Әңгіме: Бейімбет Майлин | Қара шелек

Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді.

— Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, деп Бірмағамбет, Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан.

Бірмағамбет мұны айтқанда, Айшаны салақ деп, дүниесін бүлдіріп ұстайды деп айтқан емес. Айшаның сөзін аяқсыз қалдырмағандығын сездіргелі айтқан. Әйтпесе, Айшаның жинақтығы, күтімділігі, бірін мыңға балап ұстайтындығы бүкіл ауылға мәлім. Салақ қатындар Айшаны жаратпағанда, Айшаға мін таққысы келгенде:

— Көріне бірге алып кетсе, көрерміз: әйтпесе кімнен қалмаған дүние, — деп бұрқылдасады.

Сол қара шелек бүгін майып болыпты! Қожағұлдың қара тоқалы біреуден нәрсе сұрамай, алған нәрсесін бүлдіріп бермей жүре ме, бүгін келіп қара шелекті сұрай қойды. Айша — шелек сұраушыны жайшылықта маңына жүргізбейтін:

— Менен кедей емессіңдер ғой, керек болса, сатып алыңдар, —дейтін.

Бүгін сонысын айта алмай қалды. Айта алмай қалған себебі болды: бүгін айға толды Бірмағамбет жоқ! «Аудан жұмсапты, науқанға өкіл қылыпты, 5-ауылдың байларын Бірмағамбет протоколдап ауданға айдап жіберіпті...» деген сияқты хабар еміс-еміс естіледі. Науқаны несі? Байларда не жұмысы бар? Айлап қаңғырғандай, ай толғанша үй бетін бір көрмегендей не болды? Бұл не деген сұмдық? Қатын-баласынан безген адам бола ма екен деп бірер күннен бері Айша үздіксіз ойлаумен жүр. Күл шығарса да, от жақса да, жалғыз ала сиырды қақпалап суатқа апарып суғарса да есі-дерті Бірмағамбет болады да жүреді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс зардабы

1942 жылы шілде айында жарты жылға созылған Сталинград шайқасы басталды. Фашистік Германия совет әскерінің қарсылыстығын тез арада жойып, тоқтамас шерумен Волгаға дейін жетуді жоспарлаған. Волга мен Дон өзендерінің арасында қанішер соқтығыстарда көптеген әскерін жоғалтқанымен, қарсыластарымыз біздің әскердің қорғанысын бұзып, Сталинградтың солтүстігіндегі Волгаға қол жеткізді. Күндіз-түні қантөгіс соғыстың шуы басылмады, бүкіл қала от пен түтін астында қалды. Волганың өзі алау астында көрінді. Соғыс шегі қараша айында Волга өзенінен бір шақырым жерде өтті, көптеген стратегиялық маңызды биіктер фашистердің қол астында болды және сол биіктерден фашистер совет әскерлерін атқылады. Көптеген адамдардың мерт болғанына қарамастан, Сталинград қаласын алуға бірінен соң бірі жаңа вермахттың бөлімдеріне келіп жатты. 62 әскер басқарушысы генерал Чуйков В.И. былай деп жазған: «Гитлер бүкіл Германияны осы бір қаланы алу үшін құрбан етуге дайын болып көрінді».
1942 жылы күз айында Сталинград ауданына 70-тен көп жаңа дивизиялар жұмылдырылды, қарсалыстан күші 2 есе өскендей болды. Бірақ дұшпан жерімізге тереңдей кірген сайын, Сталинград қорғаушыларының қарсыластығы күшейе түскендей болды. Сталинград жерінің әр метрін, әр көшесін, әр үйін тіспен қорғады.
Біздің жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Архипович Легостаев Сталинград шайқасына қатысқан кезінде жарақат алып көрген тәжірибелі солдат еді, бірақ сол жерде басынан кешкенді соғыс аяғына дейін көрмеді. «Сталинград жерін қатерлі темір-терсек басып қалды. Топырақты уыстап алып, саусақ арасынан терсек, қолында оқ болмаса, жарқыншақ қалар еді. Бұл жерде болған нәрсені сөзбен айтып жеткізуге болмас . Тоқтаусыз бомбылау, артиллериялық және минометтік атыстар. Бірінен соң бірі жалғасқан немістік әскерлердің шабуылы. Шайқас трактор зауытының ғимараттарында да жүргізілді, әр көше үшін, әр ғимарат үшін қантөгіс болды. Ғимараттар кейде «қатпар- қатпар пирогті» еске түсірді. Астыңғы қабатта біздікілер, ортаңғыда – жау, одан кейінгі қабатта -біздікілер. Кезектес жетістікпен ғимараттан бір-бірімізге отпен қуып отырдық ». Сталинград қабырғаларында гитлерлік ең мықты әскерлерді жинап, оларға керемет соққы беріп, қала қорғаушылары осы қантөгіс соғыста жеңіске бет бұрды. Сталинград түбіндегі жау әскерлері 1943 жылы 2 ақпанда көзі жойылды. Сталинград түбінде 200 күн шайқас кезінде вермахт 1,5 миллион адам жоғалтты......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Қысқы ауылда


