Шығарма: Байрағымыздағы күніміз сөнбесін

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың
болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің
нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп,
еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді.
Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық
жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз
мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.....
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз

Сабақтың мақсаты: «ынтымақ» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:
- ынтымақ, бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
- достық қарым - қатынастарын нығайту;
- татулықта, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші: Балалар, қане «Шаттық шеңберіне» тұра қояйық.
«Қазақстан - ортақ үйіміз» өлеңін айтайық.
Тілейміз – бейбіт күн
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Баласын жоғалтқан Күнше

Ертеде Күнше дейтін бір жесір әйел болыпты. Ол күндердің бір күні өзінің құрым лашығынан жалғыз баласын ұрлатып алып, зар илепті. Күншенің мұндай күйге ұшырағанын көрген ел-жұрты қатты налыпты. «Бейшараға қалай жәрдемдесеміз?» – деп өзара кеңеседі.
Арада төрт жыл өтеді. Қанша іздегенмен бала табылмады. «Толыбай деген сыншы бар, соған барып арыз айт», – деп, ауыл адамдары Күншеге ақыл айтты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Отан – ұрпақтың күліп атар ертеңі

Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық, саяси бірлігінде.
Елімізді сақтасақ, қорғай білсек,
кез келген сынақтар мен
кедергілерден сүрінбей өтеміз.
Н. Ә. Назарбаев.

Құрметті менің шетелдік досым! Мен бұл хатымда саған менің елімнің Қарулы
Күштері жайлы айтпақпын. Менің елім қанаты қатайып, кемелденіп келе жатқан
«Қазақстан» атты жас мемлекет. Өз алдына отау тігіп, көк туымыз асқақ желбіреп,
Тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына, міне, биыл 20 жыл!....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен Тәуелсіз елдің перзентімін

Бұл сөз – менің бойымдағы, сан мыңдаған тамырдағы қанды бұрқақтатып, кеудемдегі кішкентай жұдырықтай жүрегімді тулатып,басымды көкке көтеріп тұрып, анамның алпыс екі тамырын идірген сүтпен келген, қылыштай өткір қазағымның тілімен сөйлеткен, ғаламның төрт бұрышына мақтанышпен айтатын сөз.
Мен ұлтарақтай жерін қасық қаны қалғанша қорғап, қызын қырдағы жайқалған қырмызы гүлге балаған, ұлын ұрпақ жалғастырар мұрагері деп ардақтаған, жеті атадан қан тазалығын сақтап ұрпағын өсірген, бейбітшілік туын көкке көтеріп көк бөрінің еркіндігін сақтаған, текті қазақ деп аталатын тәуелсіз ұлттың өрені боламын.
Өткен тарихы мол мұраға айналып, өскелең ұрпаққа асыл қазынадай ілім жолын салдырған, тарихын өшпестей етіп тасқа қашаған, шежіресін өлместей етіп кітапта қалдырған, жырлары дастан болып жырланып, батырларының ерлігі аңызға айналған, осы ғаламда Мәңгілік ел болып қалатын мемлекеттің ұрпағымын.
Азаттық үшін күрескен Күлтегіннің ерлігімен сусындаған, Абылайдың туының астына қазақты жинаған, Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Райымбек батырлардың ерлігін қайталаған, Кенесарының қайсарлығынан жүрегі тулаған, Ахмет, Бөкейхан, Мағжан, Шәкәрім жырларынан Алаш арыстарының арманын жалғастырған егеменді елдің ұрпағымын.
Талай қырғынды басынан кешірген, бүкіл әлемге қазағы «тарыдай шашылған»,бірақ атамекеніне қайта оралған, арыстарым құрбандыққа қиылған, рухани қазынам жасырын оқылған, талай қиындықты басынан өткізіп иілсе де, сынбаған қазақтың қайсарлығының жалғасымын. Тәуке хан жазған «Жеті жарғының» заңымен жүрген, ұлы билерімнің данышпандығын көрген, халқымның қырылғанына күйінген, батырларымның жеңісін сезінген, Әлия, Мәншүк, Бауыржанның ерлігін жалғастырар елдің қыранымын.
Абай салған дара жолда өзімнің кішкене ғана қайығымды ескен, Мұқағалидің сезімінен қиялданған, Фаризаның қайсарлығынан нәр алған қазақ қызымын. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Тілді күнәдан тыю жолдары

«Он күнәнің тоғызы – тілден екен» немесе «Басқа пәле – тілден» сынды аталы сөздерді талай рет естідіңіз. Естідіңіз-ау, бірақ тіліңізді тым болмаса бір күн тыйып көрдіңіз бе? Жоқ? Олай болса, төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:

Ғайбат сөз – теңізді де былғайды...
Аз, алайда әділ әрі тапқыр сөйлеу – Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мінез-құлқы. Алла Тағала оған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан. Аузынан ешқашан жаман сөз шықпаған және айтқан сөзінің артығы не кемі болмайтын Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жөн-жосықсыз сөйлейтіндерді жақтырмайтын, өзіне ұнамсыз бір жайтты жанындағыларға сездіргісі келгенде, оны астарлап жеткізетін. Айша анамыз бір әйелдің бойының қысқалығын айтып қалғанда: «Қой, ғайбат айтпа. Әлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап жібергендей екен», - деп сол мезетте тыйған екен (Ибн Касир).......
Кеңестер
Толық
0 0

Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу

Это важно!
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Өлеңдер
Толық
3 -2

Сценарий: Білім күні – мереке

Білім күні – мереке

Балабақша ауласы 1 - Қыркүйек - Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды.
Қастерлемес даңқын кім,
Қадірлемес салтын кім?
Әнұраны елімнің,
Үні, Тілі халқымның!
(Әнұран орындалады)

