Өлең: Іңкәрім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бұл өмірде сен маған серік едің
Құрбан етіп антыңды беріп едің
Көңіліме көктемдей көрік едің
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай

Қайырмасы:
Мені сағындыңба
Жүрмін жалың мұнда
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай
Мені сағындыңба
Жүрмін жалың мұнда
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ИАСАУИ МЕН ШӘКӘРІМ МҰРАЛАРЫ

Демократиялық жолмен қол жеткен осынау тәуелсіздік баянды болуы үшін халқымыздың ғасырлар бойғы ұлт мүддесін, мемлекеттігін және рухани тәуелсіздігін қорғаған тәжірибесін парықтап зерттеу көкейкесті мақсатқа айналып отыр.
Қазақ халқы сан ғасырлық даму тарихы бар дәстүрлі мәдениеттің мұрагері. Еліміздің іргесі бекіп, шаңырағы шайқалмас мемлекеттігін нығайту үшін заман талабына сай осы асыл мұраны ел игілігіне пайдалану өзекті мәселе. Ел егемендігінің асыл мұраты, негізгі мән-маңызы рухани тәуелсіздікпен ғана толыққанды жүзеге асары анық.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Кәрібай шал)

Сексенде дәл осы жыл Кәрібай шал.
Ер еді тынысы кең, бейне бір нар.
Бақытты бұл колхоздың қариясы,
Не керектің үйінде бәрі де бар.
Түскен ақ сақал-мұртқа, анау шашқа,
Алтынмен жазылғандай бейне тасқа,
Қайрат пенен енбектің айғағыңдай,
Бір ғасыр үлгі болған талай жасқа.
Бір кезде балғын дене, албырт жанды
Көрдім мен, көргенсің сен осы адамды.
Ауылда сонет құрған, колхоз ашып,
Ұйқысыз өткізіп бұл талай таңды.
Лениндік біздің заман тартқанда ірге,
Мұның адал жүрегі соққан бірге......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кәрімді қарындасының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жағалай біткен бидайық,
Ел қонады шеп жайып.
Ағекемдей сабазға
Не деп бір айтсам лайық.
Жылаудан пайда бар ма екен?
........................................
Жылаудан пайда бар болса,
Ағакем еді ақ маңдай,
Ерге күміс шапқандай.
Ел ісіне келгенде,
Ойланбай ақыл тапқандай.
Төрелермен төрлескен,
Жақсылармен сөйлескен.
Жер алысын түнде алған,
Дұшпаннан кегін күнде алған.
Білінбей жүріп алғаны-ай,
Опасы жоқ сұм жалған.
Ағекем еді арысым,
Азуы кере қарысым.
Ағайынға сөз келсе,
Жібермеуші еді намысын.
Былғары тоқым, жез пыстан,
Құлады бізден арыстан.
Арыстан емей немене?
Ақылға еді-ау данышпан.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кәрімді Ырысалдының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жаз жайлауын айтайын,
Сарғазардың саласы.
Қыс қыстауын айтайын,
Қара судың жағасы.
Сымға тартқан күмістей,
Он саусақтың саласы.
Көрсетумен ұсталды-ау
Қу сатқынның баласы.
Көре алмаған дұшпанның
Енді қанды-ау табасы.
Әуеден ұшқан лашын,
Лашын жаяр құлашын.
Табындағы тарланның
Тас айырды-ау турасын.
Жаны ашыған ағайын
Жыламай қайтып шыдасын.
Елі-жұртым, ағайын,
Мұңымды кімге шағайын. ....
Өлеңдер
Толық
0 0