Май айының іші. Гүбірнелік қаланың бақшасы мейрам күніне күндізден әзірленген. Күн батуға тақағаннан бері қарай, қаланың қызықты көксеген жастары әлденеше көңілді топ болып, күлісіп-әзілдесіп келіп, бақшаға кіріп жатқан. Бүгін күн ыстық болған. Сондықтан мынау бақшаның көлеңкесінен шыққан салқын леп майысып қана тербете соққанда, денені тез көтеріп, сергіткендей болушы еді.
Мейрам күннің түс мезгілінен бері қарай, бақшаға барамыз деп әзірленген бозбала мен әйелдер күн батардан-ақ бөлек-бөлек жайраңдаған топ болып, үзілместен келіп жатыр. Қала халқына көптен белгілі болған бақша оркестрі күндізден құтырып ойнап, дәмелі жастың көңіліне қозғау салып шақырып тұрған.
Құмы мен шаңы көп ыстық қалада майдың қоңыр салқын кеші кішкене сұлу бақшаның ішіне жанар оты сөнбеген жастарды еркін демалысқа, түстей сұлу сезімге шақырып, күтіп тұрғандай. Бақшаның сәнді шұбар тобы көрініске шыққан сахна сұлуларындай болып, неше алуан тілімен былдырлап, желікті күлкі, сезімді қалжыңмен оркестр күйінің ішінде толқынып, бұралып өтіп жатты. Күн батып, қас қараюға айналған кезде бақша мезгіл сайын жанданып, ыстық лепті тіршілік қызуымен ажарланып келе жатқан. Бақша, тіршілік күнінше, жылытатын ұяша талай меңіреу ойды да оятып сергіткендей.
Кейбір шеткі аллей ұзақ қоңыр, қараңғы болып келіп, қараңғы түн сырымен қосылып, ыстық демалыс, үзілген жүрек күйін ескерткендей болатын. Екі жақтағы қараңғы қалың тоғай ішінде тұңғиық қара көзді түн сыры оркестрдің сезімді күйіне тіл қосқандай. Қалқып тұрып иек қағып, жұмсақ жел сілкінткен жапырақтарын тілші қылып, сол күймен сыбырласып сырласқандай болушы еді.
Теледидарда немесе бас қосқан жиындарда қоғамдағы келеңсіздіктер талқыланып жатады. «Ұрлық, алаяқтық көбейіп кетті, арсыздық, ұятсыздық өршіп кетті, қоғам бұзылып бара жатыр» деген сияқты тақырыптар қозғалады. Сонда біреулер «Ұры кінәлі емес, қоғам кінәлі» десе, екіншілері «Ұрламағанда қайтсін енді, жоқшылық бас сауғалатқанда амал бар ма?!» деп әңгімеге май тамызып отырады. Негізінде, ойлап қарасақ, ұрлық пен кедейліктің еш байланысы жоқ. Ауқатты отбасыдан шыққан ұрылар мен әлімжеттілік қылатын баскесерлер елде жетіп артылады. Қаншама кедей отбасылар бар адалдық шеңберінен шықпай, ар-ұят, адамгершілік қағидалары аясында берекелі ғұмыр кешуде. Біреудің ала жібін аттау ойларына да кірмейді.
Ал қоғамдағы келеңсіздіктердің шешімін халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов жақсы түсіндірген екен: «Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар.»
Иә, адалдық пен ар-ұят бір-бірмен тығыз байланысты қасиет. Мәселенің бәрі тәрбиеге келіп тіреледі. Ата-бабамыз «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген емес пе?! Сондықтан бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлу керек. Бала-шағаға кішкентайынан ешкімге қиянат жасамауды, ешкімнің ақысын жемеуді, адал болуды, ар-ұятты болуды жақсылап үйрету керек. Адал болуды, ар-ұятты санасына сіңіріп өскен бала ешқашан ұрлыққа, опасыздыққа бармайды. Өзіміз де ар-ұятқа жіті мән берейік. Ар-ұят түзелсе, қоғам да түзеледі.
Ассалаумағалейкум елім десе елеңдеген қазақтың ер жүрек ұлдары мен батыр қыздары.Алаш десе астындағы атын түсіп беретін,дос болғанаға құдайындай сенетін сіздердей ұл- қыздарды қазақ халқы мақтан тұтады.Мен сіздерді алда келе жатқан қазақтың төл мейрамы Наурыз мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Барлығыңызға қазақтың төл жаңа жылы Наурыз мейрамында жаңа бақыт,зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілеймін. Менің бұл мейрамды бір ай бұрын құттықтап тұрған себебін қазақтың төл мейрамдары басқа ұлттардың той-томалақтарының көлеңкесінде қалып бара жатқанын көріп алаңдаушылық сезімнен туып отыр.......
Негізі мен қарапайым студенттің бірімін. Және басымнан өткен жағдайда соншалықты да ерекше емес, бірақ мен өзімді кінәлі сезінемін. ОЛ жігіт маған 3-4 ай бойы өзінің жақсы көретінін айтатын, білдіретін. Өзі жақсы жігіт, сүйкімді.Жәнеде екеуміз бір оқу орнында оқимыз,оны күнде көремін. Бірақ жүрекке әмір жүреме? Мен оған қаншама рет өзімнің оны сүйметінімді айтқан болатынмын. ОЛ болса оны менің жүрегім түсінбейді деп айтатын.
Ол журекке қалай түсіндірерімді білмеймін,қалай жеткізем деп жүргенде онымен ашық түрде сөйлестік. Екеумізде бұл жағдайға кім кінәлі деген сұрақпен ой үстінде тұрдық. Үнсіздіктің арты сөзбен бәрінде түсіндіремін, жігіт жүрегін жараламаймын д еген қыздың, яғни менің барынша оған тусіндіргім келетін сөздеріме ұласты... Ол бірақ тағыда өзінің не болсада сен сүйемін, және бұлай ешкімге ешқашан ғашық болмағанын айтты. Менің тіпті оған айтар сөздерімде таусылды. ОЛ менен өзін не себептен ұнатпайтынын сұрады. Оның себебі бір жанға байланысты еді... яғни басқа жігітті ұнататынымды айттым. Иә ол сонымен бақытты бол деген сөзімен қоштасып кеткендей болды. Ал мен болсам оған бір жағдай болып қалама деп қорықтым. Иншаллах олай болмады......