Ну орманды мекендеп, бірімен-бірі сыбайлас боп қатар жүрген піл мен маймыл бір күні өз бойларындағы артықшылықтарын айтысып отырып дауласып қалыпты. – Менің бойым таудай. Күшім де көп, – деп мақтаныпты піл. – Ашулансам бар ғой, қандай жуан ағашты болса да тамырымен қопарып тастаймын. Ондай қайрат сенде жоқ! – Ал мен ептімін, ештеңе бөгет бола алмайды, – деп, таласыпты маймыл. – Ағаштан-ағашқа ырғып, ну жыныстың арасымен сырғанап жүре беремін.......
Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,тіршілік қан жылататын, қайғықасіретке толы қаралы сөз. Осыдан талай жылдар бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Сол Ұлы Отан соғысы жайлы бірсыпыра айтып өту мүмкін емес. Қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысқа жандарын қиды. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды.Ұлы жеңіске еліміздің барлық халықтың жеңіске құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді,Отанымызды сақтаймыз-деп жан аямай соғысып еңбек еткеніміздің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан да бұл мереке адамзатқа олардың ұлтына,дініне,тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш,ортақ жеңіс. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындар да соғысқа сұранды. Бұл қанды майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды. Сонымен қатар,атағы аңызға айналған жаңа тұлғалар тарих бетіне өздерінің ерліктерімен аттарын алтын әріппен жазып қалдырды. 500-ден аса жерлестеріміз оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олар:қазақтың қос аруы М.Мәметова, Ә.Молдағұлова және қазақтың қайсарлы ержүрек жігіттері Б.Момышұлы, Т.Бегельдинов және тағы басқалары. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бой өз жері, отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украина қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды........
Қалақтай едің, Қабірінде қалақ тұр. Туғаныңды, өлгеніңді санап құр. Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып, Қыр басынан қала жаққа қарап тұр. Қызым менің, Гүлім менің, .....
Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылданжылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай ержүрек батырлардың бірі - менің жерлесім, Құлсары қаласының тұрғыны Әбдірахман Елубаев. - Сәлеметсіз бе, ата! Маған сіздей ұлы адаммен кездескен, сіздей батырды көзбен көрген үлкен қуаныш! Менің сіз туралы, соғыс туралы барлығын білгім келсе де, сіздің мазаңызды ала бермей, сұрақтарымды нақты, қысқа қоюға тырысамын. Ата, сіз соғысқа қалай шақырылдыңыз,қандай жерлерде ұрыстыңыз? - Сәлеметсің бе, айналайын, ниетіңе рахмет! Мен өзім жас болмасам да, сол кездер есімде жақсы сақталған. 1944 жылдың қараша айында ауданнан әскерге 96 адам алындық.......