Шарқ ұрып жүргенімде, көкте ұшып, Көктің мөлдір сәулесін судай ішіп, Қарадым бір заманда жер жүзіне Ойыма туысқаным - адам түсіп. Байқасам, әлі де көп жылағандар, Жәрдемді еркіндерден сұрағандар. Өзі қожа, басқаны......
Қыстыгүні ойналып жатқан көкпар Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды......
Көктем-жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Қыс мезгілінен кейін көктем келеді. Көктемде 22-наурыздан, табиғаттың жандануымен басталады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді. Жауын-шашын мол жауады. Соның......
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Раушан Сисенбаева
Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: «Тіл дамыту» Тақырыбы: «Көк тудың желбірегені» Мақсаты: Өз елінің өткен тарихын біліп, ата - бабамыз аңсаған, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздіктің, гүлденген Тәуелсіз ел - Қазақстанның болашағы ұрпақ қолында екенін сезіне білуге тәрбиелеу. Балалардың бойына Отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, елін, жерін қорғауға баулу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, «Қазақ елі»слайд.
Балалар «Желтоқсан желі»әуенімен топқа енеді. Шаттық шеңбері: Көк аспанда күн күлсін Бірге күлсін бүлдіршін Ұл қолында ту жүрсін Қыз қолында гүл жүрсін Көк аспанда көк туым Жарқырасын күн бүгін Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Желбірейді көк туымыз». - Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. .....