Бірде қаладағы колледждердің бірінде 4 жыл оқып танысқан, екі дос болыпты. Біреуі клуб, түңгі көше дегеннен аулақ жүретін, ай сайын оқудағы айлық бағаларын тапсырып тастап, өз ауылына асығатын қарапайым ауылдың жігіті екен. Ал екінші дос керісінше - клуб, көше, әр қыздармен жүру баққаны, ал ауылдық жерді жақтырмайтын қаланың жігіті екен. Ауылдың жігіті - сабақ үлгерімі нашар болыпты, бірақ қарапайым ауылдың жұмыстарына қолы епті екен, ауылында мал бағып, егін егіп күн көреді екен. Ал қаланың жігіті керісінше - сабақ үлгерімі жақсы болыпты, айлық бағалары толған 5 екен, бірақ 5 болғаны не керек - ай сайын ақша қыстырады екен, жұмыс жасауға икемі жоқ, баққаны оңай олжамен ақша тауып, бар ақшасын қайдағы жоқ клубтармен қыздарға береді екен. Ауылдың жігіті - 1 айға тамағы мен киіміне жететін қарапайым 10000 теңгесін таба алмай жүрсе, қаланың жігіті мұндай ақшаны күнде әр нәрсеге бәс тігіп, тектен-текке ақшасын шашады екен. Қаланың жігіті өте таккаппар екен, қалтасында 100000-даған ақшасы жатсада, досына көмекке 1000 теңгесінде бермейді екен. Сөйтіп өмір өтеді... Сағаттап күндер өтеді, айлап жылдар өтеді. 4 жыл зу етіп өте шығады... ......
Бұлыңғыр күнде тынбай себелеген ақ жауын. Жер қара, дүние бозғылтым. Балдағын тас еденге тақылдатып Атымтай перронға тағы шықты. Жел тұрып, суық жаңбыр енді бетінен қарсылай шапалақтады. Мойнына сорғалаған жаңбыр суын елемей, ол поезд келетін батыс жаққа тесіле қарады. Келетін мезгілінен кешіккеніне үш сағаттан асып барады. Семафорға дейін ештеңе көрінбеді. Атымтай ақырын күрсінді де вокзалға қайта кірді. Әйелі Бибіғайша поездың жоғын ерінің томсарған қатыңқы реңінен байқады да, теріс бұрылып кетті. Жанында тұрған анасына таңдана, үрке қараған балдырған бөбегі Хасенді көтеріп алып, бауырына қыса, қайта-қайта бетінен, маңдайынан, тамағынан құшырлана сүйе бастады. Еріне қарағанда әйелдің бетінде қаншалық қайғы көрінсе, баласын сүйгенде оның жүзінен соншалық шаттық аңғарылады. Қайғысы, қуанышы аралас ұлан-асыр шаттық! Атымтай әйелінің мұндай түрін көруге шыдай алмай, далаға қайта шығып кетті. Әйелін, баласын осы шулы облыстық қаладан тез-ақ алып кетуге бар, әттең, поезд келмей-ақ қойды.
Рота командирі Атымтай Батыс-Теріскей майданында төрт жыл өмірін өткізді. Жеңіс күнінен бір жеті ғана бұрын аяғынан қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен. Содан сентябрь айында ғана жазылып шықты. Кеудесі орден мен медальға толған жаралы ер соғыстан бұрын өзінің кен бұрғышысы болып жұмыс істеген руднигіне бармай, осы облыстық қалаға бірден тартқан. Оған себеп: өзі әскерге кетісімен туған бөбегін алып әйелі осы қалаға көшкен-тін. Атымтайдың бұл сапары — сол әйелі мен баласын іздеп келген беті. .....
Жарыс алдында салмағын есептейтін кезде спортшылар бір күн ішінде артық салмақтан арылып үлгеруге тырысады. Осы секілді бойжеткендер де бір күн ішінде арықтағысы келетін кездер болады. Киетін киімінің сыймай қалуы себеп болуы мүмкін. Кезекті материалымызды 1 күн ішінде 2 кг салмақтан арылу тәсілдеріне арнауды жөн көрдік.
1 күн ішінде 2 кг салмақтан арылуға болады. Ең тиімді тәсіл деп «ашығуды» айтамыз. Адам баласының ағзасы бір күн аштыққа шыдай алатындай құрылған. Тіпті бір апта сусыз, екі ай тамақсыз өмір сүре алады екен. Егер сусыз жүре алмаймын деп ойласаңыз, тек тағамдардан бас тартуыңызға болады ......
Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын мүлік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар фигураңызға қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді.
Диета сүйер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер етеді. Егер сіз сұлулық, мықты денсаулық пен жоғары интеллектті өзіңіз үшін маңызды деп санасаңыз, миыңызды «тамақтандыруда» абай болыңыз. Өйткені, ешбір дене жаттығуы және интеллектуалды жаттығу зиянды тағамдардың әсеріне төтеп бере алмайды. ......
Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын м 199;лік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар фигураңызға қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді.
Диета с 199;йер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер етеді. Егер сіз сұлулық, мықты денсаулық пен жоғары интеллектті өзіңіз 199;шін маңызды деп санасаңыз, миыңызды «тамақтандыруда» абай болыңыз. Өйткені, ешбір дене жаттығуы және интеллектуалды жаттығу зиянды тағамдардың әсеріне төтеп бере алмайды. ......
Қазақ халқында келіннің отбасындағы рөлі мен орны өзінше бір бөлек. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» дейді ата-бабаларымыз. Ұлын ұяға қондырып, шаңыраққа келін түсіру өмірдің ең маңызды ісі саналады. Өйткені ұл өсірген ата-ана үйге келіп түсер келіннің қандай боларына қам жейді. Бойжеткен сүйгені өскен шаңыраққа бас сұғып, табалдырығын аттаған күннен бастап өзінің келін екенін сезінгені дұрыс. «Қызымдай көремін» деген сөзге мастанбай, келіннің қыздан да адал боларын дәлелдеңіз. Осы себеппен біз бүгін cіздерге болашақта өнегелі де, ибалы келін болсын деген мақсатпен «Келін қай қылығымен сүйкімді?» деген тақырыпты ашпақпыз. Келіннің бойыннан қандай жағымды қылықтар табылуы керек?......
Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі: - Ұлым, дәретте отырғаныңда сөйлейтініңді байқадым. Мұның - жаман әдет, - дейді. - Онда тұрған не бар, әке? - дейді. - Әрбір сөзді жазып алатын екі иығыңда екі періште отыр. Оның атын кітапта "Кироман-Катибин" дейді. Періштелер - өте пәк жаратылыс. Адам әжетханаға кіргенде, олар лас жерге кірмей тыста тұрады. Сен әжетханада сөйлесең, періштелер сөздерді жазу үшін амалсыз шайтанның үйіне кіруге мәжбүр болады. Бұл - Құдайға ұнамайтын қылық, - деді әкесі. Бала жаман әдетінен тыйылыпты. "Әжетханада сөйлеуге болмайды" деген ырым осыдан қалыптасқан екен.......