Эссе: Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылып 27 қазан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.- Көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтып, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халықболыпқолдауымызқажет.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену,латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер еді.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ тілін бір­тіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыс­тарына жаңа серпін бертінін Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Жолдауында ашып айтты......
Эсселер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Казақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көшпенділер мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Казақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7О2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану: Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
7ӘТН4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Оқылым мәтіні арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін түсіну;
Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін табу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Көшбасшы болу үшін

Әлемде миллиондаған ақылды адам бар. Бірақ олардың бәрі бірдей беделді болып, қоғамға пайдалы дүние ойлап тапқан жоқ. Адам ақылын шығармашылық ойлау қабілетімен, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ұштастыра білгенде ғана көздеген биігіне жетпек. Әлемге әйгілі көшбасшылардың өмір жолына көз салып, өнеге алайық.

Стив Джобс Apple өнімін шығарарда бала шағында болған мына жай әсер еткен екен. Бірде Стивтің әкесі үй сыртына аула салуды тапсырады. Ауланың ішкі бөлігін ешкім көрмей-ақ, сыртын көргеннен тамсанып, іші де дәл сондай керемет екеніне күмән келтірмейтіндей ұқыпты да әдемі жасалуын қатаң қадағалайды......
Кеңестер
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Мен көшеде келемін

Сабақтың мақсаты : Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Көше қиылысы, бағдаршам,жол белгілері , қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту,баланы зейінді,епті болуға тәрбиелеу.
Билигвалдық компоненті : Бағдаршам-светафор.жол белгісі – дорожный знак......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлы Дала көшпенділерінің империялары
Сабақ тақырыбы: Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау;
10.3.2.2 ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау;
10.3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау
Сабақтың мақсаты: Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің алғышарттары мен барысын түсіндіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | І Есенберлиннің Көшпенділер романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе бастады. Осыған байланысты ұлттық рухани-мәдени мұраның тарихи маңызын саралап, қайта бағалау мүмкіндігі туып отыр. Кез келген этнос атаулының ежелгі дүниетанымдық жүйесі, халықтық рухы әуелі оның тілінде көрініс табады. Бұл ретте В.Гумбольдт: "Язык народа есть его дух, и дух народа есть его язык. Язык насыщен переживаниями прежних поколений и хранит их живое дыхание”,- деп пайымдаған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны

Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады.
Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-

Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп .Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Көшпелілер мемлекеттілігі туралы түсінік

Карпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрылықта, 40-50 ендікте созылып жатқан ұлы даланы мекендеген әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың қашаннан бір тармағы болып келетін, тармағы болғанда "қазақ түрік емес, қазаксыз түрік түрік емес" деген мәтелге өзек болған түрік тектес халыктардың ең іргелісі казак халқы болып саналады. Оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты: сабақтас, .....
Рефераттар
Толық
0 0