Тәуелсіздік таңы ұлтымыздың өлгенін тірілтіп, өткеніне өткір сәулесін түсірді. Нәтижесінде бұрын күңгірт бұлыңғыр, даулы-дамайлы болып келген қазақ халқының тарихы қайтадан қаралып, күні кеше кеңестік күл төбесіне сырылған хан, болыс, билер, ел қорғаны болған батырлар, жетімін жылатпай, кедей-кепшігін, тентек-телісін сыртқа теуіп тентіретпей, бауырына басып , бауырмалдық танытқан, тарыққанда пана, ашыққанда ас-су болған бай-бағыландар біртіндеп тарих сахнасындағы өздерінің халыққа сіңірген еңбектеріне сай орындарын ала бастады.
Құдайдың құлы, Пайғамбардың Үмбеті екендігіне халықтың көзін жеткізіп, сауатын ашқан дін иелері молда, ишан, имам, хазірет, әулие-әмбиелер атылып, айдалып құлатылған медресе, мешіттер айқара есігін ашты. Сол кездерде ораза ұстап, намаз оқуға тыйым салынғаны белгілі. Соған қарамастан ораза ұстау, намаз оқу ада-күде тоқтаған жоқ еді. .....
ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады. Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр. Инфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай: — жыныстық қатынас; — вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда); —анасынан нәрестеге жүғу арқылы. Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі. ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақ тақырыбы: Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру; 10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет тердің ерекшеліктерін сипаттау; 10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау Сабақ мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру; 10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет тердің ерекшеліктерін сипаттау; 10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақтың тақырыбы: Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері -энеолит Оқу мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру, 10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Ұлы дала өркениеттерінің пайда болу мен қалыптасу ерекщеліктерін түсіндіреді. Мәдениеттердің сабақтастығын және өзара байланысын табады.....
«Кобзардың жалынды гуманизм мен бостандықты аңсауы, өз халқына деген перзенттік адалдығы, бауырмалдығы, әділдігі адамдарға шексіз қымбат. Ақынның колониализм мен милитаризмді әшкерелеуі, қырсық пен қанаушылықтың қандай түріне болсын ерлікпен қарсы күресуі, өзінің шыншыл да жалынды жырларымен адамдарды жігерлендіруі бізге бұл күнде соншалықты жақын және қымбат». Кезінде «Правда» газетінде Тарас Шевченконың шығармашылығы жөнінде қалам тартқан сыншы О.Гончардың «Бессмертие Кобзаря» атты мақаласынан алынған осы жолдарды қазақ әдебиетінің асқар шыңы, классигі Абай Құнанбаев пен жерлесіміз, тарихшы, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің партия тақырыбына жазған өлеңдеріне шолу жасау кезінде бір жазып, бір өшірдім. Оған себеп кейінгі кезде кейбір зиялылардың: Сендер Абайды қазақтың Пушкині дейсіңдер, сөйтіп Абайдың қадірін қашырасыңдар, одан да Пушкинді қазақтың Абайы десендер өмір бойы өзгелерге кетіп келе жатқан есеміз сәл де болсын қайтып, еңсеміз бір тіктеліп, елдігіміз айдай әлемге айшықтана түспес пе еді деген пікірлері еді.
"Тисса" зиратының кәрі директоры бәрі дайын болды ма, жоқ па, көрейін деп, ақырын аяңдап үйден шықты.
Ол өзінің қарауындағы осынау қаралы жердің қойнына талай мәйітті шығарып салған, олардың көпшілігін танымайтын да; бірақ танысын-танымасын, алдынан өткен кімге де болса бас иіп, тағзым етіп тұратын әдетінен бір жаңылған емес. Директор үшін өлім жөнелту күнделікті, үйреншікті жағдай еді, солай бола тұра әрбір жерлеу рәсімі оған мына жалғанның тұрақсыз да тұрлаусыздығын еске салып, неге екені белгісіз, қатты толқытатыны бар.
Оның ең жақын досы дәрігер Септимус Годвиннің дүние салғанына жиырма жылдай уақыт өткен, ол өзі тірлігінде арсыздау, сонымен қатар арманшыл, желөкпелеу адам болатын, оның ақылы нақылға айналғаны, адамды бірден баурап әкететін ерекше қасиеті туралы да әңгіме көп-тұғын. Енді міне, оның баласын жерлегелі жатыр.
Дәрігер Годвин өлгеннен бері директор оның жесірін бірде-бір рет көрмеген, өйткені ол әйел бұл қаладан бірден кетіп қалған, бірақ қою қара шашты, ұшқын атып тұратын қоңыр көзді, ұзын бойлы сол әйел бұның есінде жақсы қалып еді. .....
