Әңгіме: Мақсат Рамазанұлы | Із


Ілкі сәтте санасы іске қосылған ол, айналасына көз сүзді. Айдалада тұр екен, көз жетер жерде ешкім көрінбейді. Өз денесіне қарады, үстінде лыпа жоқ. Тыр-жалаңаш. Базбір бұзақылар шешіндіріп, тонап кеткендей. Бірақ еш қысылмады, себебі мұны көріп тұрған ешкім жоқ болатын. Бәрінен бұрын алаңдатқаны жалғыздық еді. Қабырғасы қайыса қайғырды, өзінің жалғыздығына. Бір нәрселерді есіне түсіргісі келген, ештеңе өнбеді. Санасы ақ парақ секілді, тап-таза. Ми қуыстарында тек табиғат құбылыстарының елесі тұр, сондай ақ қоршаған ортаны білетін сияқты. «Анау тұрған ағаш» деді, анадайда қуарып тұрған жалғыз теректі өзіне көрсетіп. «Мынау Жер» деді, табанының астын оң аяғымен тебіп. Ауық-ауық әлденелерді айтты өз-өзіне. Бірақ адамдарға қатысты еш нәрсе оралмады есіне. «Сірә, мен жер бетіндегі ең соңғы адам шығармын. Бір алапат дүлейде барлығы қырылып, қатты соққыдан құлағандықтан есімнен ауысып, осы сәтте ғана өз-өзіме келіп тұрған шығармын» деп ойлады. «Бірақ, жер бетіндегі ең алғашқы адам болуым да мүмкін ғой, еш нәрсе есіме түсер емес» деген екінші бір ой қылаң берді санасында. Шегі жоқ екі ойдың ортасында ақыл-есі біраз сарсаңға түсті. Қайсысы ақиқат, қайсысы өтірік, шетіне жете алмады екі ойдың. Есеңгіреген қалыпта біршама уақыт орнында тұрды да, жүріп кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Мазақтамалар)

Ерке
Сарнап тұрып ертесін,
Сұрайтын қант, бөлкесін
Сен бір жаман еркесің!
Әкеңнің де желкесін,
Көкеңнің де желкесін
Жауыр қылған еркесің!

Сотқар
Сотқар,сотқар, сотқарсың!
Кішілерге шоқпарсың,
Үлкендерге көкпарсың!
Сотқар болсаң, сотқар бол,
Бір таяқ жеп тоқтарсың!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу

КІРІСПЕ
Адам баласы табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол адам баласының ғасырлар бойы адамның психологиялық жетілуі табиғат пен адамның әлеуметтік – психологиялық қалыптасуына ерекше ықпалдар әсер ете бастады. Бұл табиғаттың өз мүмкіндігін көрсете, адамның ішкі дүниесіне әсер ететін құбылыстар пайда болды. Табиғат құбылыстарының апаттары : жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні адам бойында қорқыныш ұялатып, мазасыздық тудырады. Табиғат құбылыстарының адамға әсері жөнінде Кореленко И.П., Гостюшин А.В., Лебедев В.И., Черноушек М., Душков Б.А. еңбектері болса, қорқыныштың ерекшеліктерін В.А. Андрусенко, В.Б. Сапунов, Ю. Щербатых, мазасыздануды Ч. Д.. Спилбергер, Г.Н. Кассиль өз еңбектерінде қарастырған. Табиғи апаттардың адам психологиясына әсер ете, оның күнделіікті өмірде өзін ұстауы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы мінез-құлқының ерекшелігі, жеке қасиеттердің даму процесін қамтиды. Мүмкін болатын табиғат апаттарында адамның жеке қасиеттерімен бірге өзін ұстауы, саналы әрекет ете білуге қам жасау. Апаттардың болуы бұл адам психологиясына сол мезетте ғана әсер ететін ситуациялар емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тіршілік бетіндегі өзгерістер. Тұлғаның барлық сферасы апаттардың әртүрлі қиындықтарын бөліседі.
Жалпы тұлғалық қорқыныш пен үрейленуге келетін болсақ, бұл қазіргі психология ғылымында әлі толықтай зерттелмеген адамның ішкі құбылыстарының бірі. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, әрекетін ғылыми деректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Жер шары бұдан төрт жарым миллиард шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым - үш жарым миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған эволюция нәтижесінде Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын қалдырып, жан дүниесінің сырына айналады. Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі – сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнелеуіне байланысты. Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты, көңіл-күйінің өзгеріп, тамырының соғысы жиілеп кетуі қорқыныш пен мазасыздықтың белгісі. Адам көңіл-күйінің көріністері сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. Кез-келген психикалық процесті адам санасының жемісі дейміз. Сыртқы күшті тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның психикасына күшті әсер етеді. Аяқ астынан қорқыныш барлық әрекетті алып тастайды. Мазасыздық адамды бір орнында тағат таптырмауы да мүмкін. Әсіресе, қалада соңғы жылдары табиғат апаттары туралы әртүрлі алып-қашпа сөздер тұрғындардың мазасын алуда.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Мақсат Рамазанұлы | Жердің жаназасы

