Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы
шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс - уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.
Өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай.
Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген Шеңгелді ауылының құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылдың сүйікті қариясы бола білген Иманбердиев Әуелбек атамыздың соңғы 2004 жылғы оқушылармен бірге кездескен естелігін алып отырмыз.
Иманбердиев Әуелбек 1921 жылы 14-июльде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді ауылында туылған. Жанұямыз ол кезде дихан-шаруа-колхозшы. 1934 жылдан 1937 жылға дейін Шеңгелді бастауыш мектебінің 4-класын бітірген. 1938 жылдан 1939-40 оқу жылында Түркістандағы №19 темір жол қазақ орта мектебінің 7-класын бітірген. 194041 жылдардағы Түркістан қалалық өрттен қорғау бөлімінде істеген.1942 жылдық 4-ші қантарда Совет армиясының қатарына алынып Ленгер, Қазалы қалаларында әскери дайындықтан өткеннен кейін, 1942 жылғы 10–шы мартта майданға қарай аттанып, майданда Украинаның Светогорск, Барвенкова, Запарожья, Николаев, Раздельная қалаларының бағыттарында кескілескен ұрыстарға қатысып, жеңіске үлкен үлес қосқан. ІІІ-Украина майданында 57армияның қармағындағы 244-Запарожья дивизиясының 907-стрелковой полктың 3-баталенында, 3-рота, 3-взводында болып, Молдава Республикасы, Бессаравия, Румыния, Болгария жерлері жаудан азат етілді.....