Мәңгілік Ел ұғымы, қасиетті, киелі, Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені. Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы, Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі. Асыл арман жолында қаншама жұрт қан кешкен, Аждахамен алысып, алпауытпен белдескен. Өсиетін ойдырып қара тасқа ақыры, Қара жердің бетінен зым- зия боп мәңгі өшкен, - деп ақын Несіпбек Айтұлы жырлағандай Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Мәңгілік Ел» деген сөзді естігенде «Өткенге бұрылып басыңды и, ертеңге қарап білегіңді түр» деген ғұламаларымыздың сөзі ойыма оралды. Жер бетінде тауқыметті көп көрген халықтың бірі- қазақ халқы. Иә, орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар- ожданымыз табанға тапталды. Қолдан жасалған аштыққа душар болдық, зұлматтың құрығына түстік. Өзгенің тарихын өзімізге теліп оқыдық. Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, көшіп- қонған жұртын орнықтырып ел ете алмай Абылайдың қайғы жұтқаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; «Еділді келіп алғаны- етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны, Әдіра қалғыр, Үш Қиян» деп Мұрат ақынның күйзелгені; «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?»- деп Абай атамыздың қабырғасы қайысқаны бізге тарихымыздан белгілі емес пе? Ата- бабаларымыздың аңсап кеткен арманы шындыққа айналды. Көгімізде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтады, Тіліміз өз мәртебесін алды. Бір сөзбен айтсақ тәуелсіздігімізді алдық, ешкімге жалтақтамайтын егеменді ел болдық. Әрине, көп уақыт өте қойған жоқ, не бары жиырма бес жыл.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш. Сабақтың тақырыбы: Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі №1 Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т1. Болжау 7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау. Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы Өз болжам жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қатесін таба алды. Оқушылардың көпшілігі Өз болжам жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қатесін түзете алды. Оқушылардың кейбірі Өз болжам жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қателесу себебін түсіндіре алды......
Британ әншісі Адельдің «Hello» әнінің видеоролигін 87 күнде YouTube видеохостингінде 1 миллиард адам көрді. Бұл кореялық әнші PSY-дың танымал клипінің рекордын басып озды.
Дайындағандар: Май ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Тәуелсіздік күні Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Бұл күннің маңыздылығын баяндау. Тіл байлықтарын молайту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Мерекелерге белсене қатысуға тәрбиелеу. - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Отан- сенің ата-анаң, Отан- досын, баурың. Отан- өлкең, астанаң, Отан- аудан, ауылың. Отан- тарих, Отан- тіл, Жасаған елің, ер халқың. Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел. Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын. Құттықтау сөзі мектеп директоры А. О. Нургожинаға беріледі. Біздің Отан – байтақ, Көп ұлттың мекені. .....
Пән:қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы:Менің күн тәртібім Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту 3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрып және жауап беруге талпынады, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді қолданады. Оқушылардың көпшілігі: Тақырыпқа қатысты сөздерді дұрыс қолданады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрып және жауап береді, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс қолданады. Оқушылардың кейбірі: Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады. ....
Табиғаттың жаңарып, қайта түлеу мезгілі-көктеммен бірге келетін Наурыз мерекесі тек қазақ халқына емес, сонымен қатар күллі түркі жұртына ортақ мұра, ортақ мереке. Наурыз мерекесі - жер ана мен адамзат арасындағы үндестікті көрсетеді. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» сөзі - «жаңа күн» деген мағына береді. Осынау ұлы мерекенің тойлануы осыдан 3000 жыл бұрын бастау алған. Наурыз ежелден жаңарудың, бейбітшіліктің, пәктіктің мерекесі ретінде тойланып келеді. Сондықтан наурыз айын түркі тілдес халықтар жыл басы деп біледі. ......