Шығарма: Болмасыншы еш соғыс
«Соғыс» деген сөзді естігенде жүрекке қорқыныш ұялатады.Сұрапыл соғыс кімді жылатпады, бала әкесінен, ана баласынан айырған кез еді. Ұлы Отан соғысынан көптеген адамдар дүниеден өткен дегенді естігенде жүрекке оқ болып қадалады. «Мен соғысты жек көремін!» - деп, Қайрат Жұмағалиев жырлағандай соғыс ешбір жанға жақсылық әкелмегендігі хақ. Қаншама ер- азаматтар, әкелер, ағалар өз Отандарын қорғау мақсатында арттарына қарамай жұбайларының жанарына, жас сәбилердің жалтаңдаған көздеріне ерік берместен соғысқа аттанып кете барды. Олар Отан үшін артқа қарамай, тек алға қарай ұмытылды. Ұлы Отан соғысы күннен – күнге, айдан – айға, жылдан – жылға созылып өрши түсті. Сол уақыттарда қаншама қиын кезеңдерді бастан кешіргендіктеріне мойымай, қайта жаудың бетін қайтару үшін аянбай еңбек етті. Сұрапыл соғыста жүріп аштыққа да, суыққа да, қиыншылыққа да төзгендерін аталарымыздан естігенде, жаным түршігеді. Осы тұста ержүрек батырларымыздың ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлығын аса мақтанышпен айта кетсем деймін. Кеңес Одағының батыры атағын алғандар: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сияқты апаларымыз бен ағаларымыздың ерліктерін бағалаймын.
Біздің ауылымыздан соғысқа қатысқан аталарымыз да болған екен. Атап кетер болсам; Жұманбаев Білал, Жексенбин Боранбай, Тілеубаев Баймұқат, Балажанов Сәтенбек тағы басқа да аталарымызды білемін.Сөйтіп 1945 жылы еліміз жеңіс туын желбіреткен екен. Соғысқа кеткен ер – азаматтардың ішінде аман – есен оралған адамдар да болған. Соғысқа қатысқан аталарымызға зор және ерекше құрмет көрсетіп, еске алып отыру біздің міндетіміз......

Шығармалар