Бетті өсімдік майымен жуудың көптеген артықшылықтары бар: біріншіден, кез келген типтегі бет терісін жақсы тазартады; екіншіден, теріні кебуден қорғайды; үшіншіден, теріні жұмсақ, икемді, нәзік етеді.
Майды бетіңізге жағып, уқалап, сәл ыстықтау сумен жуып тастаңыз. Неге май теріге пайдалы? Біздің теріміз әрдайым май бөледі. Тіпті құрғақ терінің өзі тері май бездерінен кенде емес. Теріні тек сумен ғана жуып, біз қателесеміз, өйткені майды сумен кетіре алмайсыз. Ал майға маймен әсер етуге болады, яғни ерітіп, артығын кетіруге мүмкіндік туады.
Сумен жуынудың (көпіршіктер мен гельдерді пайдалансаңыз да) тағы да бір кемшіліктері бар. Біріншіден, көпіршік туғызатын барлық құрылғылардың құрамында химикаттар бар. Екіншіден, сумен жуыну кірленген терінің майлы бездерін толық кетіре алмайды, сол себепті терінің ұсақ тесіктері бітеліп, қара нүктелер пайда болып, бөртуі мүмкін. ......
Нұрлыбай көзі кіртиіп, қабағын тыржитып, үстеліне сүйеніп бірсыпыра салбырап тұрды да, барқытпен көмкерілген жұмсақ үстелге сылқ етіп отыра кетті.
Нұрлыбайдың жазу үстелі қай қызметкердікінен болса да артық. Қызметкер дегенің нақа бір шаруашылық орнында істеп, соның бір еңбек сіңіріп кетейін дегені болмаса, көбі жазу. Үстелін жөндеуді білмейді ғой. Қызметкерлерің былай тұрсын, күндіз-түні жаумен айналысатын жазушылардың көбі де ақсақ үстелден қол үзе алмай жүр. Далада өскен қазақ баласы, нақа бір кент әйеліне үйленгені болмаса қала тұрмысын бір жөндей қоя ма?
Нұрлыбайдың өзгешеден бір артықшылығы — осы жазу үстелін жөндегендігі. Жөндегенде — нағыз оңдысы, сырлап тастаған тартпалы үстел.
— Үстелің онды екен, — деп қызығушы болса:
— Осында бір таныс жігіт бар еді, соның істеп бергені... Керек болса, істетіп берейін, - деп жымыңдайды.
Сөйтіп, Нұрлыбай арқылы әлгі «шебер жігіт» басқада қызметкерлермен танысып, араласып кетеді. Шебер жігіттің түпкі тілегі де осы қызметкерлерге араласу болғандықтан, ол Нұрлыбайға істеп берген үстелінің басы толықтанды деп біледі. .....
Жер жыртты ерте тұрып қарашекпен, Қашаннан кәсібі еді егін еккен. Асырап қатын-бала еңбегімен, Кісі еді күшін жегіп ауқат еткен. Ертеден кешке дейін дамыл алмай, Өткізді ұзақ түнді қызметпен .....
Отаның үшін жасауың керек неше ерлік, Қажеті қанша жігітке жігер өшерлік. Отаның үшін махаббат керек, махаббат, Отанын сүймеу – есерлік! Ғ.Қалибекұлы Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Аллаға шүкір ата- бабаларымыз армандаған Тәуелсіздігімізге ие болып, 71 жыл Қазақтың ержүрек қаһармандарының арқасында біз бақытты, тәуелсіз, бейбіт, ашық аспан астында, сыйластықта өмір кешіп жатырмыз. Біздің Отанға деген махаббатымызды өлшеуге болмайды. Мен өз елімнің патриотымын. Патриотизм дегеніміз, өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгенділік, өз Отанының мүддесі үшін кез келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық.2016 жыл Ұлы Жеңістің 71жылдығы мен сұрапыл соғыстың басталғанының 75 жылдығы екені баршаға белгілі..«Өткенді білмей, болашақты болжау қиын» деген ұлағатты сөз бар. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады.....
