Күйеуіңіз ашуланса…

Бір кісі қит етсе ашуланып шыға келетін күйгелек, өте сабырсыз болыпты. Ал оның жары керісінше, байсалды, сабырлы, ақылды әйел екен. Кісінің сондай қиын мінезіне қарамастан екеуі тату-тәтті, береке мен бірлікте.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
11,5 -7,5

Шымкенттік келіннің шынайы өмірі

Соңғы кездері ОҚО-да келін болу қиын немесе осы өңірде келіндерге деген талап пен сынақ күшті деген сөздер жиі айтылып жүр. Ел арасындағы түрлі болжамдардан кейін STAN.KZ сайтының өңірдегі тілшісі қарапайым бір әулеттің түтінін түтетіп отырған Салтанат келіннің бір күнін түсірген еді.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Көшеден тауып алған ақшаны не істеу керек?

Егер даладан, басқа жерден құнды зат тауып алсаңыз оның аманат екенін ұмытпаған жөн. Олжалы болдым деп қуанғаннан бұрын, жауапкершілікті сезінген дұрыс. Өзгеге тиісілі бір затты байқап қалып алатын болсаңыз, алдымен куәгер тауып алу керек. Сондай-ақ ол кісіге иесін табу мақсатында алғаныңызды айтып, өзіңіз туралы......
Кеңестер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Электрофор машинасын CD R дискісінен жасау

«Жас техник» байқауы
• Электрофор машинасын CD-R дискісінен жасау
Электрофор машинасының маңызы, шығу тарихы
Электрофор машинасын алғаш 1865 жылы немістің физик экспериментаторы Август Теплер жасап шығарды. Сол мезгілде Август Теплерге тәуелсіз басқа неміс ғалымы Вильгельм Гольц (1836 –1913) жасады. Гольц машинасы Теплер машинасымен салыстырғанда потенциалдар айырмасын көбірек алуға мүмкіндік алды және оны тұрақты электр тогы көзі ретінде пайдаланылды.
Қолдану аймағы:
Электрофор машинасы физика пәні бойынша электростатика тарауын оқыған кезде демонстрациялық тәжірибелер көрсету кезінде үлкен зарядтарды және жоғары потенциалдар айырмасын алуға негізделген......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Библиография | Центр Кредит банкісінің басқару құжаттарының орындалуы

Кіріспе
XXI ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерітер болып жатыр. Республика өмірінде жүргізіліп жатқан бұл реформаларды жүзеге асыруға байланысты күрделі міндеттер тұрғаны белгілі. Реформаның нәтижелі, жемісі болуы соларды дер кезінде дұрыс шешуге байланысты. Қазір құр сөз, қысыр кеңестен гөрі нақты іс қимылға көшуге негіз бар.Қазақстан Республикасының конституциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкідік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін әр министірлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрсететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруға тиіс. Біздің ойымызша, солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатаны – қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемкеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардық барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңдерінде негізгі төрт бағытта іс- шаралар жүргізеді. Соның бірі-ресми іс жүргізудің мемлекеттік тілге кезең –кезеңімен көшірудің нақты негізін жасау.
Қалай десек те, республикада мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен-өзі жалға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы- орыс тіліндегі нұсқауларды негізге ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс- қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру. Ал осы ретте мемілекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру, жинақтап айтқанда, құжат айналымын іске асыру- бүгінгі таңда өткір тұрған мәселе. Қазақ тілінің тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін осы саладағы істі жандандыру керек, ал бұл мемілекеттік мемілекеттік деңгейге енді- енді қолға айналдырып жатқан шара.
Қазақстан Республикасындағы халықтар мәдениетінің өзара әсері ең алдымен олардың тілдерінің бір-бірімен қарым- қатынасына негізделеді. Біздің мемілекетіміздің саясаты еліміздегі барлық тілдердің гүлденіп өркендеуіне, өмірдің барлық саласыда қолдануына лайықтанған бағыт ұстап отыр. 1997 жылы 11 шілде Қазақстан Респуьликасындағы «Тіл туралы» Заң қабылданып, 1998 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оны жүзеге асырудың мемлекеттік бағдарламасы екі тілде бекітілді. Жоғары оқу орындары мен мектептерде, коллеждер мен лицей, гимназияларда қазақ және орыс тілдерінде іс жүргізу пәні арнайы оқытыла бастады. Алайда оның тиімділігі осы пән бойынша оқулықтар мен ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Ертегі: Қасқыр мен кісі

Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады:
— Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды. Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтығын жарқылдатып жетіп келеді.
Кісіден:
— Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп сұрайды.......
Ертегілер
Толық
0 0