Қасты ретке келтірудің құпиясы

Қастың бейнені ашатын, не кез келген макияжды құртатын қасиеті бар. Қастың формасына қарай бейнеңіз ойнақылық пен әсемпаздыққа немесе сенімділік пен ішкі рухқа бөленеді. Алайда, қасты ретке келтіру барысында кішкентай құпияны ұмытпаңыз. Бұл - табиғилық. Яғни, қасыңыздың табиғи формасын жоғалтпай, тек ретке келтіріп отырсаңыз, болғаны.

Сонымен, іске кірісейік:

1. Щеткамен (кеуіп қалған тушьтың щеткасын пайдалансаңыз болады) қасыңызды төменнен жоғары қарай тараңыз.(1-суреттегідей)

2. Қастан асып тұрған барлық қылшықтарды кішкентай қайшымен қиып тастаңыз.(2-суреттегідей) ......
Кеңестер
Толық
0 0

Корей қыздарының құпиясы: бет терісін тазарту мен ылғалдандыру

Көбіміз корей қыздарының бет терісіне қызығамыз. Бірақ сұлулық сыры олардың шығаратын косметикалық құрылғылары мен маскаларында шығар деп жылы ысырып қоя саламыз да, өзіміздің үйреншікті кремдерімізді жағып жүре береміз. Негізінде корей қыздарының балғын терілерінің сыры – олардың қолданатын құрылғыларынан гөрі, дұрыс күтімінде. Яғни олардың косметикалық құралдарының баламасын біздің елде де табуға болады, мәселе оны ретімен пайдалануда жатыр. Бүгін біз сіздерге теріні дұрыс тазарту мен ылғалдандыру әдістерін үйретеміз. Бұл процедура біраз ұзақ болатындықтан оны көбі ерініп, жасамауы мүмкін. Бірақ мінсіз бет терісін армандайтын қыздар үшін қарапайым әдістерді дағдыға айналдыру түкке тұрмайды деп ойлаймыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Тұзбен емделіңіз

Күнделікті тұрмыста қолданатын тұздың қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Оның адам денсаулығына тиімді тұстары өте көп. Әсіресе салқын тигеннен пайда болатын аурулардың алдын алуға көмектеседі.

✅ 1. Ангина

1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз салып, күніне бірнеше рет тамағыңызды шайыңыз. Сонымен қатар, 1 стақан жылы суды ½ шай қасық қайнатпа тұзбен араластырып, оған 4-5 тамшы йод қосыңыз. Дайын болған тұнбаны мұрныңызға тамызып, жұтқыншағыңызды жуыңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ми жұмысын арттыру үшін

1. Жаңа орын
Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.

2. Жаңа иіс
Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хош иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз. Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз – бұл миды «оятуға» көмектеседі.

3. Жұмулы көз
Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, душқа түскенде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелеріңіздің сезгіштігі арта түседі......
Кеңестер
Толық
0 0

Әжім кетіретін Сегіз түрлі нәр

1. Қызанақ (помидор). Құрамында дәрумен мол болады, оның ішінде С дәруменінің құрамы көкөніс түрі бойынша алдыңғы орында, ол теріні ұтымды түрде қорғай алады; Ондағы мол А дәрумені терінің серпінділігін сақтап, тері клеткаларының семіп мүйізгектенуінің алдын алады. Қызанақты ұсақтап турап, жаншып шырынын шығарып алып, оған азырақ бал араластырып бетке жақса әжімді тіпті жақсы кетіреді.

2. Мандарин. Мандарин құрамындағы В дәруменінің теріні жию және жұмсарту рөлі болады. Мандаринді қабығымен жаншып, спиртке шылап, үйлесімді мөлшерде бал қосып, бір апта қойып, бетке жақса, теріні жұмсартуға және әжімды кетіруге өнімі болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бөлме гүлін баптау

Бөлменің сәнін келтіретін үй өсімдіктері мен гүлдер ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан оларды аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып тұру керек. Одан өзге гүлдерді өсіру, баптау тәсілі санқырлы. Назарларыңызға бөлме гүлдерін әдемі етіп өсіру мен баптауға арналған кейбір кеңестерді ұсынамыз.