Шапшаңбай – басқарма ағасы. Күнжан – оның әйелі. Сүндет – есепші (счетовод). Парыз – өтірік «белсенді». Жанбол – колхозшы (партизан) Бәкен – колхозшы. Ақсүйрік– оның әйелі. Қамза – комсомол ұясының бұрынғы хатшысы, мұғалім. Жұпар – соңғы хатшы. Xайдар – комсомол. Өтеміс – комсомол. Қарғабай – колхозшы, жас бала жігіт. Дәурен – колхозшы. Талтаңбаев – өкіл. Жақсылық–райкомның жаңа хатшысы.
БІРІНІШ ПЕРДЕ
БІРІНШІСУРЕТ
Екі есік: бірі бірінші бөлмеде, екіншісі тысқа шығады, ұзын үстел, орындықтар. Үстел үсті бұрқыраған қағаз. Бұрышта шкаф. Есік жақ шашылған түрлі ыдыстар. Үстел, орындықтардың арқалықтарына баланың жаялықтары жайылған. Шымылдық ашылған кезде Сүндет үстелге төсін тірей, шот қағумен отыр.
Сүндет (ашулы). Ал, құдай атты да қалды: бір шыққан емес есебім. Маған керек сан мың төрт жүз отыз, былай салсам да жетпейді оған, олай салсам да...
Күнжан (көрші бөлмеден басын шығарып). Сенбісің салып жатқан? Сонша даурығып... Баламды шошыттың.
Күнжан (безеріп). Қой, қой... Масқара-ау, тапа-тал түсте... (Сүндет тұрып қалады.) Осы елдің жігіті қызық, өй... Басқа елде де болып көрдік қой... (Сүндет томсарып, есебіне шұғылады. Күнжан күлімсірей түсіп.) Дүкенге бардың ба, әй?
Сүндет. Мына есебімді ұмытсам да, оны ұмытпаспын. Сенесің бе, мына шотты қағып отырғанда соның әрбір тасы сен болып күлімсірейді маған. Сенесің бе?.. (Елеуреп ұмтылам дегенде, Күнжан ыршып есікке барады. Сүндет үстелдегі қағазын шашып алады.)
Күнжан. Бетім-ай, осы елдің жігіті қызық, тал түсте... Басқа елдің жігіті бүйтпейді. Қарабас елінде тұрдық қой, сонда бір шотавот болды.
— Ойбай орыс келді, солдат келді!— деп Ерғалидың кішкене балалары үйге апалақтап кірді.
Үйде Ерғали пешке арқасын сүйеп, бәйбішесінің жыртылған мәсісін бастап отыр еді. Бәйбішесі Дәметкен қолында ұршығы, төрде шынтақтап жатқан Жамақ деген қайнысымен сөйлесіп отыр еді. Ерғали тігінін, бәйбіше ұршығын, Жамақ әңгімесін қойып, балалардан бетер бұлар да үрпиісе бастады. Лапаста жатқан мойнақ, орыс көргенде, үретін дауысына салып, арсылдап даланы басына көтерді.
— Құдай-ай, өзің сақтай гөр! Жылдың өзі ауыр. Орыс орманда көбейіп кетті. Қылышын сүйретіп үйге кіріп келгенде, осы зәре құтым қалмайды!— деп Дәметкен күрсінді.
— Кім қорықпайды дейсің, мазаны кетіріп-ақ тұр ғой,— деп Жамақ шыға қашуға ыңғайланған адамша тізерленіп алды.
Ерғали қорқақ адам еді, көзі адырайып кетті. Қолындағы былғарысын біресе киіздің астына, біресе қобдына салды. Солдаттың көзіне ілінсе, жамаулық кішкене былғарыны алып кететіндей көрді. Бұдан бір күн бұрын келген солдат көзіне елестеді. Көрші поселкедегі большевиктерді ұстай келген отрядтың адамы екен. Басында қазақтың тымағы, аяғында жаңа былғарыдан тіккен жарма қоныш, сатиянды етік. Киіміне қарап қазақ бола ма деп жанына жетіп барғанда, орыс екенін бір-ақ білген. "Сенікі бәлшебек бар",— деп бүркіттей түйілгенде, Ерғали жанын қайда қоярға білмей сасқан. Ол кездегі үкіметке болшевиктің жексұрын екендігін сезетін еді. Сондықтан өзімді большевик деп тұр ма деп үрейленіп, солдатты жалынып үйіне кіргізген жерінде баласының болыскей ер-тоқымын көріп қалып, солдат қолтыққа қысады. Алма дейтін Ерғалида дәрмен бар ма? Бармақты тістеп қала берді. Ер-тоқымды еңгеріп алып, қоқиланып шауып бара жатқан солдаттың әбден қарасы үзілген соң барып, зығыры қайнап кетіп: "Сол кеткеннен келме, жолыңа жуа бітсін!"— деп Дәметкен бәйбіше қарғап еді. Одан артық қылар дәрмендесі жоқ еді. .....