Жүргізуші:
Сәлем, достар, балалар!
Жаңа білім күніңмен!
Білім - күні мереке,
Ән салсам да әдемі.
Туған тілім - береке,
Сөз арнасам кәделі!...
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қазақстанда күн энергиясының болашағы

Егер жер бетіндегі барлық құрлықтың тек оннан бір бөлігін ғана алып, оған күннен түсетін-жылу энергиясын тек 10% пайдалы әсер коэффицентпен, яғни оның оннан бір бөлігін ғана пайдаланса, онда 4,18 • 1021 Дж энергия алынған болар еді. Ол қазіргі уақытта жер шарында пайдаланып отырған барлық энергиядан 100 еседей көп.
Осыған байланысты күн энергиясын пайдалану мәселелерімен шұғылданатын ғылымның жаңа саласы — гелиоэнергетика (күн энергетикасы) пайда болды. Күннің жылу энергиясын адам игілігіне жарату бүгінгі күннің кезек күттірмес маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Күн аса таза-әрі тегін энергия көзі болып табылады.
Күнді энергия көзі ретінде пайдалануды адамзат ежелден армандап келеді. Әйгілі грек ғалымы Архимед екінші Пуничек соғысында Сиракузах қаласында үлкен айнаның көмегімен Рим кемелерін жандырып жіберген деген аңыз бар. Ал Циолковскийдің өзі ғарыш сапарында жермен байланыс жасау үшін айнаны пайдалануды ұсынған. 1923 жылы Москвада өткен алғашқы ауыл шаруашылық көрмесінде Циолковскийдің жобасы негізінде жасалған күн қозғалтқышы көрсетілді. Мұндай мысалдарды тарихтан көптеп келтіруге болады.
Дегенмен қол жеткен жетістіктер мен табыстарға қарамастан, күн энергиясын күнделікті тіршілікке, тұрмысқа тікелей пайдалану мәселесі әлі де тиянақты шешімін тапқан жоқ. Оның көптеген объективті және субъективті себептері бар. Мәселен, күн сәулесі жер бетіне шашыраңқы түрде түседі. Әрбір шаршы метр жер бетінен тек жүз елу вольт шамасында энергия жинауға болады.
Қазір күн энергиясын пайдаланудың негізгі 4 бағыты белгіленіп отыр. Олар — жылу-техникалык, фото-электрлік, биологиялық және химиялық бағыттар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Күнделік мемуарлық әдебиеттің ішкі жанрлық бұтағы

Жазушының немесе саяхатшының өз көзімен көріп білгенін тізіп жазудан пайда болған жанр. Былайша қарапайым жай күнделіктерде көбіне жеке өмір фактілері, кісі назарын аударған көріністер сөз етіледі. Онда авторлық фантазия да болады. Ал көркем күнделіктерде жазушының әр алуан ой- сезімдері , алған әсерлері, қызықты оқиғалар бейнеленеді. Дүние жүзінің көптеген жазушылары өздерінің кейбір шығармаларын күнделік формасында жазған. Мысалы, олардың қатарына М.И.Тургенев, М. Салтыков- Щедрин, В. Короленко және басқаларды жатқызуға болады. Өзіміздің қазақ-ғалым арасында жазушылары күнделікті алғаш қолданған Ш.Уәлиханов еді. Оның «Құлжа күнделіктері» ғылыми көркем публицистикалық шығарма. Сондай – ақ қазақ қаламгерлері ішінде осы әдіспен жазылған шығармалардың бірі Ә.Сәрсенбаевтің «Офицер күнделігі» болып табылады.
Орыстың ұлы жазушысы Л.Толстойдың күнделіктері тағылымдық жағынан теңдессіз маңызға ие, мол пішілген дүние екендігін де гәп бар ма? Ол кейбір сәл үзілістер мен күнделігін ғұмыр бойы 63 жыл жүргізген. Яғни , 18 жасар студент шағынан бастап жазып, 82 жастағы атағы әлемге жайылған данышпан жазушы атанғанға дейін күнделігін тынымсыз толтырып отырған. Сол күнөрім шежірелері біздің қолымызға том- том кітап болып тигені мәлім. Сондай – ақ ол «Дневник одного себя » аталған түрін де жүргізіп келген . Онда мынандай жазулар бар: «... Чтоб жить честно, надо рваться, путаться, биться , ошибаться, и вечно бороться и мишаться. А спокойствие душевная подлость» [1,86 ] немесе жазушының жеке хатшысы В.Булгаковтың «Л.Н. Толстой өз өмірінің ақырғы жылында» деп аталатын күнделік кітабында күрделі өмірдің бізге беймәлім тұстары шыншылдықпен бедерленген. Оны оқып отырғанда мына «бес күндік қонақ» өмірінің теңдессіз тұлғаға да кей сәттерде қадірсіздеу болғанын, оның да күйкі пендешілкпен істеген оғашықтардан ода еместігін, тіпті отбасылық қарым-қатынастағы трагедиялық қайшылықтар өрбігенде қайран қалмасқа лажыңыз жоқ. Кезінде Толстойдың зайыбы Софья Андреевна өз басының келеңсіздіктері жазылған тұстарын күнделіктен өшіріп тастауды күйеуінен қатты талап етіп және де айтқанын орындатқанын да нақты дерек арқылы білеміз.Аталған күнделік кітап- ғажап бір дүние , мәңгілік әлемі деуге де тұрарлықтай Авторы жоғары оқу орындағы оқуын тастап ұлы жазушыға көмекші болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0