Балаларға арналған дәмді әрі пайдалы езбе сорпалар

Езбе сорпалар ағзамыз үшін өте пайдалы. Олардың қоректік қасиеті жоғары әрі тәбетіңізді ашатындай хош иісті болады.

Брокколи езбе сорпасы

Құрамы: 0,5 кг брокколи, 1 пияз, 1 стақан кілегей (майлылығы 10%), 2 стақан су немесе сорпа, тұз, бұрыш.

Дайындалуы: Пиязды тураңыз. Алдын ала қыздырылған майға пиязды қуырып алыңыз. Тұз салынған қайнаған суға немесе сорпаға броккольді салыңыз. Дайын болғанша қайнатыңыз. Ең соңында сорпаға қуырылған пиязды қосыңыз. Дайын болған қоспаны бір қалыпты құрамға келгенше блендерде езіңіз. Дайын болған езбені қайтадан кәстрөлге салып, үстіне бір стақан кілегей, қалауыңызша тұз, бұрыш қосып, қайнатпай, сәл ғана жылытып алыңыз. Езбе сорпа дайын......
Кеңестер
Толық
0 0

Қай дәрумен қай тағамда болады

Ағзамызға С дәрумені жетіспейді, РР дәрумені жетіспейді деген сөздерді жиі естиміз. Ал жеткіліксіз дәруменді толықтыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін білеміз бе? Білмесек, оқиық.

А дәрумені – сәбіз, цитрусты өсімдіктер, кілегей майы, сыр, жұмыртқа.

В1 – жаңғақ, сұлы (овес).

В2 – соя бұршағы, брокколи орамжапырағы, жұмыртқа сарысы, сыр.

В5 – бұршақ, күріш, саңырауқұлақ, бауыр, ет өнімдері. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Бал беттегі қара нүктені кетіреді

Балдың пайдасы ұшан-теңіз. Оны тек пайдалы ас түрінде ғана емес, сұлулықты сақтаушы ретінде де қолдануға болады. Сондықтан бал үйіңізде міндетті түрде тұруы керек.

? Беттегі қара нүктені кетіретін бал маскалары:

5 қасық балға 1 қасық тұз салып, араластырамыз. Қоспаны бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы сумен мұқият жуу керек. Аптасына екі рет жасалады.

1 қасық ас содасын суға қосып ерітіп, 1 қасық бал қосамыз. Масканы бетке 10 минутқа қойып, жылы сумен жуамыз. Маска бетті қара нүктеден, артық заттардан тазартады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ойландыратын өмірлік оқиғалар

1. Бүгін бір әріптесім екіншісін мазақ етті. Әлі күнге дейін көлігің жоқ, жұмысқа қоғамдық автобустармен жүресің деп күлді. Сәлден кейін сол әріптесім банктен несиесін шегере тұруын өтініп отырды. Өмір-ай...
2. Бүгін пациентіме баласының сол қолы кеміс болып туатынын айттым. Ал ол болса: «Мен баламның ерекше жаратылыс болатынын білгем» деді!!!
3. Бүгін бір таныс әйел қызы қайтыс болғанда қалай қиналғаны туралы айтып берді. Қайғыдан қан жұтып, есін көпке дейін жинай алмапты. Өмір тоқтап қалғандай. Жоқтау айтып, жылаудан өзін тыя алмаған. Бір күні түс көреді. Түсіне кішкентай қызы кіріпті. Екі үлкен шелекпен су әкеле жатыр екен. Әр қадамын әрең басып, әлгі шелектерді әупірімдеп қиналыспен әкеле жатқаны анық көрінеді. Анасы одан: «Не әкеле жатырсың?» деп сұрайды. Оған қыз «Сіздің көз жасыңыз, анашым» деп жауап беріпті. Сол түсті көрген соң танысым есін жиып, бекер жылауын тыйыпты.......
Кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0

Көшбасшы болу үшін

Әлемде миллиондаған ақылды адам бар. Бірақ олардың бәрі бірдей беделді болып, қоғамға пайдалы дүние ойлап тапқан жоқ. Адам ақылын шығармашылық ойлау қабілетімен, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ұштастыра білгенде ғана көздеген биігіне жетпек. Әлемге әйгілі көшбасшылардың өмір жолына көз салып, өнеге алайық.

