Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сынауға тіптен құмар кім көрінген)

Сынауға тіптен құмар кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Сырласып отырамын ондайда мен,
Мазасыз күндеріммен, түндеріммен.
Айтса айтсын айыбымды бетке қарып,
Қайтемін қаламымды кекке малып. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Əбдірей Сағыныш Байзақкызы | Мен үлгі тұтқан жан Ол кім


Талай қиындықты бастан кешіп,ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда жанын аямай жауға қарсы тұрған,бейбіт күндері туған жердің көркейіп,қанат жаюына өз үлесін қосқан,бүгінгі таңда майдангерлер атанып отырған қазалылық азаматтарымыз аз емес.Оның көбі о дүниелік болып осы қызықты да жарқын күндерді көре алмай кетті.Қалғаны саусақтың санына да жетпейді.

Солардың ішінде XXғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі саналатын Ұлы Отан соғысына қатысып,ер етігімен су кешіп,жеңісті сыйлаған жандардың бірі-менің атам,Ұлы Отан соғысының ардагері Əбдірей Əбішұлы болатын.

Менің атам 1941 жылы 21 жасында майданға аттанған.102атқыштар дивизиясы қатарында шайқасқан.Шайқас кезінде аяғынан жараланған.Сонымен қатар аяғы үсікке де шалдыққан."Ер шекіспей бекіспейді" демекші,менің атам жазылып шығысымен майданға қайта аттанады.Ал 1945жылы 2мамырда жеңіс туын тігіп,еліне,халқына мəңгілік қуаныш сыйлағандардың қатарында болды.

Ауыз толтырып айтар ерлігі бар,мен үшін үлгі тұтарлық алып тұлға саналатын,осы ашық аспан астында өмір сүруіміз үшін үлесін қосқан атамның ерлігі ескерусіз қалмасын деп осы бір үзік сырымды қағазға түсіруді жөн көрдім.

Менің атам Əбдірей Əбішұлы-мен үшін үлгі тұтарлық тұлға.Атам үлгі боларлық істерімен маған ғана ата емес,Қазалының əрбір жаны ескеріп,есімін жүрегінде сақтап,жасаған ерлік істерін мақтанышпен айта алатындай болса деймін.Атамның есіміне өз туған жеріндегі көше атауы берілсе деп ойлаймын.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Кәкімжан Қазыбаев | Сыр

Кел, замандас, сырласайық! Бүгінгі өркенді өміріміздің биігіне көз салайық та, өз өремізді өлшеп көрейікші, өз-өзімізге есеп берейікші! Жүктелген міндетті түгел атқарып жүрміз бе? Міндет дегенді түсіну бар да, сол түсінгендей орындау бар. Біздің тұлғамыз ажарлап айтқан сөзімізден ғана емес, ең алдымен адамгершілік биігімізден көрінеді. Отанымызға шексіз берілу, қоғам игілігін сақтауға қамқор болу, қоғам мүддесіне нұқсан келтіруге мүлде төзбеу, жолдастық, коллективтік жауапкершілік, бір-бірімізді сыйлау, адалдық, қарапайымдылық, моральдық тазалық, семьядағы татулық, әділетсіздікке, арамтамақтарға аяусыз қарсы күрес, еліміздегі ұлы жеңіс — халықтар достығын көздің қарашығындай сақтау, Отанымыздың жауларына мейірімсіз болу, бүкіл дүние жүзі еңбекшілерін құрметтеу рухында өзгені де, өзіңді де тәрбиелеу деген сөз.

Міне, осы принциптерді бүгін қалай жүзеге асырып жүрсің замандас? Өз еңбегің адал, өз ісің жемісті. Ал өзгенің аяқ алысы қалай? Айналаңда әзір асты сүйетін, бірақ қоғамдық еңбек десе сырт айнала беретін алаяқ, арамтамақ бар болса, оған қалай қарайсың? «Қайтемін, соны» деп ренжумен ғана тынасың ба? Жоқ, ол дұрыс емес. Сен — күрескерсің. Сен — өз ортаңның тазалығы, өз ортаңның мәртебесі жолындағы күрескерсің. Бүгінгі сәнді өмір, ертеңгі жарқын болашақ — сенің тұнығы. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Патша үкіметінің 1867-68 жж әкімшілік реформаларының жүргізілу себептері мен барысы туралы түсіну.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қыз келіншектердің жалаңаштануы ең алдымен кімге зиян

Қазіргі таңда қыз-келіншектердің ашық-шашық киінуі күн сайын көз көріп жүрген қалыпты жағдайға айналды. Ал сол жалаңаштанудың «өз иесімен» қоса, айналасындағыларға аса қауіпті екенін білеміз бе?

«Әйелдердің «барын» көрсетіп жүруі – ер адамдардың құмарлығын оятып, «жыныстық стресс» туындатады, соның әсерінен ауыр ішкіоргандық «жыныстық кері қайту» комплексі іске қосылады, ал ол – импотенция мен рак ауруларына алып барады» дейді дәрігерлер.

Қазіргі таңда аденома мен простата рагына шалдыққан ерлердің саны күн сайын артуда (әлем бойынша ер адамдардың 40 %-ы осы ауруға шалдыққан). Бұл әсіресе, шешіну «сәнге» айналған еуропа елдерінде кең тараған (біздің еліміз де шет қалмайды). ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кімнің мекені жақсы? (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Оқу мақсаттары: 2.2.3.2 Жоспар/ иллюстрацияны негізге алып мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау.
Сабақ мақсаттары: Жоспар немесе иллюстрация бойынша мазмұндау, сахналау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Туризм деген не? Турист деген кім? (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың мақсаты: Туризм деген не? Турист деген кім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.4 Туризм
2.2.4.1 туризмнің негізгі түрлерін ажырату
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға туризм, турист жайында білім бере, туризмнің негізгі
түрлерін ажыратуды үйрету.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Үміт және үкім)

Биіктерге қомдайтын қанатыңды,
түседі еске кей жәйлар бала күнгі.
…Ағамменен жарыса домбыра алып,
тартқан болам «Абылды», «Нар атуды».
Төкпе күйлер талдырып саусағымды,
бірақ құрбыластарым тамсанулы.
Тым жасаңдау болсам да,
сол әуендер ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау

КІРІСПЕ
Қылмыстық жазаның қылмыстылықпен күресудегі ролімен байланысты мәселелерді түсіну мен шешудің жаңа жолдарын іздестіру өзекті болып табылады. Яғни осы мәселе аса өзекті болып тұр. Жаза туралы ілімде түсініксіз әрі даулы жақтар өте көп.ҚР Конституциясы конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, өзге тұлғалардың құқытары мен міндеттерін, ел қоорғанысын қамтамасыз және мемлекет қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтардын қорғау қажеттілігімен негізделген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіндігін қарастырады.[1]
Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза қылмыстық кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз оқылмыстық кодекстiң 55-бабында белгiленедi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0