...Біз үйге кіріп келгенде, сары самаурынды ортаға алып, төрт-бес кісі шайға бас қойып жатыр екен. Ат жақты келген, шүңірек көзді қара кемпір күпісін жамылып, ыстық шайға нанды малшып жеп отыр. Екі жас жігіт жалаң бастанып, терлеп-тепшіп шайды ұрттап жатыр. Екі келіншектің біреуі шай құйып отыр, біреуі жас балаға сүт ішкізіп отыр...

— Кеш жарық...

Бәрі де ажырайысып қарады. Жігіттер ығысып орын берді. Ала дастарханның бұрышын созып, алдыма таман тартты. Бірер минут тұнжырасып отырғаннан кейін сөзге кірісті: олар менің аты-жөнімді, қайдан келе жатқанымды, не жұмыспен шыққанымды сұрады.

— Е, солай де, Қызылордадан шықтым де...

Қара кемпір бетіме тесіле қарап отырды да:

— Шырағым, қашан шықтың?.. Сол жақта біздің бір жаман баламыз болушы еді, одан хабар білесің бе?!— деді.

— Әй, әже-ай, жоқты сұрайсың-ау, Қызылордада кімдер жоқ дейсің, бұл жігіт қайсысын біле берсін,— деп самаурынға таяу отырған бақа сары жігіт кейіңкіреді.

Кемпір жым болды. Жас әйелдер өзара күңкілдесіп, жас баланы сылтау қылып, бірдеме айтып күліседі.

— Бетіңнің кірін қара, балаң сүймеймін дейді, жүр, бетіңді жуайын,— деп біреуі баланы жетелейін деп еді, бала көнбей бұртиды.

— Тұр, қалқам, жуғыз, ұят болады, мына кісіні көрдің бе,— деді әжесі.

— Қойыңдаршы, баланың бетін жуғанды қайдан шығарғансыңдар, жуып керегі не?— деп кемпір де кірісті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Атам менің – ер жүрек, майдангерім