Отаным, еркелегем өзге кімге, Өзіңмен нені болсын көргем бірге... Қалайша қабырғама батпас менің Басыңа қатер бұлты төнген күнде? Ғ.Орманов. «Отан отбасынан басталады» деген сөзде терең мағына жатыр. Себебі Отан мен ана деген егіз ұғым - адам өміріндегі ең басты қасиетті сөздер. Өз Отанына қызмет еткен, топырағынан қуат алып, асқақ армандарына құлаш созған ата-бабаларымыз дархан даланы келешек ұрпаққа мұра қылып қалдырған.Алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю- әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы. Өйткені Отан деген тек өскен жерің ғана емес, ол-күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіне жаратып, отырған кең-байтақ жерің, құрбықұрдастарың, ата-анаң, өмір сүріп жатқан туған елің. Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекенді қорғау, амандығын тілеу, ел болашағына жауаппен қарау, әрбір елім деген азаматтың перзенттік борышы. Әр адам баласына туған күнінен жақын ең қымбат жан ана болса, есейген сайын «Отан, туған жер» деген ұғымдардың мәніне терең бойлап, үңіле бастайсың. Оны түсінген сайын, Отанның маңыздылығын сезінеді екенсің. Отанға деген ыстық сезімді өмір бойы адамдар жүрегінің бір түкпірінде сақтап жүреді.....
Сол сұрапыл жылдарда елім, жерім деп қасық қаны қалғанша соғысқан қанша азамат ажал құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Жап-жасыл бейбіт даладан сән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. 1941 жылы 22-маусымда таңғы сағат төртте Фашистік Германияның басқыншылық шабуылы басталды. Кеңес Одағының шекарасына от қойып, қаруланған фашистер кіріп келді. Мүлдем дайын емес болған Кеңес Одағы ер азаматтардың жетіспеушілігінен алғашқы жеңілістерге ұшырап жатты. Шабуылдан алғаш болып Брест бекінісі, Ленинград, Сталинград тағы да басқа қалалар соғыс өртіне оранды. Фашистік германияға қарсы шығу үшін республиканың түпкір-түпкірінен әскери комисариаттарға еріктілер ағылды. Қызыл әскер бірте-бірте есін жиып, қорғаныс шебіне көшті. Мәскеу түбіндегі кескілескен ұрыста Лениград, Сталинград қалалары маңындағы ұрыстарда, біраз шығынға ұшыраған фашистер жоспарларының оңайлықпен іске аспайтындығын аңғарды. Ақыр соңында өздерінің жеңілісімен аяқталды. Бұл соғыс қанша адамға қайғы-қасірет алып келгенін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Қазақстан халқы да бұл тұста қарап жатпады. Өздерінің үлесін қосуға жұмыла кірісті. Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі қызы --- мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова ер жігіттермен бірдей қолдарына қару алды. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі --қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев болды. Ал танымал қолбасшы, танымал батыр, әрі жазушы Бауыржан Момышұлының ерлік істеріне адам сүйсінеді. .......
Өмірі - ұрпаққа өнеге. Соғыстың аты соғыс қой, Жалмады талай арысты. Мылтықтың оғы босқа ұшпай, Өлiм мен өмiр алысты. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін тажал. Ұлы Отан соғысының кешегі естен шықпастай болған сол бір кез, күн-түн демей жаумен жағаласқан жылдары ешқашанда ұмытылмайды. Денеге қадалған оқ орны, жарылған бомба жарықшағы күйдірген жара жазылды. Бірақ халқымыз Отан тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ұлдары ман қыздарының есімдерін ұмытқан емес.Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғанына, міне, биыл 70 жыл. Біздің халқымыздың ашық аспан астында бейбіт еңбек етіп, бақытты өмір құрғанына да 71 жыл. Сол қанды кезеңді еске түсіріп елестетін газет- журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлар тойлайды. Неменеге жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, ......