Шығарма: Бабалар ерлігі туралы үзік ой

Түні бойы мені ауыр зіл басып, көз ілмедім. Таң атқасын күшімді жинап, тысқа шықтым... Арайлап атқан таң. Әсем дала. Күлімдеген күн. Оң жағыма қарасам балалық шақтың қызығына түскен балалар. Сол жағыма қарасам, күйбең тіршілікпен айналысып жүрген адамдар. Аспанға қарасам қалықтап ұшқан құстар. Бәрі тамаша. Осының бәрі өмірге мән беріп тұрғандай. «Туған жердің ауасы да шипа» демекші, терең тыныс алдым да, осындай бейбіт елде өмір сүріп жатырғаныма шүкіршілік еттім! Шүкіршілік еттім де өзімді билеген белгісіз сезімді ақ қағазға түсіруге асықтым. Ойлап отырсам, бізге осы тыныштықты сыйлаған ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз! Азаттық жолында өз жауларымен арыстандай алысып, жолбарыстай жұлысқан батырлардың ерлігінің арқасында ғана қазір бейбіт өмір сүрудеміз. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Басқа емес, бір ғана Ұлы Отан соғысын айтсақ та жеткілікті. Міне, бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске жетпіс бір жыл толып отыр.
Соғыс оты тұтанған сол бір замандағы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихында алтын әріптермен қалатыны хақ. Ел басына күн туып, шаңырақ шағылған сол сәттерде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" дегенді жадына тоқыған атабабаларымыз атқа қонып, жаумен аянбай күресті. «Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашан арзанға түскен емес». Олар Отан үшін өмірлерін қиюға дайын еді. «Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да, жай себеппен, менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма-қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес, бірақ та сарандардың санатында қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында – үн-түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа – елге, атақ – ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын.» ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жасасын Жеңіс!

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Соғыс! Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені соғыс атаулы адамзатты қырып – жоюға бағышталған. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді – мекендерді тып –типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының , бірлігінің дәлелі.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бі ғаламат соғыс басталды. Сол түні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диқаншы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Елі үшін еңбек еткен ерлер

Екінші дүниежүзілік соғыс біздің жерімізге алапат дауылдай келгені рас. Бұл дауыл біздің есімізде өшпестей болып із қалдырды.Соғыс – халықты, елді, жерді жайпайтын өте үлкен күш. Соғыс ешкімді де бей-жай қалдырмады. Әрине , ол кезді майданда болып,жерімізді қорғаған батырлар сезінбесе, бізге тіпті елестету де қиын. Бірақ , сол сәтті көз алдымызға бейнелей суреттесек, судай аққан қан, ана қорқынышы, жастай кеткен батырлар, шырылдаған сәби, елге деген ұлтжандылық бірден еске түседі.Осындай қиын қыстау сәттерде жауынгерлерге рух беріп, күш – қайратын жігерлендіріп отыратын өлеңдер көптеп кездеседі. Солардың біріЖамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі. Өлең қазақ жауынгерлеріне үлкен күш-қуат беріп отырды. Жауынгерлеріміз осындай патриоттық тақырыпта жазылған өлеңдерді оқи отырып, рухани жағынан күш алғаны сөзсіз.
Майдан алаңында берілмей отан ұшін жанын аямаған ұл – қыздарымыз сол кездері өте көп болды. Қуаныштың бір үмітін көру үшін тек ұлдар ғана емес, қыздарымыз да ержүректілігімен, қайсарлығымен ерлерден кем түспей , соғыс майданында ерлік көрсете білді.Солардың бірі – Әлия Молдағұлова. Әлия апамыз майданда «дәлдеп атушы мерген» міндетін атқарған . Біз үшін батырдың майдандағы ерлігі ерекше орын алады. Оның шын есімі Лия Молдағұлова болыпты. Ал,Мәншүк Мәметова апамыздың шын есімі – Мәнсия. Бұлай болу себебі, Мәншүк апамыз кішкене кезінде орыс балабақшасына барған . Ондағы кішкене орыс балаларының тілі келмегендіктен, есімін өзгертіп, оны Мәншүк деп атап кеткен екен. Бұл батыр ұл-қыздарымыз соғыс болар шақта өлімнен қорықпаған. Сол батырларымыз қазіргі күнде аз ғана қалды. Ардагерлер бүгінде біздің негізгі байлығымыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс балалары

Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты.
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,
Бірімізден бір-бір батыр жасапты...
Өмір біреу. Әр адамның басынан сәбилік кез бен жасөспірімдік, жастық шақ пен ересек шақ өтеді. Бұл өте қызықты жылдар. Өмірдің бұл кезеңдерінде адам баласы көп нәрсені жаңа танып, өмір жолын таңдап, еңбекпен айналысады. Ал... ХХ ғасырдың басында туылған адам өмірі өлім аузында болды ғой...
Менің жасы бірге жаңа толған және үштен төртке аяқ басқан сіңлім бар. Олардың қылығына отбасымызбен сүйсіне күлеміз. Біз бақыттымыз...олар бақытты. Әкем, анам, мен және жасы тоғыздағы сіңлім қосылып дәмді –тәттіні оларға төрт жақтан тасимыз. Біз де баламыз. Біз де, әрине, бақыттымыз. Отбасымды мен қатты жақсы көремін. Енді айтайын дегенім –осы нәзік сүйіспеншілік сезімі, отбасылық сүйіспеншілік әр уақытта болды ғой. Бір мен сияқты қыз өз сіңлі інілерін дәл мен секілді қатты сүйді. Дәл мен сияқты мектептен келе сала құшақтап көтерді. Ойнады. Анасын құшақтап, әке мейірімін көрді. Дәл мен секілді....Дәл менің кішкентакй сіңлім секілді бала ойнақтап, еркеледі. Тәтті тілімен алғашқы сөздерді былдырлап сөйледі... Осы мейірімге толы бақытты күндер күрт үзіледі деп сонда кім ойлаған?! Жауыз заман! Таңғы алтыда тәтті ұйқыда жатқан баланың ұйқысын солай үзуге қалай ғана қол барды?! Қалай ?! Атып жатқан адам да адам емес пе?! Бала кінәсі нешік? Ана кінәсі нешік?....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан ˗ алтын бесік

Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа,
Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа.
Мұхтар Шаханов

Адам баласы өмірге келгеннен бастап, оның Отанға деген сүйіспеншілік сезімі бойында оянады. Анасы жас сәбиге бесік жырын айтып, сәбидің құлағына патриоттық сезімді құяды. Есейгенде еліңді, жеріңді қорғайтын ержүрек бол, ˗ деп ақ тілек тілейді. Ата-бабаларымыз аласапыран, қиын-қыстау, сан ғасырлық сұрапыл оқиғаларда ақ найзаның ұшымен жерін, елін қорғады. «Отан ˗ отбасынан басталады», ˗ деген мақал текке айтылмаған. Патриоттық сезім жанұяда қалыптасады. Адамзаттың бойындағы осы асыл қасиетті сезім оны ерлікке, Отан үшін жанын пида етуге жетелейді. Отанның арқасында әрбір адам баласы тіршілік етіп, дамып, ұрпағын қалдырады. Отан сүйгіштік ˗ кісінің тұла бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық игілігіне жұмсайтын ерекше сезім. Қай елдің адамы болса да, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең аяулысы ˗ Анасына балайды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс күні –халық тойы

Соғыстың қажеті жоқ! Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын.
Ги де Мопассан
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер,Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдиннің есімі көпке танылды. Қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова батырлықпен аянбай шайқасып, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде менің туған жерім- Жезқазған жерінен демайдан шебінде болып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер-батырлар аз болмады.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды біз ешқашан ұмытпаймыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өшпес жара

