Бір қу түлкі болыпты жұртты құртқан, Тышқан аулап жейді екен ескі жұрттан. Жем таба алмай бір жылы арықтапты, Тышқан ауып кеткен соң мұқым сырттан. ....
Сөз жазамын түнімен Бар ұйқымды қашырып. Тығып қойман мұны мен Еш адамнан жасырып. Мен кетермін, сөз қалар Ақ қағазға басылып. Бозбалалар қолға алар Әр ауылға шашылып. ....
Жиырма үш жасымда Бұл өлең жазылған, Басында табылмай Өзіне лайық ән. Мұңлы, күйсіз, Жесір боп жатыр еді, Мінеки, ойланып, Өз әні табылған. Бақытсыз жүрегім....
Әлішер Кәрімов - (1985 жылдың қазан айының 28- жұлдызы күні Жамбылда, қазіргі Тараз қаласында туылған) қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды «Славян базар», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. «SuperStar KZ» жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисті.
Биографиясы Әлішер Кәрімов 1985 жылдың қазан айының 28-жұлдызы күні Жамбылда (қазіргі Тараз қаласы) туылған. Алғаш рет сахнаға 5 жасында шығып, Республикалық жас таланттарға арналған «Әнші балапан» атты конкурстың көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды. Әлішер 2015 жылдың 8 қарашасында осы конкурстың 25 жылдық мерейтойлы концертінде ендігінде танымал әнші ретінде өнер көрсетті.
Білім жолы Әлішер мектепті аяқтағаннан кейін бірден Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Люция Толешеваның курсы болып табылатын «вокал» класына оқуға түседі.....