Жер о дүниелік болыпты деген қаралы хабар бір сәтте он сегіз мың ғаламға тарап үлгерді. Маған да жетті. Қаралы хабарға күллі әлем күңіреніп, ащы өксікке толы өкінішпен тіл қатқанымен, бірқалыпты өмірім өзгерген емес. Жерді ойлап жанарымнан жас та шығармадым. Алып Күнді өз өсінен тоқтамастан үш жүз алпыс бес күн айналатын Жердің, әйтеуір бір тоқтайтыны мен үшін ақиқат еді. Сол сәт бүгін орындалып отыр. Негізгі қисын осы. Біз соның куәсіміз, бірақ кінәлі емес едік. Кінәлі да шығармыз, бірақ менің қатысым шамалы. Әлем болса қылмыскерді іздестіріп жатты. Ұзақ іздеу салатын шығар деп ойлағанмын, қателесіппін, олардың топшылауындағы қылмыскер сол күні кешке қарай қамауға алынды.

Бір Көріпкел ұсталыпты. Ол жайында сырттай талай сырға қанық болғаныммен, түр-түсін көрмеппін. Ал оның бар жазығын естігенімде, шыдай алмай күліп жібердім. Сонда барлығы маған жек көре қараған. Көңіліме алмадым. Дегенмен Көріпкелге тағылған айып, ойландырмай қоймады. Егер бар әңгімені бүкпей баяндасам, Көріпкел Жер қаза табатын түні аспандағы жұлдыздармен ұзақ сырласыпты-мыс. Біреулер тыңдап қалса керек. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Ерлан Рамазанов

Ерлан Рамазанов – балалар хирургі

Ерлан Рамазанов – облыстың білікті бас балалар хирургі. Жұмысын бастаған күннен бастап жас нәрестелерді хирургиялық жолмен емдеуге маманданған. Ерлан Амангелдіұлы Павлодар облысы хирургиясының неонатология саласына үлкен еңбек сіңірген маман. Ерлан сынды білікті мамандардың арқасында Павлодар облысы дімкәс болып туған сәбилерді оңалту бойынша көш бастап тұр. Әлбетте бұл көрсеткішке балалар хирургиясының айтарлықтай үлесі бар деген сөз.

Балалар хирургі болу – үлкен мәртебе. Өйткені шыр етіп дүние есігін ашқан шаранаға операция жасау – медицина саласындағы ең күрделі бағыттардың бірі. Ол білім мен тәжірибені, жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Жас нәрестенің жүрек қағысы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Олар сәбидің бойындағы ақауды анықтап барып, тиісті емдеу шараларын қолға алады.
Ерлан Рамазанов бүгінгі күнге дейін екі мыңдай сәбиге операция жасаған. Ақ халатты абзал жан аймақтағы балалар хирургиясының негізін қалаған маман деп айтуға толық негіз бар.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Жаңа Мазандаран

Өткен заманда Әдбілхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты. Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып, алып кетерсің»,—дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, неше рет айдап жүргенде шықпас па еді? Ол алтын—сенің несібең, өзің ала бер»,—дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп. Екеуі таласып, Әбділхамит деген патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуін де сұрап: «Бұл екеуі де ділләні алмаса, жерден шыққан алтында кім алады?»—деп, уәзірлерінен сұрады. Сонда бір уәзір тұрып айтты: «Бұл жерден шыққан алтын патшаның несібесі болса керек»,—дейді. Сонда патша айтады: «Құдайдан қорықпаған адам екенсің, жер сатқан алмайды, жер алған алмайды, мен алып, менің қай ата-бабам көшіп қонып еді!»—деп әлгі уәзірді қуып жібереді. Сонда екінші бір уәзірі айтқан: «Жер сатқан мен жер алғаннан сұраңыз, ұлы-қызы болса, бірін-біріне некелеп қосып, алтынды ұл мен қызға берсін»,—дейді. Сонда патша сұрады: «Қайсыңда ұл бар, қайсыңда қыз бар?»,—деп. Жер сатқан «ұлым бар», жер алған «қызым бар» деді. Екеуінің де баласын шақыртып алып, қызды ұлға неке қылады.....
Ертегілер
Толық
0 0