Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері біраз уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлауы керек еді, дегенмен де аталарымыздың қатары азайып, барларының өзі қартайып, уақыт өз әмірін жүргізуде.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Сол аталарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қызғалдақ ғұмыр

Отан басына қауіп төнген қаһарлы соғыс жылдары елін-жерін қорғауға аттанып, мұз жастанып, қар кешкен ерлермен қатар сапқа тұрған қазақтың қайсар қызы азғантай әскери қызметінің өзінде бүкіл халқымыздың қанына тән қасиет танытып, ержүректілігімен, қайсарлығымен, алған бетінен қайтпас табандылығымен келешек ұрпаққа өнеге болатындай із қалдырды.
Ол - Кеңес Одағының Батыры. Көрінген ер шыдас бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп, таңдай қақтырар ерлік көрсеткен қыз. Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлттарының бірнеше ұрпағына қайсарлықтың, жігерліліктің, отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген балғын қаһарман. Көшелерге, мектептерге, шаруашылық пен кәсіпорындарға, тіпті кемеге де есімі берілген, ерлігі туралы әндер, дастандар, кітаптар, мақалалар жазылған, сахналық қойылымдар қойылып, келбеті көптеген мүсіндірге, көркем суреттерге айналған адам. Жанкешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына, аруақтысына айналып, есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған, өзінің тірі ескерткіштерін есепсіз көбейтіп кеткен қазақ қызы. Фәни дүниеде он тоғыз жасқа тола алмай кеткен бойжеткен үшін осының бәрі осал даңқ еместі.
Қазақ халқының мақтанышы, қазақ жерінің топырағында туған батыр қыз Әлияның туған жерінде, туған елінде оған арнап жылына бір кітап жазылса да аздық етпесі анық. Ақтөбенің топырағында дүниеге келген, сол ел-жұртын ерлігімен тәнті етіп, қызғалдақтай қысқа ғұмыр кешкен аяулы, ару қызымыз Әлия туралы бір толғанып, ол туралы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында шығармама арқау еткім келді.
Батыр қыз Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында 1925 жылы маусымның 15-де дүниеге келеді. Бұл- патшалы Ресейдің отары болып, езгіні көріп отырған, рухы қамаулы қазақтар еліне ақ пен қызыл болып жағаласқан дүрбелеңнің салып кеткен ойраны енді ғана бәсеңдеп, жұрт қосүрей күйде отырған кез еді. Әкесі Нұрмұханбет жаны сергек, қажырлы ер мінезді, намысшыл жігіт болса керек. Анасы Маржан Молдағұлова - мінезі өткір, аққұба, көзі аялы, ажарлы адам болған. Әлия анасына тартқан көрінеді.
Тағдыр Әлияны әуелі анасынан айырады......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік рух өшпес даңқ

Жеңіс!
Бағаң сенің қымбат еді не деген!
Ерлік бар ма ел бағасын білмеген?
Ол- батыры, қаһарманы халықтың,
Ерлігіне лайық бағаланса демек ем!
А.Бақтыгерей
1941 жыл 22 маусым. Таңғы сағат төрт. Отыз тоғыздың тамызында шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзған фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Бір-ақ күнде бейбіт өмірдің астан-кестеңі шықты. Бар тірліктің шырқы бұзылып, сол кездегі Кеңес Одағының азаматтары қолдарына қару алып майданға аттанды.
Әлем тарихына қанды әріптермен жазылған екінші дүниежүзілік соғысқа жаһан халқының сексен пайызы қатысты. Соғыс өрті қырық мемлекеттің жерін шарпыса, жүз он миллион адам соғысқа қатысты. Қазақстаннан майданға бір миллион екі жүз мыңнан аса әскер алынды. Ұлы Отан соғысы ежелден даңқы шыққан қазақ халқының қаһармандығын күллі әлемге кеңінен паш етті. Сұрапыл соғыста Бауыржан Момышұлындай даңқты қолбасшы, Талғат Бигелдиновтей қыран ұшқыш, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаровтай ержүрек жауынгерлер, Әлия мен Мәншүктей батыр қыздар жауға намысын бермеген ер халықтың даңқын асырды. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстау жылдары қырық екі мыңнан астам атыраулық жауынгерлеріміз де бейбіт те, бақытты болашақ үшін күресті. Бұл соғысқа біздің Мұқыр ауылынан да жүз жиырмадай азамат қатысыпты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қайсар мінез қазағым

