КІРІСПЕ Әл – Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған . Ол данышпан философ, энциклопедист – ғалым , әдебиетші – ақын , математик . Әл – Фараби 870 ж. Арыс өзенің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында дүниеге келген, Ол ең алғаш білімді қыпшақ тілінде Отырар қаласында алған , өсе келе сол замандағы ғылым мен мәдениет орталығы атанған Бағдад , Дамаск , Каир т.б. қалаларда білім алады. Өзінің түркі тілімен қатар араб , араб , латын , санскрип тілдерін жетік білген . Әл – Фарабидің ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген , ат салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады . Сондықтан Әл – Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды . Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау , ғылым мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс . Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Таяу және Орта шығыс елдерінде кітап басып шығарудың басталуымен шығыс халықтарының тарихын , әдебиет , философия , философиялық шығармаларын , мәдениеті мен ескерткіштерінің қолжазбаларын басып шығару үшін көп жағдай жасалды . ХХ ғасырдан бастап бұрыңғы өткен ойшылдарымен оқымыстылардың шығармаларымен бірге Әбунасыр Әл – Фарабидінде трактаттары басылып шыға бастады . Ең алғаш 1905 жылы белгісіз каирлік кітап шығарушы Фарабидің ең үлкен және негізгі « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаты » деген еңбегін басып шығарды . Кітаптың алғы сөзінде ескі әдебиеттерге сүйеніп берілген Фарабидің өмірі мен ғылым еңбектері туралы бірқатар мәліметтер берілді . 1907 жылы Каирде Фараби трактаттарының философиялық жинағы / Мажмуат фалсафа ли ибн Наф аль – Фараби / 8 шағын философиялық шығармаларынан тұратын еңбегі басылып шықты . Каирде 1909 , 1910 , 1916 , 1926 , 1948 жылдарда Фараби еңбектерін басып шығарды . Фараби мұраларын зерттеуде дүние жүзінің көптеген оқымыстылары еңбек етті . Олардың ішінде араб – парсы тілдерінде жазған ибн әлнадим / 995 / , Әл – Байхоки / 1169 / , Ибн - әл Венике / 1484 / , Кам Сартон / 1927 / , түрік тілнде А. Сайылы мен П. Үлкен / 1950 / жазған . Елімізде , шығыстану ғылымында фарабитанушы зерттеу 1924 жылы атақты әдебиетші А. Саадиден басталған . С. Н. Григорян / 1958 / еңбектерінде : / VII – XVI ғ. Орта Азия мен Иран философиясының тарихынан » , « Таяу және Орта шығыс халықтарының ортағасырлық философиясы » / Фарабидің әлеуметтік – саяси көзқарасы қаралған . М. М. Хайруллаев өзбек тілінде / 1963 / жазған өзінің « Фарабидің Философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » және « Фараби :дәуірмен уақыт » атты еңбектерінде оны өз дәуіріндегі ұлы гуманист деп бағалайды . Ал қазақстандық философтар А. Х. Қасымжанов және С. К. Сатыбекова өздерінің еңбектерінде Әл – Фараби гуманист , ұлы ағартушы , ойшыл деп суреттейді . Шетелдік зерттеушілерден Әл – Фарабидің жалпы философиялық шығармаларына арналған И. Мадкура , Р. Вальцер , А. Эхаванидің еңбектері жатады . Неміс ғалымы Г. Леидің зерттеулерінде Фарабидің саяси - әәлеуметтік көзқарастары қысқаша талдау жасаған . Ал тәжік ғалымы Фарабитанушы А. Д. Жахиддің еңбектерінде мемлекеттің теориясы Фарабидің толығымен ашылған . Атақты шығыстанушы – зерттеушілер И. Гольлцмер , М. Штайншипайдер , Дж. Сартон , Карра де Во , Н. Штайнер , Ф. Диетерицин , А. Мец , А. Массэ , А. О. Лери , Дж . Хоурони және де басқа ғылымдар Араб халифатының идеялық өмірі туралы , ондаған ой еркіндігі мен гуманизм туралы өз еңбектерінде көп жазған.....
Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби. Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Зерттеулерге қарағанда оқу-ағарту жүйесінің дамуы мен пайда болуы орта ғасырлар заманындағы ғұлама оқымысты,ұлы энциклопедист Әл-Фарабидің ғылыми мұраларымен тығыз байланысты.Оған американдық ғалым Николас Решердің еңбектері дәлел.Ол ұзақ ізденістің нәтижесінде 1962ж.ағылшын тілінде «Фарабидің аннотацияланған библиографиясы» деп аталатын Әл-Фарабиді зерттеулер үшін құнды кітап жариялады.Мұнда мың жыл бойы Әл-Фараби жөнінде кім не жазды,оның шығармалары қай тілге аударылды,оның мұрасы жайында алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар жөнінде айтып,мәселелер қойылды....
БАДЫРАҚКӨЗ, экзофтальм (грек. ex — сыртқы және ophtһalmos — көз) — көздің ұясынан сыртқа ығысуы түрінде байқалатын сырқат. Бадырақкөз шын және жалған болып ажыратылады. Шын Бадырақкөзге көз бен көз ұясының аурулары, ал жалған Бадырақкөзге көздің нашар көруінен болатын аурулар жатады. Шын Бадырақкөз тұрақты, ауыспалы, солқылдақ болып үшке бөлінеді. Тұрақты Б-дің басты себептері: жалпы организм аурулары (лейкемия, тиреотоксикоз, т.б.), бас аурулары (ми ісігі, қан тамырларының кеңеюі), мұрын қуысы ісігінің немесе қабынуының көзге шабуы. Ауыспалы Бадырақкөз тамырдың варикозды кеңеюінің салдарынан пайда болады. Венадағы қан қысымы көбейгенде көз ұясынан алға қарай ығысып, қайтқанда — ішіне түсіп, шүңірейіп тұрады. Солқылдақ Бадырақкөз кезінде ішкі ұйқы артериясы мен көз қуысының арасында қосымша қан тамыры (жалғама) пайда болады. Мұндай жалғама іштен немесе қан тасу аурулары, бастың жарақаттануы салдарынан пайда болады. Бадырақкөзді негізінен операция жасау арқылы емдейді.[1]
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қорық» Б.Асубаев Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру; 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/фото/суреттер қолдану. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес иллюстрациядан ақпаратты табады және ақпаратты берілген кестеге салады және сөйлеу барысында иллюстрацияны қолдануды біледі. Көптеген оқушылар: алған ақпараты бойынша өздерінің таңдауларын негіздейді Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдану себебін талқылайды, өз ойын дәлелдейді......
І. Кіріспе. Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихында маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өрені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың талдау өкілдері қатысты. Орта ғасырда азамат білімінің молайып, ақыл парасатының жетіліуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі-Қазақстан топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орынын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден – ақ аңғарған сияқты. ....
Жаз шыға күннен қорғайтын көзілдіріктер сатып ала бастаймыз. Өзімізге жарасатынын, сәнді көрінетінін таңдаймыз. Осыларды басты назарға алып, оның сапасын, көзге әсерін ұмытып кетіп жатамыз.
Көзілдірік сіздің сұлулығыңызды айқындап қана қоймай, көзіңізді күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелерден де қорғайды. Сондықтан да оның сапасына баса мән берген жөн.
Көзәйнек таңдағанда оның неден жасалғанына мән беріңіз. Себебі әдемілік пен стильден бұрын, денсаулық қымбат. Көлемі өте кішкентай көзәйнектер сәнді көрінгенімен, көзге зиян. Себебі оның күннен қорғау мүмкіндігі өте төмен.
Көзді күннен қорғайтын көзілдірітер шыныдан емес, пластиктен жасалып, арнайы линзалар мен қаптауыштардан қапталғаны дұрыс. Себебі мұндай көзілдіріктер ыңғайлы, әрі жеңіл болады. Ал олардың сапасын сіз тек тағып көріп қана біле аласыз. ......