Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы

Сұрақ: Кейбір адамдар «Намаз оқымайтын, ішкілік ішетін, орамалсыз ашық-шашық жүретін немесе басқа күнәларды істеп жүрген адам босқа ораза ұстамау керек» деп жатады. Бұл сөз дұрыс па?
Жауап: Жоқ, дінге қайшы. Бірнеше күнә істеген адамның басқа күнәларды да істеуі қажет емес. Әрі ораза тұтып, әрі күнә істейтін адам, ораза ұстау арқылы берілетін үлкен сауапқа жете алмайды, бірақ ахиретте неге ораза ұстамадың деп есепке тартылмайды. Ораза парызын.....

Кеңестер
Толық
0 0

Рамазан айы. Ораза. Рамазанда жұрттың көзінше тамақ жеу

Сұрақ: Рамазанда «Аллаһтан жасырмағанды құлдан жасырам ба» деп ашықтан-ашық ішіп-жейтіндер кездесіп жатады. Ораза тұтқандардың көзінше бірдеңе шайнап отыру күнә емес пе?
Жауап: Рамазанда өзгелер көретін жерде ішіп-жеген кісілер күнә істеген болады. Күнәны ашық түрде де, жасырын түрде де істеу жаиз емес. Бірақ нәпсіне, шайтанға еріп.....

Кеңестер
Толық
0 0

Айлардың төресі - Рамазан

Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады.
Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....
Кеңестер
Толық
0 0

Тілді күнәдан тыю жолдары

«Он күнәнің тоғызы – тілден екен» немесе «Басқа пәле – тілден» сынды аталы сөздерді талай рет естідіңіз. Естідіңіз-ау, бірақ тіліңізді тым болмаса бір күн тыйып көрдіңіз бе? Жоқ? Олай болса, төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:

Ғайбат сөз – теңізді де былғайды...
Аз, алайда әділ әрі тапқыр сөйлеу – Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мінез-құлқы. Алла Тағала оған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан. Аузынан ешқашан жаман сөз шықпаған және айтқан сөзінің артығы не кемі болмайтын Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жөн-жосықсыз сөйлейтіндерді жақтырмайтын, өзіне ұнамсыз бір жайтты жанындағыларға сездіргісі келгенде, оны астарлап жеткізетін. Айша анамыз бір әйелдің бойының қысқалығын айтып қалғанда: «Қой, ғайбат айтпа. Әлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап жібергендей екен», - деп сол мезетте тыйған екен (Ибн Касир).......
Кеңестер
Толық
0 0