Шығарма: Қазақстан - тәуелсіз ел

Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері.
Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды"......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Күндіктұрақ


Ондай қым-қуытты ғұмыры көрген емен. Айдын мұзда сан мың итшана зымырап барады бұрқыраған будан иттердің өзі көрінбейді. Сол түнгі ұлы дүрмекте үш адам үсіп өлді, он шақты кісінің суықтан өкпесі қабынды. Япыр-ау, суаттың түбін өзім әдейі барып көрген жоқ па едім? Қышадай сап-сары болып алтынның жатқаны анық еді ғой. Юконның сол жеріне айнала белгі орнатып, заявка да бердім. Жұрт сол заявканың ылаңынан дүрлігіп кетті емес пе. Артынан ештеңе жоқ боп шықты. Түйір болса бұйырмасын. Күні бүгінге дейін осының себебін біле алмай-ақ барам.

Шортидің әңгімесі.

Қолғабын шешпеген күйі Джон Месснер бір қолымен бұрғыдан ұстап, итшананы ізге салып, бір қолымен бетін, мұрнын үйкелеп келеді. Ол қайта-қайта уқалап, дамыл көрген жоқ, қолын алмады десе болар; жаны кетіп, үсіп бара жатқанын сезсе, жан таласа ысқылайды. Милығына түсіре киген тері тымағы маңдайы мен қырауланған алтындай қою сары сақалы иегін суыққа берер емес.

Артында ырғалаңдаған ауыр юкон шанасы, алдында тыным таппай тырбаңдаған бес ит. Жан қайыс Месснердің аяғын үйкелеп келеді. Жол иініне келіп, иттері бұрылған сайын ол әбзел қайыстан аттап өтеді. Бұл арада жол жалтарысы көп-ақ екен, ол әрлі-берлі арқылы аттауын жиілетті. Оқта-текте қайысқа аяғы ілініп, сүрініп те қалады; қимылы тым шабан, қатты қалжыраған болса керек, бір жағынан итінген ит шана да өкшелеуін қояр емес.

Жолдың түзу жеріне келгенде итшана бұрғысыз-ақ ізден шықпай, сырғи жөнеледі. Сол кезде Месснер босаған оң қолымен бұрғының сабын тоқ-тоқ ұрады.Қолға қан жүргізу қандай қиын. Оң қолымен тақылдатып таяқ ұрса, сол қолымен мұрнын, бетін тынымсыз үйкелеп әбігер.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Бейбіт күн бейнесі)

Жылдағыдан жер биыл ерте көктеп,
Жасыл бақты жасыл жел еркелетпек.
Көк инесін көк жіппен сабақтайды
Көлеңкеде кәрі ана көрпе көктеп.
Төсегінде жатқандай арман өсіп,
Тербетеді сәбиді арба-бесік.
Көк аспанға қарайды көп балапан .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс күні қуанышты тойлайтын

Кім Отанын шексіз сүйсе қаншама,
Оның тартар азабы да соншама М.Шаханов
Қазақ халқы өзінің басынан талай-талай сұрапыл күндерді өткізген. Елім деп еңіреген ұлдары тәуелсіздік үшін жандарын қиған. Желмаясына мініп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманды іздеп ел кезсе, еліміздің маңдайына біткен біртуар ұлдары қайтсек халықты білімді, озық етеміз деп түн қатты. А.Байтұрсынов ұйқыдағы халықты маса болып шағып оятса, М.Дулатов «Оян, қазақ!» деген жар салды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» мақсат еткен Сұлтанмахмұт болса, жер-жерден қазақ балалары үшін мектеп ашуды көздеген Ыбырай еді. Отарлау саясаты кезінде қиналған халықтың көз жасын тыям деп, атқа мінген Исатай мен Махамбет болса, азаттық үшін алысқан Тұрар, Әлихан, Амангелді сияқты аталарымыз ел тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан етті. Осындай азапты да ауыр күндерді басынан кешкен қазақ халқына екінші дүниежүзілік соғыс та оңай тимеді. 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы 5 жылға созылды. Осы уақыт аралығында халық басына төнген қара бұлтты серпу үшін, асыл азаматтарымыз майданға аттанды. Ол соғыс талай шаңырақты шайқалтты. 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз елдің бүгінгі ұрпағы үшін бейбіт те жарқын өмір сыйлаған азаматтарымыздың өшпес ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз. Ұлы Отан соғысына қаруымен де қаламымен де жауға қарсы аттанған ақын С.Мәуленов:
Мың қолдар сау болсын деп,
- Мен бір қолымды бердім......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін)

Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін!
Жұлдыздары жағылмаса түн бе түн!?
Сөздің күші ақиқатта,
Ағайын,
Әр уақытта шындықты айту — міндетің!
Ақиқатшыл адамдарға кінә артып,
Қарама сен көзіңді, дос, алартып!
Өтірікпен жұбатқанша,
Бауырым,
Шындықпенен жылатқаның мың артық .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл) (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарыш және Жер
Сабақ тақырыбы: Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): күн, ай және жыл ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушыларды күнтізбе негіздерімен таныстыру, уақыт кезеңдерге бөлінуін анықтау: күн, ай, жыл.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз қанатын көкке жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда... Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне үлкен үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұландарының бірімін! Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!» - деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ тәулсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Жылдар бойы, көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл үлкен – жетістік. Әрине, бұның бәрі елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайшылықпен келген жоқ. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке-ағамыздың қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бұл бостандықты халқымыз бұрыннан тілеген. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Дұха (сәске) намазы

Бұл намаздың сауабы мол. Дұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкаты, ұйықтауға үтірді оқып....
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Бейбіт күн жасасын әлемде

Батыр ел үшін туады,
Елі үшін өледі.
Халық мақалынан
Қаһарман қайсар рухты қазақ елі батыр халық.Ол шірене қалса,асқарасқар тауларына сүйенеді,айқын щалқар көліне,кең байтақ жеріне одан кейін азаматтығына,өзінің парасаттылығына сенеді.Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар,Төле бидей көсемдігі бар,айтыса қалса,дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар,Қабанбайдай ірілігі бар, қиыннан қиыстырып жол табар Абылайдай бірлігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Аяулы мен Әлия мен Мәншүгімді,-деп есімдерін ән-жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім.Мәншүк Маметованың қайтпас қасарлығы таң қалдырмай қоймайды.Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Ол күнгі Алматы

Қара ұрт оны әбден түсінеді. Бірақ көптен көріспегендіктен мынаның қалайша оралдырып жүргенін естімек еді. Өзінікіне ұқсай ма, жоқ па? Соны байқамақ. Сондықтан:

— Шын ба, елуге жете ме? — деді.

— Жетпей қоя ма? Өзің ойлап көр. Охотыға қалай шықтым, солай кем болса бір түс киіз, бір сырмақ, немесе алаша, кілем, не болмаса сандықта жатқан ішік, шапан алам! — деді. "Охоты" деген соңғы айларда бұлардың тілінде ауылға барып, шабуыл жасап қайту мағынасында болатын. Семіз қызылдың бұл айтқаны шын екенін осы Фонтан көшесінің өзі-ақ өн бойында көрсетіп тұр.

Әр көшенің басынан кіре бере, Тәшкен аллеясына шейін байқап отырсаң: әлденеше бақшаларда, немесе тәуір үйлердің терастарында ылғи қызарып, аламыштанып, жарқырай жайылып тұрған қазақы қолды жасауды көресің. Бұл үйлердің бәрі де қала чиновниктері мен көпес, немесе мещан атауының үйлері. Соның кейбірінде әдемі оюлы сырмақ, кейінде шебер кестелі түс киіз, кейінде су жаңа; мұндай қызарғаны жоқ үйлер салам шатырлы, аласа дуалды кедей шоқпыт үйлер ғана. Одан басқаның бәріне қазақ аулынан шыққан жасаулы келіндер түскен дерсің.

Бағанағы шал-кемпірді шошытқан қала бұл күндерде сол айналасын жалмап жұтып, қызара бөртіп тұрған талан-тараж қаласы еді. Семіз қызыл осы жасауларды әлгі чиновник, тілмаш, көпестердің үйіне жеткізіп, арзан қол қып өткізушінің бірі еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0