Бұл тақырыпта шығарма жазу үшін көп ойландым. Неге десеңіз, үш бет жазайын, жүз бет жазайын жүректе жатқан сол бір жараны тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Менің атам да Ұлы Отан Соғысының ардагері еді. оның айтқан әңгімелері есімде жоқ . Мен онда мен 3-4 жаста болатынмын. Анамның айтуынша атам 21 жасында майданға аттанған екен. Соғыстың қалай болғанын атам айта қоймапты. Есіңе түсіру атам үшін қиын болатын. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы былай деп жазады: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік».
Қанша үйдің ұрлап адамын.
Қанша үйде сөніп қалды оттар,- деп ақындар жырлағандай, әр шаңырақта, әр жүрекке салған жара 71 жыл өтсе де әлі жазылып қойған жоқ. Өз үнін білдіруге әзір елгезек халық ақындары мен жазушыларының шығармалары бұл жылдары ерекше шабытқа толы болды. Олар жазушылар мен ақындардың туған халқына қалтықсыз қызмет етіп, соның мұңын мұңдап, жырын жарлауының айқын айғағы еді. Бұл шығармаларда неміс фашистеріне деген кекпен өшпенділік, халықты ізгі күреске шақыру, үндеу сарыны көрінді. Әсіресе Отанға төнген қауіп 96 жастағы қарт ақын Жамбылды тыныш жатқызып қоймады. Соғыстың алғашқы төрт жылында ол үш мың жолдай жыр төкті. Олардың ішіндегі ең көркемі әрі құндысы « Ленинградтық өренім» Толғауы еді. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күрделі эфирлер. Майлар (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Сабақ тақырыбы: Күрделі эфирлер. Майлар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.3.23 – күрделі эфирлердің және майлардың ерекшеліктері, майлар қызметі
Сабақ мақсаттары: Карбон қышқылдарының жіктелуін білу және қолдана алу
Органикалық қышқылдар мен бейорганикалық қышқылдардың қасиеттеріндегі айырмашылықты білу; .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс - адамзат үшін ең сұрапыл қырғын

«Қасиет - күші ұлы Отанның, Қасиетін бер қыран құстың! Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың!»-деп ақын да батыр Қасым жырлағандай, қаншама жауынгерлер Ұлы Отан соғысы тұсында бар ашуызаларымен елін, Отанын неміс фашистерінен құтқаруда еш аянбады. Соғыс – бұл миллиондаған адамдардың өмірін қиған кесапат, адамзат үшін ең сұрапыл қырғын. Ол бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген керемет ерліктерге де, адамның жанын ауыртар қатыгез қасіретке де толы болды. 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы халықтың алып тұлғасын танытқан үлкен сын еді. Осы соғыс қаншама қазақстандықтардың бастарын ажалға тіккен, отбасыларын күйреткен, ата-анасын зар илеткен, жесірін жылатқан, жетімін тентіреткен жайтты алдымызға жайып салды. Міне, осындай соғыс зардабын менің әулетім де бастан кешірген екен.
1941 жылы соғыс басталған кезде менің ұлы атам Есенғали Жақыпов Таманбай елінде колхозшы болып еңбек етіпті. Өмірге келген алты баласының төртеуі, жан жары ауыр науқастан көз жұмғаннан кейін екі баласы, яғни менің атам Қайрош пен ағасы Қалымбекті туған ауылы Егіндіағашқа алып келіп, өзінен бірнеше жас үлкен Батиқа апамызды әйелдікке алыпты. Ондағы ойы – жас балаларыма пана болып, осы шаңырағымның түтінін түтетіп отырар деген ой болса керек. Шынында да атамыз Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегі алынып, майданға аттанып кетеді. Бірі – 9, бірі- 13 жастағы екі балапанын Батиқа апамызға аманат етіп тапсырады. Батиқа апамыз Есенғали атамыздың осы аманатын орындап, екі атамды да адал, қайырымды азаматтар етіп өсірген екен. Ал балаларының есейген, ержеткен сәттерін көруді атамыз Есенғалидың маңдайына жазбапты. Соғысқа Сталинград майданында кірген ұлы атам барлаушы болыпты. Оны елге, балаларына жазған хаттары дәлелдейді. «Күндіз ұйықтап демаламыз, түнде «тіл» әкелуге барамыз» деген ғой......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Келешек ұрпақ үшін

Шүйінші ,халқым,шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан ата-анамыз,
Шаттан ата-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке
Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 71 жыл болады. 9 мамыр-сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған , станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз- өздерінің әкелерін,ерлерін , ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар,қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды......
Шығармалар
Толық
0 0