Балабақша сабақ жоспары: Көңілді жаз

Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін көтере отырып, қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту. Шуақты көңіл - күй сыйлау. Жазғы табиғат ерекшелігін би өнерімен байланыстыру. Би билеу техникасының негіздеріне үйрету: топтаса және дара билеу. Ересектің көмегімен және өздігінен би билеу. Өз ара татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Музыкалық орталық, аудиожазба, биге арналған әуендер.
Жүру барысы: Балалар марш әуенімен залға кіреді, жүру, жүгіру қимылдарын жасап ортаға тұрады.
- Балалар, алдымен амандасып алайық!
(Амандасу жаттығуы)
- Балалар, бүгінгі іс - әрекетімізді «тыныштық сәтімен» бастайық!
Тыныштық сәті.
- Өте жақсы, рахмет балалар! Енді аяғымызды алшақ қоямыз, қолымыз белде, менімен бірге қайталаңдар.
Жаттығу
Әуенмен.
- Басымызды оңға, солға қозғалту (8 рет), алға - артқа (4 рет);
- Қолымызды түсіреміз, екі иығымызды бірге көтереміз (8), иықты кезек кезек көтереміз (4);
- Қолымыз белде, аяғымызды алшақтатамыз. Екі жағымызға жеңіл иілеміз. (8);
- Аяғымыз бірге, секіреміз. (8);
- Аяғымызды алшақтатамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жан жаққа қозғалту. (8);
- басымызды иыққа жәй тигізу. (4); .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Көңіл)

Аспан шәйдай. Жанымда қырық қайғы.
Күн де майдай, ал мені жылытпайды.
Тайлы бие сауғанның сабасындай
көңіл тақ-тұқ. Ішті ыза шыбықтайды.
Аз халқымның тағдыры жыртық әлі,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Аурудың көңілін сұрағанда оқылатын дұға

Біріншіден, науқастанып қалған кісіні зиярат ету, көңілін сұрау ең үлкен сауап амалдардың бірі. Науқас кісінің жасаған дұғасы қабыл етіледі. Ауырған кісінің алдында әдепсіз, жаман боқауыз сөздерді айтпастан, жақсы сөздер айтып, оның көңілін көтерген сауап мүмкіндігінше. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз былай деген: «Егер бір кісі науқастанған мұсылман бауырын көру үшін жолға шықса, қашан оған жетіп жанына отырғанға дейін жәннәт бағында жүріп барады.....
Дұғалар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көңілде ән көгімдегі Күн көруші ем)

Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем,
Барғанда маған ылғи гүл беруші ең.
Жалт етіп жай отындай көкжиектен
Әттең-ай, маған енді бір көрінсең!
Кетер ем бұлтпен бірге араласып,
Көрер ем найзағаймен жағаласып. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Көңілді қыс

Бөлімі: Тіл дамыту
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: Көңілді қыс
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонақтарды
Сүйіп, сүйіп алайық.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0