Беттегі дақтарға қарсы

Алма сіркесуының теріге тигізер пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Ол тері майының бөлінуін қалыпта ұстайды, бактерияға қарсы күшке ие, сондай-ақ теріні ағартып, жұмсартады.
Оның құрамында өлі клеткаларды жойып, теріні қайта қалпына келтіретін альфа-гидроксильді қышқыл бар. Сондықтан да көптеген қымбат косметикалық құралдардың қоспасында осы компонент кездеседі. Ал алма сірке суында ол әлдеқайда көп мөлшерде болады.
Алма сірке суын қарапайым сумен 1:3 қатынаста (1 қасық сірке суына 3 қасық қарапайым су) араластырып қолданады. Екеуін араластырған соң оған мақтаны батырып, жуынар алдында бетіңізді сүртіңіз.
Ал бетіңізде жастың ұлғаюынан пайда болған пигментті дақтар болса, су мен алма сірке суының қоспасына мақтаны батырып алып, дақтардың үстіне 20-30 минут ұстаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қонақ күту етті табаққа қалай тартады

Қазақ – қонақ күтуге ерекше мән беретін халық. Әсіресе, дастархан басындағы кәде-жоралғыларға әсте естен шығарған емес. Соның ішінде ет асып, оны табаққа тартудың өзіндік тәртібі мен ретін сақтап отырған. Бұл үй иесінің келген қонаққа көрсеткен құрметі деп есептеледі. Сіздердің назарларыңызға бүгін мал етінің мүшелері мен оның табаққа тартылу ретін ұсынамыз.

Бас ірі қарада екі шеке деп аталады.

Жақ ұсақ малда тілмен тұтас жүреді. Ірі малда жақ екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.

Жақ ет, ұрт ет ірі қарада бөлек алынып, қазанға бөлек түседі.

Мойын, алты буын негізінен сыйлы қонаққа, құрметті адамдарға арналған үлкен табаққа салынбайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Ұазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.5 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы этногенез және көп ғасырларлық этникалық үдерістерді түсінеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тілді күнәдан тыю жолдары

«Он күнәнің тоғызы – тілден екен» немесе «Басқа пәле – тілден» сынды аталы сөздерді талай рет естідіңіз. Естідіңіз-ау, бірақ тіліңізді тым болмаса бір күн тыйып көрдіңіз бе? Жоқ? Олай болса, төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:

Ғайбат сөз – теңізді де былғайды...
Аз, алайда әділ әрі тапқыр сөйлеу – Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мінез-құлқы. Алла Тағала оған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан. Аузынан ешқашан жаман сөз шықпаған және айтқан сөзінің артығы не кемі болмайтын Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жөн-жосықсыз сөйлейтіндерді жақтырмайтын, өзіне ұнамсыз бір жайтты жанындағыларға сездіргісі келгенде, оны астарлап жеткізетін. Айша анамыз бір әйелдің бойының қысқалығын айтып қалғанда: «Қой, ғайбат айтпа. Әлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап жібергендей екен», - деп сол мезетте тыйған екен (Ибн Касир).......
Кеңестер
Толық
0 0

БАЛА БОЛМАУДЫҢ 50 пайызы ЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

«Бізде өмір сапасына деген көзқарасты жақсартуымыз қажет. Ерлердің денсаулығын жақсарту үшін эндокринолог, кордиолог, терапевт қатарлы үш-төрт маман бірігіп жұмыс жасауы қажет. Сонда ғана оңды нәтижеге жетуге болады. Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеуі бойынша статистикалық мәліметке сүйенсек бала болмаудың 50 пайызы ер адамға 50 пайызы әйел адамға тиесілі. Ал біз сияқты уролог ғалымдардың болжамы бойынша бала болмаудың 70 пайызы ерлердің үлесінде. Мұндай болжамды ғылыми мақалалар мен Алматыдағы урология институтының деректеріне сүйеніп шығарып отырмыз», - дейді дәрігер.......
Кеңестер
Толық
0 0

Сірке суының қолданысы

✅ Сірке суы – үй шаруасындағы әйелдің таптырмас көмекші құралы. Оны асқа қосып, дәмін келтіруге, дақтарды кетіруге, кір жууда, тіпті жөтелмен күресуде қолдануға болады екен. Әмбебап сірке суының басқа да қасиеттерімен таныс болайық.

✅ Сонымен, әр ас үйде табылатын қарапайым сірке суы сізге мынандай жағдайларда көмекке келе алады:

✅ 1. Арамшөптермен күресте сірке суын қолдануға болады. 40%-дық сірке суын сумен араластырып, арамшөптер көп өскен жерді суарыңыз.

✅ 2. Терлегенде киімде қалатын сарылау дақтарды кетіру үшін дақтарды 10 минутқа ақ ас сірке суына малып қойыңыз. Артынан киімді жуып жіберсеңіз, дақтар оңайлықпен кетеді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі

Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.
♻♻ Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ангинадан тез айығудың жолы

✅ Күн суыта көпшілігіміз баспаның (ангина) зардабын аз көрмейміз. Тамақты «тырнап», жаныңды жейтін бұл аурудан қалай айығуға болады? Әрине, баспаны емдеудің жолы көп. Тек нәтижелісі аз. Көптің көңілінен шыққан, әрі айтарлықтай шығынды қажет етпейтін қарапайым емдеу тәсілдерінің біреуіне назар аударыңыз.

✅ Ол үшін 1 лимон мен бал керек. Егер бал болмаса, оның орнына қоңыр қантты қолдануыңызға болады. Лимонды бөліктерге бөліп, үстіне бал жағып (немесе қант сеуіп), қабығымен қоса жеңіз. Тамағыңыздың ауырғанына 1-2 күн ғана болса, оны емдеу үшін 1 лимон да жеткілікті......
Кеңестер
Толық
0 0

АЛАҚАНЫМЫЗҒА НҮКТЕЛІК МАССАЖ ЖАСАЙЫК

Орындалуы оңай және өте тиімді ем-шара, бар болғаны 5-10 минут уақыт бөлгеніңіз ғана қажет!

1. Бұл массаж қуатты арттырып, шаршаған бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Буындар мен олардың арасындағы байланысын күшейтеді
2. Жұмсақ терілер мен жасаушалардың ауыруын азайтып, жарақаттары болса тез қалпына келуге себеп. Ісіктер болса қайтады.
3. Қан айналымы мен ағзамыздағы зат алмасу барысын жақсартады.
4. Жүрек қантамырларының жұмысын реттеп оны ауырудан сақтайды.
5. Алақанда және буындарында көптеген рефлекторлық нүктелер бар болғандықтан массаждың әсері мен пайдасы жас мөлшеріне қарамастан жоғары дәрежеде.......
Кеңестер
Толық
0 0