Ойландыратын 5 оқиға

1. Ферма қожайыны тышқан аулайтын қақпан қойды. Оны байқаған тышқан көрген-білгенін тауыққа, қойға және сиырға жеткізді. Ал олар болса: «Қақпан — сенің проблемаң! Бізге оның қатысы жоқ! Өз шаруаңды өзің шеш» деп тышқанды сөйлетпей тастайды.

Кешкісін, қақпанға жылан түсіп, фермердің әйелін шағып алыпты. Күйеуі әйелі жақсарсын деп, тауық сойып, сорпа дайындап беріпті. Ал әйелдің жағдайын сұрап келген қонақтарға қой сойыпты. Жағдайы нашар әйел қайтыс болады. Ал садақа өткізуге сиырды сояды.......
Кеңестер
Толық
0 0

Пияз дене қызуын түсіреді

✅ 1. Пияз дене қызуын түсіреді

Әсіресе балалардың денсаулығына пайдасы мол. Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса, пиязды кесіп, алма қышқылына салыңыз. Артынша бірнеше тілімін құлағыңыздың үстіне, нәскиіңіздің ішіне салып қойыңыз. Осылайша денеңіздің қызуы жылдам түседі.

✅ 2. Инфекцияны өлтіреді

Ең алдымен, пияз пастасын дайындау қажет. Ол үшін нанның үстіне сүтті қайнатып құйыңыз. Бетіне пиязды үккіштен өткізіп салыңыз. Артынша жараңыздың үстіне жағыңыз. 2-2,5 сағат тұрса, жеткілікті. Бұл рәсімді инфекция толығымен залалсыздандырылғанша қайталауыңызға болады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Киімге жабысқан сағызды қалай тазалауға болады

Мұндай қолайсыз жағдайға тап болған жан араларыңыздан міндетті түрде табыларына еш күмәнім жоқ. Әсіресе, қоғамдық орындарда киіміне сағыз жабыстырып алып, одан қалай «құтылудың» жолын таппай жататындар көп кездеседі. Ендеше, киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдарын қарастырып көрелік.
Жалпы, сағызды киімнен тазалау үшін ол киімнің материалына, түр-түсіне, сапасына аса мән берген жөн. Мысалы, түсі оңып кететін маталарға сағыз жабысқан жағдайда ацетон немесе спирт, сондай-ақ ыстық суды да қолданбаған жөн.
Тоңазытқышқа салу
Ең оңай, әрі тиімді тәсіл сағыз жабысқан киімді полиэтилен қапқа (пакет) салып, тоңазытқышқа 1 сағатқа қою. Осы уақыт ішінде сағыз қатып, өзі түсіп қалады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектің бағасы аспандап тұрғаны белгілі. Тіпті кейбір дәрілерді алып ішуге қалтамыз көтермей жатады. Мұндай оқиға бәріміздің де басымызда болған шығар. Соны ескере отырып, біз бүгін сіздердің назарларыңызға қарапайым халық кеңестерін ұсынғымыз келіп отыр.

1. Тұмау кезінде денеңіз қатты қызса.

0,5 литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.

2. Басыңыз ауырса.......
Кеңестер
Толық
0 0

Жүзіңізді жайнататын 5 әдіс

Жүзіңіздің іштей жайнауы - сымбатты көрінудің бірден-бір әдісі. Бұл үшін сыртқы күтім де, ішкі жан дүниенің тазалығы да керек.

Сонымен назарларыңызға жүзіңізді жайнататын 5 әдіс.

Ғашық болыңыз

Ғашықтық сезімі ағзамызда небір қызық процесстер бастайды. Мысал үшін, дофамин мен окситоцин шығарылады. Бұл бақыт гормондары теріні қоректік заттармен байытып, оны жайнатады.

А дәрумені

А дәрумені тапшы ағзаның иммунитеті нашарлайды, тері құрғап, қабыршақтана бастайды.......
Кеңестер
Толық
0 0

Күніне 2 литр су ішу дұрыс па

Су – тәтті. Оның дәмі, мөлдірлігі, пайдасын байқай бермейміз. Ағзаны, миды, сананы реттеп, іске береке беретінін, тіпті, мазасыз адамды тыныштандыратынын оның ерекшелігі деп түсінген абзал. Су уақыт талғамайды, бірақ көлем талғайды. Күніне 2 литр су ішу керек деген қағида дұрыс па? Сұрақтың жауабын және судың мүмкіндіктерін бірге анықтап көрейік.
Бізге судың қандай мөлшері керек?
Әдетте көпшілік адам күніне 2 литр су ішуі тиіс дейді. Бірақ барлық адам әртүрлі, олардың ағзасы, салмағы, жас ерекшелігі бірдей емес. 2 литр су ішу керек деп жай айта салу оңай. Дегенмен, кей адамдар суды көп қажет ететін жұмыс жасауы мүмкін. Күніне ер адам мен әйел адамның қанша литр су ішу керектігін анықтайтын мынадай формула бар: ......
Кеңестер
Толық
0 0

