдасы: Жылқылар
Тегі: Жылқы Түрі: Жабайы жылқы
Кіші түрі: Үй жылқысы
Жылқы (лат. Еқұұс ферұс цабаллұс) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (Е. цабаллұс) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі. Қолға үйрету тарихы Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. ....