Қызуымен пеш күннің Кездім тірлік базарын. Бірақ бүгін ешкімнің Аудармадым назарын. Қопарып жер қабатын, Қазына-кен қазбадым. Халық жаттап алатын Бір ауыз жыр жазбадым......
Уақытпен жарысқан заманда күн жылжыған сайын, тарихта қалар таңбалы оқиғалар орын алып жатыр елімде. Әрине, азаттықтың көк туын желбіреткен Алаш елінде тек ғаламат оқиғалардың орын алуы қуантарлық жайт. Бұл – біздің түп-тамырымыз ата-бабаларымыздың арқасы. Ал, тарихтың бетін кейін қарай парақтап, 1941 жылға тоқталсақ... 1941 жыл, 22-маусым. Бар қазаққа белгілі қасіретті оқиға болған бұл жылы. Естігенде құлаққа түрпідей тиетін, жүрекке үрей, көңілге кірбің, жанарға мұң ұялататын «соғысты» алып келген жыл еді. Бала атаулыны «әкелетіп», ана атаулыны «ұлым», «жалғызым», «жарым» деп зарлатқан жыл болды. . ..Күңіренген дала...Қоштасу...Жылау...Қимау...Сағыну...Күту...Үмітін үзбеу... Осы бір қасіреттің барлығын әрбір қазақ баласы дәмін татқан еді. Жүректі жаралаған, көңілге күдік пен сағынышты қатар алып келген сұм соғыс әр шаңыраққа өз қатігездігін танытты. Алаңсыз тірлікте қым-қуыт тіршіліктің тып-тыныш күйін кешіп жатқан халық тағдырдың тепкісіне ұшырап, ауыртпалық қамытын киді. Әлемді дүр сілкіндірген соғысты көріп сабылған халық қайда барып қорғанарын білмеді. Бұл соғыс бар қазақстандықтың басына қасірет әкелді. Жанары жәудіреп, біреуден аяушылық күткендей жанашыры әкесін қимай-қимай алысқа аттандырған қаршадай қазақ баласының басына қасірет алып келді. Қамқоршы һәм ақылшысы, отбасының ұйытқысы болып отырған отағасынан айырылған аяулылардың басына қайғы әкелді. Әкеден қалған жалғыз тұяқ ұлынан айырылған ана жүрегіне өшпес жара салды сұм соғыс. Талай ұл-қыз осы соғыстан соң жетімдіктің салмағын арқалады. Жүрегін үрей мен үміт тұншықтырып тұрса да, елін қорғау үшін, болашақтың жарқын болуы үшін бір мақсатты арқалап майданға аттанған елімнің қайсар ұл-қыздары-ай... Олар енді оралмасын, туған жерге қайтып табан тіремесін сезсе де елі үшін алға қадам басты.......
Ескі күн ес шыққанда кетер естен, Қиялды кейде билеп жетелескен. Мол өріс, алқап қоныс, кең жайылым, Сол күнгі қулар, сулар кетер ме естен? Бозбала ән салысып, қыз жарысып, Ырғалып кең алқапты өрлей көшкен......
.. — Табыс қалай? ... — Мәз емес, оны да ай сайын бермейді. Басқа баратын жер жоқ, сонан жүресің осылай, Доха, жарты кірпіш әперіп жіберші, болса
... — Ей, жартыны көбейтіп жібергендерің не, қазір тағы по-колхозному боп шығады анау сияқты ... — Фундаменттен кетіп тұрғанын көрмейсің бе, әйтпесе мен білмей тұр деймісің? ... — Бұл сендерге Алашыбайдың стайкасы емес халтурить ететін, бұл атаның мәңгілік мекені, дұрыстап істеңдер асықпай
... — Жарайды, сен айтпасаң білмейді екенбіз, қазір қалған қатарлармен түзеледі ғой. Осы темпті ұстасақ, түске дейін бітіп те қаламыз. – Құдай бұйырса де.
КІРІСПЕ Экономиканың негізгі экономикалық агенті Бір немесе бірнеше кәсшорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсшкерліктің үш түрін атап кетуге болады • индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік, • серіктестік немесе партнерлік, • корпорация (акционерлік қоғам) Ипдивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсшкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкеңдерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады. І МЕНЕДЖМЕНТ ТЕОРИЯСЫ 1.1 Менеджмент фирманың басқару теориясы Серіктестік (партнерлік) дегеніміз елу және одан көп адам иелік ететің бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады Артықшылығы үйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндіп болады. Кемшіліктері: • шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген; ....
Біз тәуелсіздікті ақылмен,ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын Н.Ә.Назарбаев Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына батырып,көкейге талай сұрақтың келетіні рас.Біз өр Алтай мен Атыраудың сақтап қалған сарқыты,ғұннан қалған жұрнағы,үйсіннің жүріп өткен ізіміз.Біз қазақпыз!Ақ білектің күші,ақ найзаның ұшы сынға түскен жаугершілік заманда,1458 жылы Әбілқайыр хандығынан іргесін бөлген Жәнібек пен Керей Моңғолстан жеріне Шу бойы мен Қозыбасқа ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен едік. Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады.Шығыстан алтын күн нұрын төгіп,еркіндіктің самалы есті.Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлтты сейіліп,әнші бұлбұл шаттық әнін шырқады. О,дүниеге жаңа сәби келді.Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы.Өлгеніміз тіріліп,өшкеніміз жанғанда,осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде.Осы сәбидің ертеңгі тағдыры үшін жанын қиған.Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?!Ағы мен қарасы,жақсысы мен жаманы, жасағы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек. Ұлан байтақ жері бар,сабырлы да еркін халқы бар,үлкен мемлекетінің өзгеге ұқсамайтын тарихы,қалыптасу,даму жолы да ерекше болды.Атабабадан қалған ұлан- ғайыр жерді иіріп,дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып,өзгеге көңілімізді анық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз.Тәуелсіздік алып келген жетістікте, оң өзгерістер де мол.Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі-еркіндік!Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстырының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі.Соның біріАстана. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген,тәуелсіздігіміздің түлегі.Отанымыздың жүрегі-Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай,тәуелсіздігіміз әйгілеп тұр. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға.Орталық үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары сол күні ереуілге шықты.Қазақ елі басшысының қазақ болуын талап етті......