Кіріспе Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский облысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Молодежный совхозы) дүниеге келген. Ол 4 жасында ауыл мұғалімінен оқып, хат танып, сауат ашады. 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) Мұқаметжан Бегалиев ашқан медресеге оқуға түседі. Бұл медресені 1910 жылы үздік оқып бітіріп, Урадағы «Ғалия» медресесіне оқуға түсіп, башқұрт жазушысы Сәйфи Құдаш, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимов, жерлесі, көрнекті қазақ жазушысы Бейімбет Майлинмен бірге оқиды. Мағжан 1912 жылы Омбы қаласына келіп мұғалімдер семинариясына түсіп оқиды. Семинарияда ол ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады. Осы жылы ақын өзінің «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағын Қазан қаласынан бастырып шығарды. 1912-1915 жылдары Омбыда семинарияда оқып жүрген кезде «Қазақ» газетінің ректоры, белгілі тюрколы, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновпен танысады. Шығыс, Батыс мәдениетінің білгірі, дарын иесі жазушы Міржақып Дулатовтан дәріс алады. М.Жұмабаев 1917-1918 жылдары қазақ даласында Алаш партиясын құрады. Ал Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ақмолада шығатын губерниялық «Бостандық туы» газетінде қызмет істейді. 1920-1923 жылдары Мағжан Ташкент қаласында шығатын «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет етіп, көптеген өлең-поэмалар жазады. 1923-1927 Мағжан Мәскеудегі Жоғары әдебиет-көркем өнер институтында оқиды.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің туған өлкем» Сабақ тақырыбы: Дереккөздермен жұмыс. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау. Берілген тақырып немесе сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.Менің Қазақстаным Оқу мақсаттары: 2.2.9.1 дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу Сабақ мақсаттары: Дереккөздермен жұмыс істеуді үйрету. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты таба,берілген тақырып немесе сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салуды біледі......
Бухгалтерлік есеп шаруашылық – қаржылық қызмет пен шешім қабылдаушы адамдар арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Қаржылық – шаруашылық қызметін ол туралы мәліметтерді, келешекте пайдалану үшін тіркеу жолымен өлшейді, қажет уақытқа дейін сақтайды, одан кейін тиімді ақпарат алу үшін оларды өңдейді және есеп беру арқылы ақпараттарды оларды шешім қабылдау үшін пайдаланушыларға береді. Шаруашылық қызметі туралы мәлімет, бухгалтерлік есеп жүйесіне кіруді білдіреді, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпарат одан шығу жолы болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп ақпараттары біз ойлағаннан гөрі айтарлықтай кең көлемде пайдаланылады. Пайдаланушылар әр түрлі адамдар санаты болуы, мысалы, инвестицияны жүзеге асыратын немесе несие беретіндер, бірлескен экономикалық әрекет иелері болуы мүмкін. Маңызды басқару шешімін қабылдарда бұл адамдар субъектінің қаржылық және басқа да есеп берулеріне сүйенеді. Ақпаратты пайдаланушылар мынадай топтарға бөлінеді: -субъектіні басқарушылар; - субъектіден тыс, бірақ тікелей қаржылық мүддесі барлар; - субъектіге жанама қаржылық мүдделілік білдіретін топтар мен агенттіктер. Субъектіні басқарушылар – олар банк қызметін басқаруда және банк алдында тұрған мақсаттарға жетуіне толық жауап беретін компания адамдары - әкімшілік. Банктің алдына қоятын мақсаттары жеткілікті, бірақ оның жетістіктерге жетуіне және қатаң бәсекелестік жағдайында төтеп беру қажеттігі әкімшілікті негізгі екі мақсатқа: яғни пайдалылық пен өтімділікті нығайтуға барлық күшін жұмылдыруын талап етеді. Тиімді жұмыс жасайтын менеджерлер бухгалтерлік есеп мәліметтеріне және олардың талдауын негізге ала отырып шешімдер қабылдайды. Сондықтан әкімшілік бухгалтерлік ақпаратты басты пайдаланушылардың бірі болып табылады. Менеджер бухгалтерлер алдына келесі сұрақтарды қояды: соңғы тоқсанда банктің таза пайдасының көлемі қандай; пайда нормасы иелерінің күткеніне лайық па; банктің ақша қаражаттары жеткілікті ме.....
КІРІСПЕ XV—XVII ғғ. этнопсихологиялық ой-пікірлерІ (Асан қайғы, Қ. Жалайри, М. X. Дулати, Шалкиіз, Жиембет жырау, т. б.) XV—XIX ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқының, өз алдына хандық құрып, тайпалар бірлестіғі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірІ еді. Осы кездері қазақтын. езіне тән рухани мәденнетінің өзіндік беті де айқындала бастайды. Ол, әсіресе, халықтың тілімен, жол-жоралғысы, жөн-жосық, салт-дәстүрінен айкын сезіледі. Мәселен, кейбір жазба ескерткіштердің де осы ксзде таза қазақ тІлінде жазылуы осының жақсы айғағы (Қадырғали Қосынұлынын, «Жылнамалар жинағы» т. б.). Қазақтың кең өлкесі сол бір кездерде жасақ пен жортуылдың шаңына мықтап булыққан еді. Өзбек, ноғайлы хандықтары ыдырағаннан кейін кең байтақ қазақ даласы қанды майданның орталығына айналды. халкымыз жүздеген жылдар бойы жоңғарлар шабуылына тойтарыс беріп отырды. Осы кезеңде қазақ мәдениетінің біршама тоқырап, тірнектеп жинаған рухани байлығының біразынан айрылып қалуына да осы айтылған қиян-кескі соғыстар, жойқын шабуылдар мен жорықтар себеп болғаны хақ.....