Ер азамат – отбасының басшысы әрі қамқоршысы. Әйел адамдардың міндеттері болатыны секілді, ер адамдардың да отбасында атқарар өз жұмыстары бар. Ал жақсы жолдас нендей нәрселерді жасамайды? Ол:
✅ 1. Сынамайды. Жақсы күйеу әйел адамның қисық қабырғадан жаратылғанын біледі. Сондықтан да сынап, мінеумен оны сындыруға тырыспайды. Бір хадисте: «Әйел адам қисық қабырғадан жаратылған. Оны түзетемін десең сындырып аласың» - деген (Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен). Әйелді тек ақылмен, мейірімділікпен ғана тәрбиелеу керек. Кемшіл тұстарын айтып, кемсіте бергеннен гөрі, жақсы жағын айтып, мақтап қойсаңыз, әйеліңіз сіз үшін жақсы болуға бар күшін салатын болады.
✅ 2. Тексермейді. Сенімсіздік – ерлі зайыптылардың ортасындағы ең үлкен кедергі. Дініміз де бір-біріне сенуге, күмәнді, теріс ойлардан аулақ болуға шақырады. Сенім бар жерде өзара сүйіспеншілік те, тыныштық та арта түседі. Абу Һурайрадан Байхақи риуаят еткен хадисте: «Сендердің ең жақсыларың, әйеліне жақсы қарайтындарың» - делінген. ......
Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер. Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге ....
«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп,күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк.» Бауыржан Момышұлы Соғыс...Сұм соғыс... Анасын баласынан, азаматты сүйген жарынан айырған, сан сәбиді жетім етіп, зар жылатқан, қаншама қаракөздің тұнық жанарына мұң ұялтқан қанішер сен емес пе ең?! Жүрегі тыныштық деп соққан, көңілі бейбітшілік деп ұрандаған әр адамның сенің атыңды естігісі келмес...Бірақ, сен барсың. Ол – ақиқат. Көңілі тар, дүниеқұмар жан барда,өкінішке орай, сен де боласың. Жегі құрттай әлемді жайпап,күйзелтесің, қиратасың, сан ғасырлар орнатқан мәдениетін күл етесің. Сені жеңер бір ғана күш бар. Ол – сүйіспеншілік. Өмірге, табиғатқа, адамдарға деген сүйіспеншілік адамды көп қауіптен аман алып қалар еді! Әттең,осы бір әдемі сезім бар адамзаттың бойынан табылып, жүрегін нұрландырса ғой, шіркін! Дегенмен, олай емес. Адамдар сүйіспеншілік сезімін атаққұмарлық, дүниеқоңыздық жолында құрбан етуде... ...Осыдан 75 жыл бұрын да солай болған. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестер Одағына соғыс ашып, жеріміздің шетіне ескертусіз баса-көктеп кірді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. ......
Жауды жеңіп табиғат сап, Жермен –жексен еткен ерім Қуан, қуан, күлші сақ-сақ, Шын жеңіске жеткен елім
Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсріп, елестететін газет- журнал материалдары радио, телехабарлар , кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә содан беріжарты ғасырдан астам уақыт өтсе де,ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Осыдан жетпіс бір жыл бұрын ,дәл таң қыла бергенден фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыста біріншілердің бірі болып Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық- шекарашылар қарсы алған еді. Соғыс өрті кенеттен тұтанғанымен Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен – ақ жұдырықтай жұмылды. Республиканың түпкір- түпкірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да, соғысқа сүранды. Біз соғыстың тек қана майдан жерінде ғана емес, тылда да жүргенін айқын білеміз. Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін , Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығын жаудың қолына бермеу үшін тылға көшіре бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан аумағына жүз қырық екіге жуық кәсіпорын жайғасты. Ер азаматтардың барлығы армия қатарында болғандықтан , зауыттарда әйелдер, қариялар мен жасөспірімдер тынбай тер төкті. Еңбек тәртібі қатайтылды , жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық , жиырма үш сағаттық жұмыс күні бекітіліп, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ел «Бәрі де , майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!», деген ұранмен еңбек етті.Сол кездегі Кеңес Одағының халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «Тұтқиыл» шабуылмен талқандап, әлемдегі тұңғыш социалист мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. ......
Есіл ерлер! Сендерге Алатаудай ескерткіш орнатса да лайық...
Онымен де орындарың талмайды... "Талапты" ауылынан қан
Автор
I
Арай бүгін ала сиырды жаңа түскен келініне сауғызды. Шашағы кере қарыс қыжым орамал бүркенген келін екі күн бойы шымылдық ішінде отырып еді, бүгін енесі оны ерте тұрғызып, тұңғыш рет үй шаруасына қосты.
— Сиыр сау, келін. Өз малыңа ие бол енді, — деді.
Арайдың арманы көп еді. Көбелек қуған баладай көп жүгірді.
Біреуіне жетті, біреуі жеткізбеді. Әсіресе аңсағаны — келін түсіру еді. Дәл бір өзі қайта жасарып, жас келін дәуренін өзі бастан қайта өткерердей күтті ғой бұл күнді. Ауылдас абысыны Зергүл:
— Әй, байғұс, сенде де арман бар ма. Бейнеттен босап жаның кіріп қалды-ау. Біздің Туған бір шүйкебас тауып, мен келін түсірер де күн бар ма екен! — деп күрсініп кетті. — «Рең -басы да түлкінің баласындай сүп-сүйкімді екен. Бізге қандайы жолығады?»
Ауырмай жаным қиналды, Ауытқып жүрек орнынан. Уайым қоршап мені алды, Жігерім жасып болды нан. Болса да жүйрік ой ұшқыр, Өзіме өзім жақпадым. Өміріме жол нұсқар, .....
9 мамыр – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Н.Назарбаев Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп, соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінін дәлелі.Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімде ата-бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола білді. Сол бір сұрапыл да отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері де ешқашан ұмтылмақ емес. Осынау күн-бейбітшілік сүйгіш адамдар асыға күтетін қасиетті күн. Біз майдангерлер алдында және соғыстың ауыр жылдарында тылда жан аямай еңбек етіп, зауыт-фабрикаларды, ұжымдық шаруашылықтарды жеңісті жақындатуға үлес қосқан қажырлы жандар алдында басымызды иеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі-Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге»,-деп айтқан болатын. Уақыт өткен сайын сонау сұрапыл қырқыншы жылдар оқиғасы тарих қойнауына еніп, оған қатысушылар қатары азайып келеді. Ендігі біздің парызымыз-ардагерлерді қамқорлыққа бөлеу........