Қазақша өлең: Иса Байзақов (Кәрібай-тракторда)

Мінекей, біздің тұлпар жаны темір,
Осымен гүлденеді барлық өмір.
Сарымай жемі, суы қазанатым
Тіркеп ап қанша жүкті, ей, тарта бер!
Үн қоссам шарылыңа шырқап әнді,
Құба жон күңіреніп болар сәнді.
Еркіндеп үкіметтің.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәріліктің дауасы)

Кәрілік - күлге аунаған қотыр бура,
Кешегі жақсы қайда сөзі тура?
Дауасын кәріліктің мен айтамын,
Көрпені қалың сал да, майды тура.
Шайдың көркі қант пен май, бауырсақта,
Шай ішпей тұра.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Жас, кәрі, үлкен, кіші

Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Шәкәрім Құдайбердіұлы: Қазақтың қайдан шыққаны

Жоғарғы әр түрлі шежіре кітаптардың сөзінен біздің қазақ Нұх пайғамбардың Яфас деген баласының нәсілінен, қытайша Тукю - біздің тілде түрік аталған халықтан екені анық болды. Түрік деген «дулыға» деген сөз екен. Онан соң бір кезде ғун, яки хун деп аталыпты. Оны Нәжиб Ғасымбек Орхон өзеніне қойылған аттан қойылды дейді. Онан кейін әр түрлі атпен бөлектеніп кетсе де, біз ұйғыр атынан шыққан елміз. Бұл ұйғыр деген «бірігіп қосылған» деген мағынада деп шежіре жазушының бәрі айтқан....
KZ
Толық
0 0

Шығарма: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп»

«Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп»-
деген дана Абай атамыздан қалған нақыл сөздің адам өмірінде оймақтай ойып орын алатыны сөзсіз. Әрине, біліммен көзің ашылады, қоршаған әлемді, жаратылысты танисың. Содан қалған болар «Оқымаса бір бала, оқыса екі бала». Өнер – білім өн бойыңа мектеп табалдырығын аттап басқалы жинала бермек, толыса бермек. Мәпелеп өсірген әке- шешең, алғашқы тәрбиешілерің, отбасыңда қалып , енді сен білім нәрінен, тұнығынан сусындататын, киелі мекен, мектептің, төрінен табыласың.......
Шығармалар
Толық
0 0