Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Соғыс - жер үшін, кейінгі ұрпақ келешегі үшін, елдің намысы үшін жауапты майдан. Бірі атасынан, бірі әкесінен, бауыр – қарындастарынан айырылса, бірі ұлынан айырылған сұрапыл жылдар. Бірақ азапқа толы сол жылдардың өз нәтижесі, тарихы, маңызы бар. Жеңіске жеткен сол күнді одақтас он бес ел, соның ішінде қазақ елі де 71 жыл бойы тойлап келеді. Ол ешнәрсе де, ешкім де тарих беттерінен өшпейтінінің, халықтың жүрегінен де, жадынан да мәңгі орын алатынының белгісі. Бұл соғысқа қазақ елінің тікелей қатысы жоқ деушілер де бар шығар. Бірақ бұл оймен мен мүлдем келіспеймін. Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан үшін де бұл соғыстың маңызы зор. Қызыл армиядағы қазақ жауынгерлері алдыңғы шепті басқарып, Брест қамалынан Берлинге дейін барды. Қазақ жауынгерлерінің ержүрек, өжет мінезі мен жауынгерлік шеберлігіне барлық өзге ұлт өкілдері тәнті болған. Оған дәлел бес жүз қазақ жауынгері Кеңкс Одағының батыры атағын алған. Осындай мақтануға тұрарлық деректерді тарих, әдебиет беттерінен кездестіргенде бір ерекше сезім пайда болады. Ал Жеңіс күнінде қуаныш, мақтанышқа толы айрықша көңіл – күй жүрегіңді баурайды. Дегенмен, қарттар мен ересек жандардың көңілдері босап, көздеріне жас толады. Қуанышты күні жас алуларының себебі: бір мезет көз алдарына сол соғыс уақытын елестетіп, оққа ұшқан талай қазақ бауырларын естеріне алады. Бұл соғыстың қуанышы мен азабы ел жадында қатар жүреді......
Мақсаты: 1. Балаларға 8 наурыз туралы түсінік беру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. 2. Балалардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының жүру барысы: Тәрбиеші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық. Әйелдер күні бүгін халықаралық Жарыққа бізді әкелген аналарды. Бүгінгі мерекемен құттықтайық. .....
Домбыра алып, ел кезіп, Тұманды күнде мен безіп, Кешегі жүрген шағымда: Күннің батқан жағында, — Секілді менің руым Өмірдің көрген құйынын, — Бар екені қандай жер, Бар екені қандай ел Сезілген күңгірт Жамбылға.....
Сот тергеушісінің алдында үстінде шұбар көйлегі, бұтында қырық құрау дамбалы бар бір телтиген, ересен арық мұжық тұр. Өзінің түк қаптап, шешек шұқырайтқан бұп-бұйра беті мен салбыраған қап-қалың қасының астынан әрең көрінген көздерінде бір тұнжыраған сұсты сипат бар. Талайдан таралмай, ұйысып қалған шашы бөріктей болып, түріне бұрынғыдан да бетер, өрмекші сықылды сұстылық бере түскендей. Жалаң аяқ тұр өзі.
— Денис Григорьев! - деп бастады тергеуші - Берігірек кел де, менің сұрауларыма жауап бер. Шілденің жетісі күні таңертең теміржол қарауылшысы Иван Семенов Акинфов
141-шақырымда жолмен келе жатып, рельсті шпалға бекітетін гайканы суырып алып жатқан жеріңде сенің үстіңнен түскен. Сол гайка мынау, мінеки!.. Өзіңді ұстағанда әлгі гайка бойыңнан табылған. Осылай болып па еді?
— Немене?
— Акинфовтың айтқанындай, бәрі осылай болып па еді?
— Білемін, болған.
— Жақсы, ал енді гайканы не үшін суырдың?
— Немене?
— Сен өзің "неменеңді" қоя тұр да, сұраққа жауап бер: гайканы не үшін суырдың?
— Егер зәру болмасам, суырмас та едім, - дейді Денис қырылдап, төбеге көзінің қиығымен қарап қойып.
— Бұл гайканың саған не керегі болып еді?
— Гайка ма? Гайкадан біз салдауыр жасаймыз... .....
Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)
Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма? Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.....
Ақша- жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық бйланысты қамтамасыз етеді.Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды.Сөйтіп құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі-ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішні және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақща түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл (әсіресе, алтын, күиіс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды....