“Қазақфильмді” басқаруға ресейлік маманның келуі желіде қызу пікірталас тудырды

Бұған дейін үкімет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жекеменшікке сататынын мәлімдеген болатын. Алайда, қазақ киносының қара шаңғырағы саналатын киностудияны сатып алуға әзірге ешкім ниет танытып жатқан жоқ.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Келін қай қылығымен сүйкімді

Қазақ халқында келіннің отбасындағы рөлі мен орны өзінше бір бөлек. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» дейді ата-бабаларымыз. Ұлын ұяға қондырып, шаңыраққа келін түсіру өмірдің ең маңызды ісі саналады. Өйткені ұл өсірген ата-ана үйге келіп түсер келіннің қандай боларына қам жейді. Бойжеткен сүйгені өскен шаңыраққа бас сұғып, табалдырығын аттаған күннен бастап өзінің келін екенін сезінгені дұрыс. «Қызымдай көремін» деген сөзге мастанбай, келіннің қыздан да адал боларын дәлелдеңіз. Осы себеппен біз бүгін cіздерге болашақта өнегелі де, ибалы келін болсын деген мақсатпен «Келін қай қылығымен сүйкімді?» деген тақырыпты ашпақпыз. Келіннің бойыннан қандай жағымды қылықтар табылуы керек?......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Сөзді кім қалай ұғар, қалай бұрар?)

Сөзді кім қалай ұғар, қалай бұрар?
Сөз ұғар тез тап болар талайлыға әр.
Сөз ұғар мен талайлы шөккен жерде,
Сөз сатқан шоқтықтанар малайлылар.

Көбейді сөз бұрар да, көз бұрар да,
Шығып тұр турашылдан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Павлодарда оқушы қызды соққыға жыққан бір топ бойжеткенге сот үкімі шықты

Павлодар қаласының жеті тұрғыны кәмелетке толмаған қызды соққыға жыққаны үшін сотталды. Полияция өкілдері бір топ бойжеткенге қандай жаза тағайындалғаны мен оларға қандай айып тағылғанын түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ .

Бұған дейін Павлодарда бір топ бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызға шабуылдағаны туралы ақпарат тараған еді. Оқиға оқушы інісі мен көршілерінің көзінше орын алған......
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Кім жылдам

Ежелгі ойындардың бірі — Кім жылдам?. Ойын аулада, спорт залында, класс комнаталарында ойнала береді. Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан-ұзақ белбеу тастайды да «бір, екі, үш» деп санайды. «Үш дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Ойын жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің мектебім Мектепте кімдер жұмыс істейді? (1 сынып, 2 бөлім )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Менің мектебім. Мектепте кімдер жұмыс істейді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Кейбір сөздерді түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Сөздердің орын тәртібін сақтап айтады ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық деп танылады.
Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмай болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызға жүруге тағы с.с.), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұсқау келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды белгілері:
а) құқыққа қарсылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.
Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.
б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұрса да, біріақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойланған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздықпен жасалған деп танылады.....
Рефераттар
Толық
0 0