Туған жер... Туған жер-ай! Торқалы топырағың табаныма мақтадай жұмсақ тиіп , әр қадамыма қуат беріп қана қоймай, сол топырағыңның жылуы табанымнан өтіп, алпыс екі тамырымды қыздырып, іштегі тұнып жатқан сезім толқындарын толғандырып қояды-ау шіркін! Толқыған жо...жоқ тулаған жүрегім лүп-лүп соғып, кеудемді дүрс-дүрс ұрып жарып шығатындай, тәйірі. Ал табиғат болса, сол баяғы әсем әуезді әуенін шертіп жатыр ма? Жоқ, әлде, бейне бір жүрек тесер сырын ақтарып жатыр ма? Білмеймін... Сен дегенде жан жүрегім езіліп, темірдей қатал да қатқыл мінезім елжіреп -балқып кете ме? Олда бір үлкен жұмбақ. Туған жерім мен өзіңе келгенде, иә, иә мына мен жұмаққа келгендей күй кешемін. Сол жұмақтың ішіндегі адамдар қандай бақытты десеңізші! Па, шіркін, осынау асау әрі көзге көрінбес , тіпті білінбес, бірақ алып бақыттың қадірін жұрт біле ме екен? .....
Адам сан түрлі мінезге ие. Екі аттас зарядтардың тартылып, бір аттас зарядтардың тебісетіні секілді адамдар да кейде бір-бірінің мінездерімен үйлеспей жатады. "Екеуміздің мінезіміз бірдей болған соң ба, біз ұрсысып қала береміз" деп жатамыз. Ол рас. Қандай жандар бір-бірімен үйлеспейді? Бір мінезді адамдардың отбасы қандай болады? "Өзімді-өзім тәрбиелеймін" сабағының да келесі тақырыбы - осы...
Екі шатақ мінез біріксе, пішкен тондары келте болып шығады. Өйткені бірінің айтқанын бірі тыңдағысы келмейді. Біріне бірі тағы бағынғысы келмейді. Әркім өз айтқанын жасағысы келеді. Олардың былай тартып арбаны сындырып, былай тартып өгізді өлтіріп алатыны да сондықтан. Сол секілді қырсық мінезділер, тез ашуға берілгіштерді де осы қатарға жатқызуға әбден болады.......
Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан......
1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан айы аралығындағы Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа карсы бағытталды. Айта кететін бір жайт, бұл халық қозғалысын басқарғандар өз артықшылықтарынан, ежелгі жеңілдіктерінен айырылған ру басылар еді. Олардың басым көпшілігі халықтың ашу-ызасын өз мүдделеріне ұтымды пайдаланып, ел мұқтаждығына селқос қарады. Қаруланған казақ шаруалары патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді. Әлсіз ұйымдасқан жасақтар патшаның жазалаушы бөлімдеріне тайынбай қарсы шықты. Мысалы, 1869 жылы мамырдың 6-сы күні Орынбор шебінен жіберілген, фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскерден тұратын топқа Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасады. Жеті күн бойы шаруа жасақтары қоршауында қалған жазалаушылардың жағдайы мүшкілденіп, азық-түлігі және жемшөбі таусылған олар әскери шепке кайтып кетуге мәжбүр болды ....
Бір молда, бір ұста, бір тігінші—үшеуі жолдас болып келе жатып, баратын жеріне жете алмай, түн болып кеткен соң бір жерге қона кетіпті. Артып келе жатқан нәрсесі бар екен, үшеуі де ұйықтаса біреу әкетіп қалар деп, кезекпен қарауыл қойыпты. Ең алдымен ұстаны қарауыл қойыпты. Ұста жалғыз өзі зерігіп, ұйқысы келген соң бір үлкен ағашты кесіп алып, адамның дене (мүсінін) айнытпай жасап шығарыпты. Сосын тігіншіні оятып, өзі ұйқыға кірісіпті. Тігінші ағаштан істеген адамды көріп «менің өнерім бұдан кем бе» деп, дереу әдемі киім тігіп, ағашқа кигізеді. Ағашта тек жан жоқ болғаны болмаса, адамнан айнымайды. Тігінші молданы оятып, өзі ұйқыға кіріседі. Молда ағаш адамды көріп таң қалады. «Бұлар өнерін көрсетіпті, енді мен қайтем» деп қайғырыпты молда.
Сосын «енді осы ағашқа жан бітірсең екен» деп Құдайға жалынып жылапты. Құдай көз жасын қабыл алып, ағашқа жан бітіп, бір сұлу қыз болыпты. Сұлулығы соншалық, бетіне қарасаң көзіңнің жүзі таяды екен.....
Қызмет аясы еңбек және қоғамдық өзара қатынастың жетілдіруіне тікелей және жанама әсер етеді, өмір салтының қалыптасуына қатысады, қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени-түрмыстық айырмашылықтардың жойылуына әсер етеді. Сөйтіп оның халықшаруашылық маңыздылығы халықтың өмірлік маңызды мүдделерімен тікслей байланыстылығымен түсіндіріледі Қызмет көрсету аясының маңызды әлеуметтік-экономикалық функциясы қызмет формасымда өндірілетін халық үшін қосымша өмірлік игіліктерді құру болып табылады Қызмет саласы халық өмірінің бірқатар маңызды әлеуметтік-зкопомикалық мәселелері шешуге көмектеседі Ол халықтың әрдайым өсіп отыратын материалды-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандырады, оның бос уақытын көбейтеді, денсаулықты нығайтады және көңіл-күйін жоғарылатады, өмір сүру деңгейін ұзартады, қала және ауыл халқының еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға маңызды әсер етеді. Ол сондай-ақ жалпы ұлттық өнімнің және ұлттық табыстың өсуіне әсер етеді Материалды, еңбек және қаржы ресурстарым үнемдейді, қоғамдық еңбек өнімділігінің жүйелі өсуіне әсер етеді....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1A ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан Сабақ тақырыбы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру; Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау. Сабақ мақсаттары: Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру; Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау......
Көктем! Айнала жұпар атып, тіршілік атаулы түлеп тұр. Ажарында мың арудың сыны бар, кеудесінде мың ақынның тұнып жатқан жыры бар, көмейінде сұлулықтың үні бар, көкірегінде табиғаттың таусылмайтын жан тебірентер күйі бар. Бұл — біздің көктем.
Бұлақ сылдырап ағады, бұлбұл тамсана, тамылжыта, үзілте ән салады. Ақ балтыр қайыңдар, тәкаппар, бойшаң теректер жапырағын жайып, самал желмен сыбдыр қағады. Далаға шықсаң, гүл исі, нұрын төккен күн иісі. Жер-ана өзінің апай төсіндегі алып анарымен Тіршілік атты перзентін емірене емізіп жатқандай. Бәрі мамырлап, бәрі балбырап, тамылжып тұр.
Көктем көркі осындай. Оны көрікті жырға да, күйге де сыйғыза аларсың ба! Бұл көрік қанша қарасаң да тойғызған ба! Тарих қартайып, замана жаңарған сайын ол тіршілікке деген ынтызарлықты, болашаққа деген үміт отын лаулата береді.
Көктем көркіне адам еңбегінің шабыты, адам көңілінің қуанышы келіп қосылғандығы сурет — керемет сурет. Ол қуаныш арнасынан аса шалқыса, бірінен-бірі биіктеп ән де аспанда қалқыса, болаты мен шойыны мартенінде балқыса, даласында егіні толқын болып туласа, өңірінде сан түлік шұбырып - шұбап шуласа, шырқ үйіріп барлығын, адамы қарап тұрмаса! Бақыт деген осы емес пе!