Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту«Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері.
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту«Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады.»
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, берілген суреттер бойынша мәтінді қысқаша мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: сөйлесу мәтінін құрастырады, мақалдың мағынасын ашып, өз пікірін білдіреді.
Кейбір оқушылар: шығарма мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдерді қолданады. Мәтін тақырыбына сәйкес суреттерді толықтырады. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Күшігім

Өзі адамға үйірсек,
Өліп-өшіп ойнайды.
Қиқуласып жүгірсек,
Қашып жүр деп ойлайды.

Қуып жетіп қалғанда,
Білмейді не істерін.
Балтырыңнан алғанда,
Батырмайды тістерін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ертегі: Өнердің күші

Бұрынғы өткен заманда Хасен деген патшаның жалғыз ұлы болыпты. Баласы Ыдырыс ел аралап жүріп, Сәтбай деген бір диқанның сұлу қызына ғашық болған екен. Қыздың аты Дүрия екен. Бір күні Ыдырыс қыздың әкесіне сөз салып, кісі жіберіпті. Сәтбай:

— Қызым барса да, бармаса да өзі біледі депті.

Сонан соң Ыдырыс Сәтбай қарттың үйіне өзі келіп, Дүрия қызға өзінің ойын айтыпты. Сонда Дүрия:

— Сен болсаң патшаның ұлысың, мен......
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Лоренц күші. Зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозағалысы (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Лоренц күші. Зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозағалысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит өрісінің әсерін зерттеу.
Сабақтың мақсаты: - магниттік өрістердің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау;
- Зарядтың жылдамдығын, магнит өрісінің бағытын және магнит өрісіндегі қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі бағытын анықтау үшін сол қол ережесін пайдалануды үйрену;
- Қозғалыстағы зарядтың магниттік күшін есептеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеңіл атлет спринтердің күш жылдамдық дайындығы

Жеңіл атлетика ойындары спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 4 сабақ Жануарлар әлемі Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе? (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: № 4 сабақ. Жануарлар әлемі. Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А4 Негізгі ойды анықтау
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;
ӘТН 2 Орфоэпиялық норма
Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:1) тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды түсінеді; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтарын біледі;
Көптеген оқушылар: 1) жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды; 2) сөйлеуде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сүйенеді;
Кейбір оқушылар: 1) мәтіннің негізгі ойын өз бетінше анықтайды; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы үндестік заңдылықтарға сәйкес айта біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Өгіз қара күшім бар


Көшенің бұрылысынан өте бергенімде шап беріп' сол қолымнан біреудің ұстай алғаны. Жаздың күні болғандықтан, басымда ондатр құлақшыным болмағандықтан қорқа қойғаным жоқ. Бірақ қатты тартынып қалдым. Алдымда тұрған жанды құбыжық салдыр-салдыр ете түсті. Сасып қалып:

— Ау, мұның қалай?—деппін.

— Мұным дәп солай. Немене адам көрмеп пе едің?

— Халің қалай, бауырым?—дедім аузыма сөз түспей.

— Қалай болушы еді, алла деп арақ ішіп, құдай деп қуырдақ жеп жүріп жатырмыз.

Не дерімді білмей аңырып қалдым. Жаңағы көрген құбыжығым кәдімгі таныс адам Меншік деген жігіт болып шықты. Жаздың күнінде аяғына екеуі екі пұт шығатын, шұбар табан, бақа бас көн етік киіпті. Шыңырау құдыққа салатын баяғының тозған қауғасындай қолқылдақ екі қонышының ішіне шүберекке орап әлденелерді тығып тастапты. Қоныш бақа жұтқан жыланның тамағындай буылтықтанып кеткен. Үстіне бір кезде Болгарияда шыққанда киім сияқты, бірақ Азияның күні күйдіріп, жаңбыры шайғандықтан өң-түстен түк қалмаған, қазақ аулының тозған қабындай көнтиген камзол. Меншіктің құтын қашырып тұр. Бұл бұл ма, беліне байлаған кішірек бақыраш пен кішкентай балта қозғалса болды, біріне бірі тиіп салдыр-салдыр етеді. Бұның бәрі түк емес. Әсіресе басындағы ет салатын мыс дағарадай қоғадан тоқыған қалпақ ботаға артқандай сегіз қанат үйдің шаңырағын басып қалыпты. Алыстан қарағанда басы жоқ екі аяқ жүріп бара жатқандай. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші. Лоренц күші (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Ампер күші. Лоренц күші
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.2 –сол қол ережесін қолдану және тогы бар өткізгішке және қозғалатын зарядталған бөлшекке магнит өрісінің әсерін сипаттау;
Сабақ мақсаттары: Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну; Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісінің әсерін түсіндіру;
F=BILsinα және F=Bqsinα формуласын білу және сол қол ережесін практикада қолдану.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0