Мен өз өмірімде соғыс дегенді көргенде, білгенде емеспін. Соғыс - деген сөздің өзі өте ызғарлы, суық деген сезім туғызады. Соғыс деген сөздің өзі артынан зұламат, азатпен қан төгілген адамдар, қираған қалаларды қалдырған тарихи жағдайларды есіме салады. Соғыс туралы тек қана көргендерім ғана бар. Мен үшін соғыстың оты, оның зардабы, өмір бойы бітпейтін қиыншылықтары секілді. Көрген киномен оқыған кітаптарымда, соғысты көрген адамдардың қаншалықты қиналатынымен оның әкелген қасіретінен қаншама ұрпақтар зардап шегетінін ойласам, осыншама қайғы мен қасірет әкелетін сөзді кім ойлап тапты екен деген ойға қаламын.
Ұлы Отан соғысы, бұл соғысты екінші дүние жүзі соғысы депте атайды. Бұл адамзат тарихында зұлымдық пен қаншерлікті паш еткен соғыс дер едім. Қырық бір миллион адамның өмірін жалмап, жүзде он миллион адам жарақат алған үлкен алапат қасірет. Осы соғыста қаншама адам зардап шегіп, мүгедек атанды. Қаншама ана жесір қалып, қаншама бала жетім атанды десеңізші. Оңай келмеген жеңісте ерең еңбегімен көзге түсіп, үлкен сый құрметке ие болған, мыңдаған жауынгердің ішінде өзіміздің қазақ жастары да бар. Солардың бірі Атыраулық жерлесіміз ұшқыш Хиуаз Доспанова. Өрімдей жас қыздың, үлкен алапат соғысты бастан кешіріп, өмірдің ащысы мен тұщысын ерте татады. Жаумен алысып, аспандағы шайқаста үш жүз рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан он төрт рет құлап, төрт мәрте ауыр жарақат алған.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс алыптары

Елбасымыздың «Нұрлы жол-болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл-ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өтті. Қазақстанның жарқын болашағының салмақты ұрпақтары тәуелсіздіктің қандай қиындақпен келгенін білу керек деп те айта кетті.
Жетпіс жылдың жетегіне тығылған,
Сұм соғыс ол әр жүрекке сұғылған.
Балалары қимай, жылап әкесін,
Жүгірем деп соңдарынан жығылған.
Осынау өлең жолдары сұм соғыстың қианатынан, көрсеткен азабынан сыр шертетіндей. Қаншама бейкүнә сәби әкелерінен айырылып, жетім қалды. Соғыс болған жылдар аралығында көп қиындықты бастан өткеріп, отбасыларына асықты. Кейбір жандардың арманы орындалып, отбасыларына оралғандар бар, бірақ жастай кетіп, майданда жан тапсырғандары қаншама. Жау жетегінде кеткен батырларымыздың көз жасы, елім үшін деп тамған қан, аққан тер бәріде ел есінде мәңгі сақталады. Ұлы жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. 1945 жылдың 9-мамырында дәл осы қуанышты хабарды естіп халық дүр сілкінді, қуаныштарында шек болмады. 5 жыл бойы айдаһардай төнген күн, осы күні қуанышпен ашылды........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс

Ұлы Жеңіске 70 жылдан асып барады. Жеңіс деген сөзді естігенде қанша адамның жүрегі қуаныштан лүпілдеді, қанша адам қуаныштан көз жасын төкті. Кеңес Одағының халқы күндей күркіреген соғыс жылдарында 1418 күн мен түнде, бүкіл жан-тәнімен Жеңісті жақындатуға тырысты.
Қанша адам мерт болды, қаншасы мүгедек болды. Қазіргі бейбіт күннің ұрпақтары Жеңіс күнін жақындатқан, фашизмге қарсы аянбай күрескен әрбір майдангерге қарыздармыз. Менің аталарым да соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге майданға аттанған екен. Үлкен атам Әлібек 1942 жылы соңғы хатынан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Әбдіраман атам еңбек майданына алынып, соғыстың аяғына дейін еңбек етті. Біздің бейбіт заманда өмір сүруіміз үшін өз өмірлерін қиған аталарымды мақтан тұтамын.
Өзім оқитын мектепте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған стенд бар. Тәрбиеші апай соғысқа қатысқан аталарыңның суреті болса әкеліңдер дегенде мақтанышпен екі атамның суретін елден бұрын әкеп бергенмін. Күн сайын мектепте олардың суреті ілулі тұрған 1-қабатқа арнайы барып, қарап өтемін. Үлкен тәтем осы мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Тәтем айтады: жоғары оқу орнын бітірген соң өз туған ауылыма келіп мектепке орналастым. Жас маманмын, жұмыс істеуге құлшынысым зор, қайда жиналыс болса мені жібереді. 1986 жылы 9 мамыр Жеңіс күніне орай, совхоз партия ұйымының хатшысы шақырып алып, 9 мамыр мерекесіне байланысты салтанатты жиын болады, соған баяндама оқисың деді. Қолыма бір парақ қағаз берді, бұл ардагерлердің тізімі деді. Баяндаманың соңында ардагерлердің аты-жөндері аталып алғыс айтылды. Үйге қайтып келе жатқанда көрші ата: балам, жаңа баяндамаңда Жұматайды атамадың ғой деді. Мен: маған парторг берген тізімді оқыдым дедім. Ертеңіне мектепке барған соң да бір-екі үлкен ағайлар маған осы ескертуді тағы айтты. Сосын парторгке бардым. Мына кісінің атыжөні неге сіз берген тізімде жоқ? деп сұрақ қойдым. Ол кісінің сондағы айтқаны: ол тұтқынға түскен. Түркістан легионында болған. Өзім тарихшы болған соң ба, сол кісі жайлы ауылдағы ардагерлерден сыр тартамын. Таң қалғаным ардагерлер ол кісіні опасыз, сатқын санамайды, керісінше сыйлайды, аяушылық білдіреді. Ол кісі де ауылда тәп-тәуір қызмет атқарады, кадр бөлімін басқарады. Содан кейін сол кісіні көрсем өз-өзімнен қуыстанамын, сол кісіге әділетсіздік жасағандай сезініп жүрдім өзімді....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отты жылдардан естелік

Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 71 жыл толып отыр.Осыдан 71 жыл бұрын фашистік германия КСРО еліне шабуыл жасады.Осы соғыс жолында қаншама қазақ азаматы елі,жері үшін барын салды.Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдары болған.Бұл кез ешбір адамның есінен кетпейтіні анық. Соғыс басталысымен Қазақстан алғашқы күндерден бастап бір жұдырықтай жұмылды.Осынау жер-ананы шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін,ұрпағының болашағын қорғаған.Бейбіт өмірді тарту еткен қан майданда от кешкен ер жүрек жауынгерлер бүгінгі ақсақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар.Олар әрқашанда құрметке лайық.Сондықтан оларға деген алғыс еш толастамасы анық.Сол кездерде қазақ ұлдарының жеңіске қосқан үлесі зор.Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік пен шыдамдылық танытты.Ұлы Отан соғысы жылдарында бірнеше Қазақстандық аталарымыз Кеңес Одағының батыры атағын алды.Олар өз Отанын қасық қаны қалғанша қорғады.Осы бейбіт күнді ата әжелеріміз бес жыл бойы минуттап, сағаттап күтті.Осы қиын кездерден бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.Сол кездегі халқымыздың ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн.Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске ештеңеге тең келмейтін ғажап күшпен жеттік.Ол күш әрине бірліктің арқасында қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қаншама аналар боздақтарын айырылып ,қаншама бала жетім өсті. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан – майдан арсеналы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Казахстан Ұлы Отан жылдарында.
Сабақ тақырыбы: Қазақстан – майдан арсеналы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.4.2.2. – Қазақстан экономикасын соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу;
8.1.2.2. –соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қазақстандық тыл ардагерлерінің жеңіс үшін қосқан үлесін білу.
- тарихи оқиғаларды қысқаша құрылымдалған мәтіннің (тірек сызба ) негізінде тарихи оқиғаларды түсіндіру;
- бір немесе бірнеше деректік материалға сүйене отырып, өз пікірін білдіру;
- Өткен кезеңдермен салыстырмалы түрде тарихи оқиғаларды талдай отырып, мазмұндағы өзгерістерді анықтау;
- Екінші дүниежүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысының салдарын талдау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Сұрапыл соғыс жылдары

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материялдар жариялайды. Кеңес дәуірінде қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл – қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі – Хиуаз Доспанова.
1922 жылдың мамыр айының 15 – інде Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз – Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы.
Оның жастық шағы мен өмірінің басым бөлігі мықты насихаттық идеологияны ұстанған Кеңес заманымен тұспа – тұс келді. Басқа – басқа, Кеңес өкіметінің кезінде Одақ үшін отқа да, суға да түсуге бар жанкешті ұрпақ тәрбиелей білгендігін кімде болса мойындайтыны хақ. Хиуаз да Отанын шын сүйген сол кездегі албырт жастардың бірі болатын. Кеңес заманындағы авияцияның жетістіктері мен ұшқыштардың сан түрлі ерлік істері жөніндегі үгіт – насихат қазақ қызының да осы салаға деген ынтызарлығын оятқан. Осындай ой – қиялдың тұңғиығында жүрген қағілез де пысық қыз ақыры дегеніне жетіп, 1940 жылы мектепті үздік деген бағамен бітірген. Ол тек мектепті ғана тәмәмдап қоймай, запстағы ұшқыш деген куәлігін қоса ала шығады. Енді өзінің ұшқыш болатындығына сенімі нығая түскен, оқудан соң тура Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери – әуе академиясына түспек болған оның алғашқы қадамы сәтсіз болды. Бұған налыған Хиуаз ба? Ол бірден Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. .....
Шығармалар
Толық
0 0