Күркелінің бауыры күнде дауыл, Көтеш қалды жұртында жалғыз ауыл. Ауырып жатқан көңілімді бір сұрамай, Шын Сексеннің баласы қара бауыр. Бір жанымның қамы.....
Жас отауда бақыт таңы атқан күн (Жас жұбайларға тілек)
Құрметті Жас жұбайлар!
Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!
Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл төрлеріңіздің кеңдігіндей керегелеріңіз керілсін, мақсаттарыңыздың нық көрінісіндей болып уықтарыңыз шаншылсын, сол отаудың үзігі бір-бірлеріңізге деген жан жылуындай жылы да берекелі болсын, түңліктеріңізден құйылған нұр риясыз күлкілеріңіздің көрінісіндей сәулесін төксін! .....
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру. Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту. Аналарын сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.
Жүрісі: Тәрбиеші: - Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана біздің күніміз» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар......
Пән: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: 5- сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) ӘТН 1 Орфографиялық норма. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу Сабақ мақсаттары: Жалғаулар мен шылауларды ажырата білуге, оларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазуға дағдыландыру.....
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем, Барғанда маған ылғи гүл беруші ең. Жалт етіп жай отындай көкжиектен Әттең-ай, маған енді бір көрінсең! Кетер ем бұлтпен бірге араласып, Көрер ем найзағаймен жағаласып. .....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік күні Бостандық таңы атты Ш Құдайбердиев Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану; 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру ; 3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; Көптеген оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқи алады, сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады; Кейбір оқушылар:өлең мазмұны бойынша шығармашылық сұрақтар қояды, жауап береді......
Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырып, оны нығайтуға ат салысқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдардың қабылдануы да осы заң шығарушы орган – Парламенттің үлесіне тиесілі. Осы жолда депутаттар құрамы, яғни жалпы Парламент – парламентаризмнің қалыптасу, даму кезеңдерін басынан өткерді. Парламентаризм, президенттік, сот билігі, одан да басқа қоғамдық қатынастарды реттей¬тін көптеген институттардың пайда болуын Кеңестер Одағы кезеңінен бастау алады деп келте жауап қайтаратындардың кездесіп қала¬тыны жасырын емес. Ал шындығына келетін болсақ, қазақ қоғамында да дала демокра¬тия¬сының ертеден бастау ала¬ты¬нын, ондағы мем¬ле¬кетті құру, қалыптас¬ты¬ру, даму институт¬тары¬ның сол қоғамға, сол ке¬зең¬дерге сәйкес болғандығы туралы көп ай¬ты¬ла бермейді. Қа¬зір¬гі уақыттағы шынайы демо¬кра¬тия элемент¬терінің бірі болып саналатын президенттік институттың көрінісін қазақ қоғамындағы хандық биліктен көруімізге болады. Республика күні, 25 қа¬занда Қазақстанның мұқым хал¬қының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүд¬десі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын фак¬торлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын. Тәуелсіздік декла¬ра¬циясын жарияладық, Конститу¬ция¬мызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анық¬тадық. Сондықтан бұл құжат¬тың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айт¬қанда, 25 қазан Тәуелсіз Респуб¬ли¬ка декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек. Ал 16 желтоқсанда ыңғайсыз жағ¬дайға тап боламыз. Бір жағы¬нан, мейрам, бір жағынан, траге¬дия. Бұл күні қуанайын десең, қанды оқиға есіңізге түсіп, көңілі¬ңіз жа¬бырқайды. Сондықтан ме¬ніңше, 16 желтоқсан – Желтоқ-сан кө¬терілісі күні ретінде аталып өтілетін болса. Ал Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам ғой. Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, Президент жайлы, президенттік басқару туралы қысқаша деректер БАҚ арқылы беріліп жатуы керек. Ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға тәуелсіздіктің мәнісін, осы ұғымды тереңнен та¬рихи тұрғыда талдап беруі қажет. Патриоттық шаралар – әскеріміз, Қарулы күштер жайлы мәлімет-тер¬мен халық кеңінен таныс бола алуы керек. Ал кешке эстрада ада쬬-дарының концерті берілуі тиіс. Онда да Қазақстан аспанын¬да біздің менталитетімізге жақын, жүрегімізді тербетіп, жылу беретін ән-әуездер қалықтаса деп тілеймін.....