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ЕГЕР ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАСАҚ, БІЗ ӘРҚАШАН КЕРЕМЕТ КӨРІНЕТІМІЗ ХАҚ. КЕЙБІР ӘЙЕЛДЕР ҚУЛЫҒЫ МЕН КЕҢЕСТЕРІ БІЗДІ ДЕНІМІЗ САУ ӘРІ ТАМАША ЕТІП КӨРІНІУІМЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.

• Тмин шөбін әрқашан тамағына қосып жейтіндерде, оларды инсульт ешқашан соқпайды.
• Қарапайым сәбіз көз көруін жақсартады және шашқа өте пайдалы.
• Сүзбе ерінді жұмсартады.

• Таңға асқа 150 г жержаңғақ немесе балық тілімі безеуден құтқарады.

• Қой сүтінен жасалынған сүзбе аяқты ретке келтіреді.
• Банан қол терісінің құрғақтығына қарсы ем.
• Бүкіл ағзаны жасарту үшін фенхельді алып, езіп, оған сол мөлшерде бал қосыңыз. Араластырып, таңертең ¼ шай қасық бір ай бойына қабылдаңыз. Көктемде өтк пайдалы.......
Кеңестер
Толық
0 0

Телефон суға түсіп кетсе

Телефон суға түсіп кетсе... Біріміздің болмасын, біріміздің басымызда болып жататын жағдай, бірден өзекті өкініш алып, «не істесем екен?» деген оймен басың қатады. Ашуланбаңыз, саспай, аптықпай, ішкі бөлігін су кірмесі үшін жылдам судан шығарып алыңыз. Телефонды әзірге қоспай тұра тұрғаныңыз дұрыс.

Алдымен, батареясын бірден алып тастағаныңыз жөн болмақ. Мұқият қарап шығыңыз, батареяда немесе батареяның қасында кішкентай ақ қағаз жабысқан болуы керек. Ол су тиген жағдайда қызғылт түске боялады.

Содан соң телефоннан SIM-карта мен жад картасын шығарыңыз. Құлаққап, заряд құрылығысы қосылып тұрмауын қадағалаңыз.
Телефонды шайқаудың мүлдем қажеті шамалы . Оның әсерінен су телефонға таралып кетуі мүмкін.
Енді телефонды ылғал тартатын, құрғақ шүберекпен мұқият сүртіп шығыңыз.
Спирттің де осы тұрғыда пайдасы бар, ол суды ыдыратады.
Шаш кептіргішті қолданбаңыз! Ол суды ары қарай итеріп, кері әсерін беруі ықтимал. Оның орнына шаңсорғышты пайдаланып көріңіз, шаңсорғыштың ылғалды тартып алатын қасиеті бар. Ал телефон бөлшектерінің мықты орналастырылуын байқап қарап алғаныңыз жөн, себебі, оның түсіп қалуы да мүмкін.
Сондай-ақ, күрішке салып, бір тәулікке қоя тұрыңыз. Күріш ылғалды сіңіріп, телефоныңызды құрғатады.

Ал телефонды қосуға асықпаңыз, бір күн күте тұруыңыз қажет.......
Кеңестер
Толық
0 0

Корей қыздарының құпиясы бет терісін тазарту мен ылғалдандыру

Көбіміз корей қыздарының бет терісіне қызығамыз. Бірақ сұлулық сыры олардың шығаратын косметикалық құрылғылары мен маскаларында шығар деп жылы ысырып қоя саламыз да, өзіміздің үйреншікті кремдерімізді жағып жүре береміз. Негізінде корей қыздарының балғын терілерінің сыры – олардың қолданатын құрылғыларынан гөрі, дұрыс күтімінде. Яғни олардың косметикалық құралдарының баламасын біздің елде де табуға болады, мәселе оны ретімен пайдалануда жатыр. Бүгін біз сіздерге теріні дұрыс тазарту мен ылғалдандыру әдістерін үйретеміз. Бұл процедура біраз ұзақ болатындықтан оны көбі ерініп, жасамауы мүмкін. Бірақ мінсіз бет терісін армандайтын қыздар үшін қарапайым әдістерді дағдыға айналдыру түкке тұрмайды деп ойлаймыз.......
Кеңестер
Толық
0 0