Атам менің - абыройым, мақтанышым,
Атам менің – сән құрар салтанатым.
Атам менің – ер жүрек, майдангерім,
Атам менің – асылым, ардагерім.
Авторы өзім
Елімнің бұрынғы өмірі қандай болды, қазіргі өмірі қандай деген сұрақтар мені үнемі толғандырады. Елімнің бұрынғы бастан өткізген жан түршігерлік өмірін естен шығару мүмкін емес, бірақ кейбіреулер ұмытқан сияқты. Мен ешқашан ұмытпаймын. Өйткені сол кезеңді менің атам басынан өткерді. Атам үнемі сол кезең туралы айтқанда құйқа шашым шымырлап, үстіме біреу мұздай су құйып жібергендей күй кешемін. Ойым сан жаққа жүгіреді. Сол бір «соғыс» деген сұмпайыны қаншама адамның өмірін алды, қаншасының өміріне балта шапты, қаншасын зар жылатты. Аталарымыз, аға – апаларымыз қан төгіп, өмірлерін құрбан етті. Соғыс ешкімге аяушылық танытпады. Соның бәрі не үшін? Яғни келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін, біздер үшін. Менің атам 1924 жылы 5 мамырда киелі Торғай өңіріндегі Қошалақ деген жерде өмірге келген. Әкесі Камал атам екі жасқа толғанда қайтыс болған.
Анасы екеуі әкесінің інісі Мейрам отбасымен бірге тұрған. Қиыншылықты көп көрген. Ашаршылықты бастарынан өткізген. Соғыс басталғанда менің атам не бары он жеті жаста болған. Өз еркімен сұранып, елімізді жаудан қорғауға аттанған. Бір – екі ай «Катюшамен» қалай соғысу керектігін оқып, майдан шебінен бірақ шыққан.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Кәусарым

Мен сені сақтап қалам,
Қиындықтан әрдайым қорғап барам.
Жетелеймін өмірдің ағысымен,
Дауылдарға қарсы тұрып ақтап алам.!
Сен маған өмірге, күн силаған.
Сен маған қайғы, мұңды қимаған.!
Жанарыңды жанарыммен....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Кедей теңдігі


1917 жыл, ноябрьдің іші, ел арасында жүріп Қауқымбайдың үйіне кездейсоқ болып қонғам. Менімен бірге дуаннан келе жатып Тәңірберген де қонған. Шам жаға шайды алып келді. Біз бай, бәйбіше, мырзамен бір дастарқандамыз. Самаурынның есік жағына кірлі майлық орамалды жайып жіберіп, үсті басы далба-дұлба, бір жігіт отыра кетті. Шоқпақ бұжыр қара, қолы тілім-тілім жарық, байдың малайы екенін адам айтпай-ақ, пішінінен, отырыс-тұрысынан білетін.

Бізге өзінің байлығын, малай ұстайтындығын білгізгісі келді білем, Қауқымбай бай көтеріліңкіреп қойып:

— Әжі өгіздерді байладың ба?— деді.

Бәйбіше байдың сөзін көтермелейін дегендей:

— Қыс болса жақындап келеді, тезек жанындағы жалаңның шомын дұрыстау керек еді, сүмеңдеп қыдырумен-ақ ұзақ күнді кеш қылады,— деп ілді.

— Сүмеңдеп қайда бардым,— деп есік жақтағы жігіт күңк ете қалды.

Бай мен бәйбішенің екі аралығында отырған мырза күлімсіреп:

— Балалармен доп ойнағаны болмаса, ешқайда барған жоқ,— деп кекетті.

Ата-енесінің, байының ізінен шығайын деген секілденіп келіншек:

— Жұмысының көптігінен ағаш жарып беруді де қойды, бүгін шайға суды өзім әкелдім,— деп бір түйреп өтті.

Айыбын мойнына .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар

Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар? - деп халқымыздың көрнекті ақындарының бірі Сырбай Мәуленов жырлағандай, сұм соғыс қай шаңыраққа қайғы–шер әкелмеді десеңізші?! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл сайын азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы! Ұлы Отан соғысы... Бұл тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сиякты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні– бұл барлығымызға ортақ мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі біздер үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның дамуы мен қайта өрлеуінің негізі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Батырларымыздың табандылығы мен ерлігінің арқасында, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында олар қатал соғыста жеңіске жетті. Сол жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өз нышаны жоқ мемлекет болмайды

«Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»
Н.Ә.Назарбаев
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтейтін және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздеріміз бар. Бұл міндеттің күрделігін Елбасы нақты пайымдап, «..бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты». Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранның сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленген.......
Шығармалар
Толық
0 0