Стив Джобс Apple өнімін шығарарда бала шағында болған мына жай әсер еткен екен. Бірде Стивтің әкесі үй сыртына аула салуды тапсырады. Ауланың ішкі бөлігін ешкім көрмей-ақ, сыртын көргеннен тамсанып, іші де дәл сондай керемет екеніне күмән келтірмейтіндей ұқыпты да әдемі жасалуын қатаң қадағалайды......
Кеңестер
Толық
0 0

Әрбір үйге қажетті дәрілер және алғашқы амалдар

1. Егер жарақат алып қалған жағдайда - иод, зеленка, перекись водорода;
2. Күйіп қалған жағдайда - бепантен, пантенол;
3. Түрлі жарақаттарға - мақта, бинт, лейкопластыр, эластикалық жгут;
4. Ауырсынуды басатын - Но-шпа, темпалгин;
5. Дене қызуын түсіретін - физиологиялық жолмен арақпен дененің лимфа түйіндер орналасқан аймақтарын ысқылау. Егер түспесе парацетамол, терафлю сияқты түрлі дәрілер, бірақ ескеретін нарсе парацетамол, терафлю сияқты дәрілерді қабаттасып қабылдай беруге болмайды. Себебі асқазанға ауырлық түсіп кері әсерін тигізеді. Дене қызуы себепсіз көтерілмейді, ол ауруға деген иммунитеттің жауабы, сол себепті кешіктірмей дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер негізгі ауру көзін анықтап, емін тағайындайды; ......
Кеңестер
Толық
0 0

Диета құрысын қарным ашты

Диета ұстағалы, қарныңыз ашып, ашуыңыз келіп жүр ме? Бұл ағзаның аштыққа қарсы жауабы. Сондықтан қатаң диетаға бірден отырмай, өзгерістерді біртіндеп енгізіңіз.
Тәттіні сүйіп жейсіз бе? Ендеше мынандай ереже ұстаныңыз. Тәттіні тек 13.00-ге дейін жеп үлгеріңіз. Әрине аш қарынға емес. Ми жұмысы белсенді болатын осы уақытта желінген тәтті артық салмаққа емес, миға отынға айналады. Тәтті ретінде қара шоколад таңдасаңыз болады.
Асқа отырмас бұрын, 15 минут қалғанда бір стақан таза су ішу - күнделікті ережеге айналсын. Осылайша ас қорыту жүйеңіздің жұмысы тезірек қосылып, тамаққа тезірек тоясыз. Сондай-ақ ......
Кеңестер
Толық
0 0

Денсаулыққа қауіпті тағам түрлері

Денсаулық – бірінші байлық. Оны сақтап, қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану керек. Ал дүкендердің сатып алушыларға ұсынатын тағамының көбі қауіпті элементтерге толы. Оларға не жатады?

1. Тұзы аз қызыл уылдырық

Бұл да майшабақ секілді ұзақ сақталмайды. Тек мұздатылған не қатты тұздалған уылдырық қана ұзаққа дейін жарамды.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қияр артық салмақтан арылуға көмектеседі

Қияр - әр дастарханның сәнін келтіретін көкөніс. Көпшілігіміз қиярды күнделікті тұрмыста жиі пайдаланғанымызбен, оның пайдасы жайында біле бермейміз. Артық салмақ тастап, терінің әдемілігін сақтап қалғысы келгендер, бұл көкөністі күнделікті пайдаланғаны жөн. Қиярдың бұдан басқа да ағзаға тигізер пайдасы жетерлік. Олай болса толығырақ тоқталып өтейік.

✅ 1. Ағзадағы улы, керексіз заттарды шығарады
Қияр 95% судан құралған. Сонымен қатар қиярдың құрамында ағзаға қажетті дәрумендер (С, В) бар.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ерін далабы арқылы өзіңізді таныңыз

Ерін далабы арқылы өзіңіз туралы білгіңіз келе ме? Олай болса, дәл қазір қолданып жүрген ерін далабыңыздың формасына қараңыз. Төменде көрсетілген ерін далабының түрлеріне өзіңіздің далабыңызды сәйкестендіріп, таңдаңыз.

1. Конус тәрізді

Сізді бәрі жақсы көреді, айналадағы достарыңыз сіз туралы бәрін біледі. Көңіл-күйіңіз құбылмалы, сіздің ақ дегеніңіз – ақ, қара дегеніңіз – қара. Яғни, өзгелерге өз пікіріңізді дәлелдей аласыз. Оған қоса, қоршаған ортаңыздағы мұңайған көздерді тез байқайсыз, оған көмек беруге асығасыз. Себебі, көмекке зәру жанға жәрдем беру – сіздің міндетіңіз секілді. Ал әлемге қуаныш сыйлау – сіздің мақсатыңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0