• Бөлме өсімдіктерін бойына қарай ретімен орналастырады. Сонда олардың барлығына ауа мен жарық жеткілікті, өсуі қарқынды болады.

• Жаз мезгілінде күн көзі гүлдерге тікелей түссе, қурап кетпес үшін көлегейлеу қажет.

• Гүл әдемі болып өсу үшін, оған құятын суды 1 күн бұрын ыдысқа құйып, бөлме ішіне беті ашық күйінде қояды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Жеміс-жидек жеу мәдениеті

Жеміс-жидек маусымы басталғалы біраз уақыт болды. Үйде, түзде, мейрамханаларда жеміс-жидек жеудің өз тәртібі бар екен. Егер үйде жеміс-жидек жеп жүрсеңіз, бұған бейресми деп атау берейік. «Бейресми» әдісте қолмен жей береміз, ал ресми отырыстарда ше?

Алма мен алмұрт. «Бейресми» кезде алманы қолмен жей береміз. Ал үлкен дастарханда, салтанатты жиында жеміс-жидек тәрелкесіне салынып әкелінген алманы жеу тәртібі бөлек екен. алманы не алмұртты жемес бұрын олардың қабығын спираль бойымен аршиды. Сонымен қатар, тұтас алманы не алмұртты төртке бөліп, сыртын тазалап, өзегін алып тастайды. Тазаланған жемісті қолмен не жеміс жеуге арналған шанышқымен жейді. Ал ұсақ алманы қолмен жей береді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Күйік шалғандағы халық емі

Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.

✅ Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.

✅ Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.

✅ Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы кеңес-ағылшын қатынастары (1939-1941ж.ж)

КІРІСПЕ
Екінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болған фашистіктің екінші ошағы Германияда пайда болды. Бұл агрессиялы саясатқа Италияда біріккен болатын. Сөйтіп Үштік одақ құрылуына себеп туғызып, құрамына Жапония , Италия және Германия кірді.
Германия мен Италия ортақ мәмлеге келіп, 1936 жылы келісім шартқа қол қояды. Ал дәл сол жылдың қараша айының 25-і жұлдызында Германия Жапониямен Коммунистік Интернационалға қарсы пактіге қол қояды, бұл шартты Италия да жөн көріп қолдайды. 1938 жылғы 30 қыркүйекте Мюнхен конференциясына Чехословакия елінің өкілінен басқа , Гитлер , Италиядан Муссолини Францияның премьер-министрі Даладьде және Ұлыбританияның премьер –министрі Чемберленнің қатысуымен өтілді. Онда Чехославакиядан Судетскке дейінгі аймақты күшпен алып, сонымен бірге Венгрия мен Польшаны Германияғаберу жайлы келісім жасалды. Сөйтіп 1938жылдың 15 наурызында Германия Чехословакияға басып кіреді. Ал сол жылдың 22 наурызынла агрессивті саясатын Литваға бұрып Клайпед ауданын тартып тартып алады . ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Көк шайдың пайдасы қандай

Көк шайдың денсаулыққа пайдасын жапондықтар мен қытайлықтар бірнеше жыл бұрын білген. Жұпар иісті сусын ағзамызға, сымбатымызға қаншалықты пайдалы?

Мықты антиоксидант

Құрамындағы EGCG атты мықты антиоксидант онкологиялық аурулардың алдын алады.

Артық салмақтан арылтады

Көк шайды жиі ішіп тұрсаңыз, ағзаның ас қорыту қызметі жақсарады. Сондай-ақ іштегі майды кетіретін қасиеті тағы бар. Құрамында ақуыз мол болғандықтан, өте тойымды сусын саналады.......
Кеңестер
Толық
0 0