Қазіргі қоғамдағы мәселенің бірі – оқыған-тоқыған, жұмысы бар қыздардың теңін таппай отырғаны. Кейбір деректерге қарағанда, еліміздегі 18-бен 35 жас аралығындағы 700 мың тұрмысқа шықпаған қызға 300 мың бойдақ келеді екен. Осы орайда Астана арнасы мұның себебін білу үшін бірнеше қызды әңгімеге тартты, деп хабарлайды nur.kz.
Отандық қолөнерші танымал әнші Мөлдір Әуелбековаға айып тақты. Қолдан әшекей бұйымдар жасап сатумен айналысатын келіншек Әйгерім Ахметова 20 мыңның бұйымдарын алып, жарнама жасамай қойған Мөлдірге ашулы екенін жеткізді деп хабарлайды nur.kz.
Аталған Үйсін мемлекетімен қатар Қазақстан аумағында Қаңлымемлекетіөмір сүрді. Қаңлымемлекеті де қытай деректері арқылы әлемге мәлім болған. Қытайдың "Тарихи жазбалар. Ферғана тарауында": «Қаңлы (Кангюй ) Ферғананын батыс солтүстігінде шамамен 2000 ли - шақырымдай жерде тұрады. Көшпенді мемлекет. Даружылармен ғұрып-әдеттері ұқсас. 70-80 мың жері бар. Ферғанамен іргелес отырған ел» /6/ -деп жазылған. Осы еңбектің даружылар тарауында: "Даружылардың солтүстігіңде қаңлы тұрады. Көшпенді мемлекет. Мал соңынан.......
Қайсарлық пен қарапайымдылық Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты Н.Ә.Назарбаев Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толды. Біз ата-бабаларымыздың арқасында осындай тәуелсіз ел болдық . Соғыс туралы айтсақ, Кеңес Одағының тарихында Ұлы Отан соғысы ерекше есте қалды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды.Барлық соғысқа қатысқан жау жүрек батырларымыз Отан анасын қорғауға ат салысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында дүние салды. Біз соғыс туралы тек аталарымыздан естіп, кинодан көрген болатынбыз.Ұлы Отан соғысы кезінде бала-шаға, үйде қалған аналар барлығы бір Отан үшін, елі үшін жауынгерлердің амандығын күтіп, «жұмыла көтерген жүк жеңіл »дегендей бірлесіп жасап, тылда еңбек етіп, өздерін көрсете білді. Менің ойымша тыл еңбеккерлерінің адал еңбектері майдан үшін қосқан үлесі көп деп ойлаймын. Ұлы Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді.Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы жайлы қаншама шығармалар жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қойылған жоқ.Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Атап айтатын болсақ, М.Мәметова, Ә.Молдағалиева, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә. Сәрсенбаев, Қ. Аманжолов т.б ата-әпкелеріміз қан майданда шайқасқан болатын. Осы айтылған жауынгерлерімізді Отан үшін отқа түскен батырларымызды еске алып отыру біздің міндетіміз . Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктер бүгінгі ұрпақ бізге үлкен өнеге. Отансүйгіштік қасиет әр кезде де қастерлеуге, құрметтеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болып саналады. Жаңа ғана өзім айтқандай тек майданда ұрыс көрсеткен жауынгерлердің ғана ерлігі емес, тылда еңбек істегендердің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық деп есептеймін. Себебі, олар кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірге қиыншылық көріп, бірдей азап шекті. Ашаршылықпен қатар ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Таңның атысымен күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатерді төнген кезде біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Отанымыз үшін от кешкен отандастарымыз өшпес із қалдырып, ерлік көрсете білді.Бұл оқиға тарихта алтын әріппен жазылып, ерекше есте қалады.......